Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»


Сегізінші топтың d-элементтері (VIIIВ тобы-Fe,Co,Ni,Ru,Rh,Pd,Os,Ir,Pt) туралы түсінік



бет77/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

85.Сегізінші топтың d-элементтері (VIIIВ тобы-Fe,Co,Ni,Ru,Rh,Pd,Os,Ir,Pt) туралы түсінік.

VIIIB топшасы элементтері периодтық жүйеде ерекше орын алады: онда

9 d – элемент 4-ші, 5-ші, 6-шы үлкен периодтың үш триадасын құрайды.

Fe, Co, Ni – темір топшасы және екі триада платина металдарына жатады:

Ru, Rh, Pd және Os, Ir, Pt.

Темір топшасы элементтерінің валентті электрондары: Fe …3d64s2 ; Co …3d74s; Ni…3d84s. Fe – Co – Ni қатарында атомдардың ядро заряды артқан сайын d – деңгейшедегі жұптаспаған электрондар саны азаяды және төменгі тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы артады.

Ерекшелік: а) Со пен Ni валенттілік электрон саны топ номерінен үлкен; б) бұл элементтер топ номеріне сәйкес валенттілік көрсетпейді; в) бір топшада горизонтальды 3 элемент орналасқан.

Атомдық радиустары, нм 0,126; 0,125; 0,124

И.э., в 7,89 7,87 7,63

ЕЭ2+/Э,В -0,44 -0,277 -0,25


Бұл көрсеткіштерден 3 элементтің қасиеттері жақын екендігі көрінеді. Бұл элементтерге тән тотығу дәрежелері +2,+3. Темір үшін +3 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстар тұрақтырақ. dболғанда берік конфигурация болады, темірде тек 1 ғана артық электрон болғандықтан 3d64s, ал кобальтта 2 электрон артық 3d74s, сондықтан +3, +2 қосылыстарының тұрақтылығы бірдей, ал никельде +2 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстары тұрақты. Темірдің максимал тотығу дәрежесі +6, Co +5, Ni +4, бірақ Co 5 + және Ni 4 + сәйкес қосылыстары әлі белгісіз. Бұл элементтерге тотығу дәрежесі « ноль» болатын карбонилдер белгілі [Fe(CO)5] – бейтарап комплексті қосылыстар.

Кездесу: Темір табиғатта таралуы бойынша O2, Si, Al, Fe - төртінші орында. Оның мөлшері 5,1%. Кобальт пен никель жер бетінде көп таралған элементтер, бірақ азырақ. Fe мен Ni негізгі массалары жер ядросында. Темір оксид, сульфид ретінде: Fe3O4- магнетит, Fe2O3-гематит, Fe2O3×H2O -лимонит, FeS-пирротин, FeS2-пирит, сонымен бірге FeAsS -арсенопирит, FeCO3-сидерит ретінде кездеседі. Метеоритте, вулкандарда темір бос күйінде болады. Co, Ni көбінесе бірге кездеседі. Co,Ni көбінесе сульфидті қосылыс түзеді: СоAsS – кобальтин, NiAs – никелин, NiAsS – герсдорфит, мышьяк-никель жылтыры.

Алу: Оксидті кендерінен карботермиялық , алюмотермиялық әдістермен тотықсыздандырып өндіреді: Fe2O+3C→2Fe+3CO карботермия (кокс);

Fe2O+ CO→2Fe+3CO; Fe2O+ 2АІ → 2Fe + АІ2О3

Темірді оксидтерінен сутегімен тотықсыздандырып алады:

Fe2O+3Н2 → 2Fe+3Н2O.

Таза темірді темірдің пентакарбонилін термиялық айырып:

Fe(CO)= Fe + 5CO және FeCІ2 ерітіндісінің электролизі арқылы:

Fe + СІалады.

Сульфидті, арсенидті кендерін алдымен оксидтерге айналдырады . С, СО тотықсыздандырғыш ретінде қолданылатын себебі темір орташа активті металл.Оксидтер домна пештерінде тотықсыздандырылып, шойын алынады (~4% С болады). Мартен,бессемер, томас әдістерімен шойынды болатқа айналдырады (~1,4% С болады).

Кобальт пен никельді оксидтерін сутегімен, кокспен, алюминиймен, кремниймен тотықсыздандырып, карбонилдерін айырып, тұздарының сулы ерітінділерін электролиздеп, алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет