Ҧстаздарға арналған басылым редакциясы «білім жолы нұрлы жол»


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЙЫРҒЫ ӚЛШЕМДЕРІ



Pdf көрінісі
бет54/91
Дата11.06.2020
өлшемі1,26 Mb.
#73099
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91
Байланысты:
Топтама-Казан-2018 (1)

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЙЫРҒЫ ӚЛШЕМДЕРІ 

 

Имантаева Гүлшат Сағитбекқызы 

 Ақтӛбе облысы, Ырғыз ауданы Ӛ.Қанахин атындағы орта мектебінің  

матемаика пәнінің мұғалімі  

 

Біздер,  қазіргі  заман  ӛкілдері  ӛз  тұрмыс  тіршілігімізді  математикалық  шамалармен,  олардың 

ӛлшем  бірліктерімен  байланыстырмай  елестете  алмаймыз.  Мӛлшерсіз  дүние  жоқ.  Әлемнің  де, 

табиғаттың  да  ӛзіндік  жарасымды  ӛлшемі,  мӛлшері  бар.  Ӛлшем  —  ӛндірілетін  ӛнімдердің, 

күнделікті  тіршілік-тұрмысқа  қажетті  заттардың  сандық  және  сапалық  кӛрсеткіші.  Шамалар 

ұғымымен  біз  күн  сайын  кездесеміз.  Сабақта  болсын,  тұрмыста  болсын  немесе  ғылым  мен 

техникада  болсын  шамаларды  ескермей  қадам  баса  алмаймыз.  Ӛлшемнің  ұзындық,  қалыңдық, 

кӛлемдік,  сондай-ақ  жол  сапарға  байланысты  қашықтық  мӛлшері  бар.  Шамалардың  барлығы 




57 

 

есептеуді  қажет  етеді,  немесе  есептеуге  арналған  болғандықтан,  шама  дегеніміз  математикалық 



ұғым болып табылады. 

Қазір кез келген шаманың Халықаралық бірліктер жүйесіне сай бірлігі бар, соларды күнделікті 

тұрмыс  барысында  да,  ғылым  мен  техникада  да  қолданып  келеміз.  Мысалы:  массаның  бірлігі 

килограммм (кг) немесе грамм (г), ұзындықтың бірлігі метр (м), километр (км), т.с.с. Бұл бірліктер 

біздің  ӛміріміз  бен  тұрмысымызға  қайнасып,  кірісіп  кеткен,  тіпті  олардың  қай  тілден  кіргені, 

қашанан  тілімізге  кіргені  жайлы  ойланып  та  жатпаймыз.  Бұл  шамалардың  бірліктерінің  барлығы 

тілдік  қорымызда  кірме сӛздерге  немесе  терминдерге жатады.  Сонда  біздің  ана  тіліміздегі  сӛздік 

қорларында  шамалар  бірліктері  болмаған  ба  деген  сұрақ  туындауы  да  мүмкін  ғой.  Немесе  ата 

бабаларымыз  ешқандай  ғылыммен  айналыспаған,  математика-жаратылыстану  ғылымдары  бұл 

халыққа жат болған деген ой кіруі де мүмкін ғой. Ал қазақ тілінің сӛздік құрамында шамалардың 

алуан түрлі бірліктері кездеседі. 

Қазақ  халқы  баланы  тәрбиелей  отырып,  олардың  танымын  кеңейткен.  Халық  ӛз  бойындағы  ең 

жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. 

Ата-бабамызда  бұл  замандағыдай  дәл  ӛлшейтін  аспап-жабдықтары  болмаған.  Қазақ  халқының 

ӛмірі  мал  шаруашылығы,  егін  егу  болғандықтан  ертеректе  осы  шаруашылықтарға  сай  ӛлшем 

бірліктерін  дене  мүшелері:  саусақпен,  аяқпен,  қолмен,  буынмен  ӛлшеудің  әдістерін  меңгерді. 

Бұнымен бірге судың тереңдігін,кӛлем ӛлшемдерін, уақытты ӛлшей білген. Ата-бабаларымыздың 

ғасырлар  бойы  жинақталған  тәжірибесінің  ұрпақтан-ұрпаққа  үздіксіз,  ӛңделіп,  жаңарып  жетуі 

нәтижесінде ӛлшеудің ӛзіндік халықтық жүйесі қалыптасты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет