Ұстаз тағылымы



бет1/2
Дата01.09.2022
өлшемі52,96 Kb.
#148598
  1   2
Байланысты:
Б.Ә.Сайлыбаев ұстаз тағылымы
O u-sauattyly y, O u-sauattyly y, O u-sauattyly y, XIII-XVII ғғ. ҚАЗАҚСТАН 5



ҰСТАЗ ТАҒЫЛЫМЫ


Д. Биманов
«М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің» КМҚК
Қызылорда қаласы


Аннотация. Мақала мазмұнында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә. Сайлыбаевтың өмір жолы, педагогика саласындағы авторлық идеялары мен ғылыми тағылымы ұсынылады. Білім мен тәрбиені басқару жүйесі және білім менеджменті қарастырылады.
Түйін сөздер: білім менеджменті, білім мен тәрбиені басқару жүйесі, үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру.

Белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаев – бүкіл өмірін ғылым мен білімге арнаған жан. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, адамгершілік пен адалдықтың айнасы, асыл азамат, парасатты тұлға, келешегі кемел жастарға қамқоршы, жанашыр, білікті де ардақты ұстаз бола білген Бақытжан Әбдіқалықұлының дүниенден озуы оның игі істерін білетіндердің қабырғасын қайыстырды. Ол жылдар бойы өз шәкірттерімен бірге өсті. Өнер мен білімнің жанашыры болды. Жан сұлулығы мен парасатты болмысынан еш айнымады.


Осы бір асыл ұстазымыздың өмір жолы, авторлық идеялары мен ғылыми тағылымы – біздерге өшпес өнеге болды. Оның педагогикалық және өшпес мұралары халқымыздың педагогикасы тарихында мәңгі сақталады.
Қатардағы қарапайым мұғалімнен бастап, білім саласындағы басшы қызметкер деңгейіне өскен халық мұғалімінің құпиясы неде болды? Құпия кілті - нұрлы ақыл, ыстық жүрек және қажымас қайратты бір бағытқа – бала тәрбиесі мен білімі саласына жұмсай білгендігінде жатқан еді [1].
Бақытжан Әбдіқалықұлы 1955 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келді. Мектеп жасынан білімге құштарлығын, еңбекқорлығы мен табан­дылығын көрсетті. 1976 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. Өзі оқып, білім алған Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтында жұмыс істей жүріп, Мәскеудегі СССР Педагогика ғылымдары академиясының аспирантурасын бітіреді. Сол жерде өзінің ғылыми диссертациясын қорғап, оқу-әдістемелік салада белгілі маман ретінде танылады [2].
1976 – 1981 жылдары Қызылорда қаласындағы орта мектептерде мұғалім, мектеп директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1981 жылы Қызылорда педагогикалық институтының бастауыш сыныптарға білім берудің педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында оқытушы, 1991 жылы Қызылорда гуманитарлық университетінде, 1998 жылы Қызылорда мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, 2003 жылдан университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді. Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі болды [3].
Облыстық білім басқармасының басшылығын атқарғанда оқушыларының білім дәрежесі республиканың үштігіне еніп, жоғары көтерілді. Түлектердің Ресейдің беделді оқу орындарында оқуына жол ашылды. Бұл жұмыс ғалым, білгір педагог, ұстаз Б.Сайлыбаевтың, сол салада еңбек етіп жүрген білім қызметкерлері мен мектеп директорларының, ұстаздардың ерен еңбегімен іске асты. Оқушыларының білім дәрежесі өсуімен қатар грантта оқитындар көбейді [4].
Бақытжан Әбдіқалықұлының еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет ордені» берілді. Республикаға белгілі іргелі оқу ордасы дәстүрі, тарихы бай М.Мәметова атындағы колледжді басқарып, жемісті еңбек етті. Оқу орнының жұмысын жолға қойып, күрделі жөндеу жүргізіп, қыруар іс жасады. Өмірінің басты кезеңі – зейнет жасында Бақытжан Әбдіқалықұлы саяси – белсенді азамат ретінде қызметін облыстық Қоғамдық Кеңестің төрағасы ретінде жалғастырды [5].
Б.Ә. Сайлыбаев 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбек жазған. Педагогика саласында үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың ғылыми негіздеріне зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірқатар кітаптар шығарған. Авторлық идеясы үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқару болашақ мұғалімдердің қоғам талабына сай кәсіби дамып, жетілуіне септігін тигізеді [6].
ХХІ ғасыр ақпарат пен білім ғасыры болғандықтан Қазақстандық білім беру жүйесін халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу мақсатында білім сапасын жоғарылату, адами капиталға инвестициялар жасау мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізіне айналуда. Болашақ мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байла-нысты болады. Қазіргі заманда педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаз ғана бәсекеге қабілетті ұстаз бола алады. Ал бәсеке қабілетті ұстаз - жаңа ғылыми білімдерді іздестіруге, меңгеруге дайын, тез және дұрыс шешім қабылдай алатын, өзінің кәсіби қабілеттеріне сенімді, шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады [7].
Осы тұрғыда үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруға қажеттіліктің артуы мен бүгінгі дәстүрлі білім беру жүйесінде бұл мәселеге әлі де болса өз деңгейінде назар аударылмауы арасында; үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқаруды жаңа сапаға көтеруге байланысты талаптардың артуы мен оны жүзеге асыруға байланысты ғылыми теорияға негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалды. Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын анықтауға Б.Ә. Сайлыбаевтың ғылыми еңбектері шешімін тапты деп айтуға болады [8]. Зерттеу барысында сонымен бірге педагог кадрлар даярлау жүйесін, яғни, үздіксіз педагогикалық білім берудің кезеңдерін: кәсіпке дейінгі даярлықты, көпдеңгейлі кәсіби білім беруді, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруді басқарудың біртұтас субъектісі ретінде де қарастырды. Бұл үздіксіз кәсіби білім берудің барлық кезеңдеріндегі біртұтас педагогикалық үдеріс субъектісі болып табылатын, сабақтастық негіздегі басқарудың жаңа парадигмасының қажеттілігін туындатады (Сурет 1) [9].





Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың әдіснамалық негізін жасау, зерттеудің категориялық аппараты мен ұғымдардың түсіндірме сөздігін жасауға, себеп-салдарлық байланыстарды ашуға, ғылыми теория мен практиканың өзара әрекеттесуінің мән-мағынасын түсіну үшін ғылыми-негізделген тәсілдер қолдануға, үздіксіз білім беру жүйесінде мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың жалпыланған (абстрактілі) моделіне көшуге мүмкіндік береді [10].
Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын жүзеге асырудың механизмін сабақтастықтың осындай қарапайым актісінің мысалынан байқауға болады. Сабақтастықпен басқару технологиясының құрамында он алты компонент көрініс алады: мотивациялық, мақсаттылық, интеллектуалдық, танымдық, жоспарлық, болжамдық, ұйымдастырушылық, орындаушылық, ақпараттық, талдау, бақылау, диагностикалық, аналитикалық, эксперттік, реттеушілік, түзетушілік (Сурет 2) [11].
Мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясын талдаудың негізінде оның тізбегіндегі диалектикалық терістеу дамудың негізі болып табылады. Өткеннің қазіргі шақпен және болашақпен байланысының әдісі деп мұғалімдер даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы - басқарудың белгілі бір элементтерін терістеу, сонымен бірге тиімді басқару әрекеттеріне көшуге және жоспарланған оң нәтижеге тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік беретін жағымды нәрселердің барлығын сақтап қалу және көбейту үдерісі деп қорытынды жасауға болады [12].
Сонымен, мұғалімдерді даярлауды сабақтастықпен басқарудың технологиясы әртүрлі кезеңдердегі (кәсіпке дейінгі даярлық, көпдеңгейлі кәсіби білім беру, кәсіби біліктілікті жетілдірілу) басқару кешендерінің (стандарттар, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары) бір-бірімен сабақтастық байланыста болатындығымен, ал қойылған міндеттердің шешімі басқару әрекеттері мен тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының сабақтастығының көмегімен жүзеге асырылатындығымен сипатталады [13].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет