Стехиометрия заттардыңарасындағымассалықжәнекөлемдікқатынастардықарастыратынхимияныңбөлімі. «Стехиометриялықмөлшер»


Азот,оның қасиеттері,оксидтері,қышқылы. Аммиак және аммоний тұздары



бет79/93
Дата26.01.2022
өлшемі302,24 Kb.
#129907
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93
Байланысты:
химия жауаптар емтихан

86.Азот,оның қасиеттері,оксидтері,қышқылы. Аммиак және аммоний тұздары.

Азот ( гр. ázōos – тіршіліксіз; латын. NitrogeniumN) — химиялық элемент – түссіз, иіссіз, дәмсіз – суда аз еритін газ. Бұл элемент аминқышқылдарының амидтердің ақуыздардың-нуклейін қышқылдарының-нуклеотидтердің және өмірде өте маңызды басқада көптеген органикалық қоспалардың құрамына енеді.[2] N – элементтердің периодты жүйесінің V тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі – 7, атом салмағы – 14.0067. Табиғатта екі изотопы кездеседі: 14N (99.635%)15N (0.365%).

Азоттың оксидтері— азоттың оттекпен қосылыстары. Азот тотығы (монооксид), NO — түссіз газ; қайнау t — 151,8oС, балқу t — 163,6С; қосып алу, тотығу реакцияларына бейім. Азоттың шала тотығы (гемиоксид), N2O — түссіз газ; қайнау t — 89,5oС, балқу t — 102,4oС. Сумен, қышқылмен, сілті ерітінділерімен әрекеттеспейді, тотықпайды. Медицинада наркоз (“шаттандырғыш газ”) ретінде пайдаланады. Азоттың қос тотығы (диоксид), NO2 — қоңыр түсті газ, қайнау t — 21,15oC, балқу t — 11,2oС. Ол азот қышқылын өндіру үшін және сұйық ракета отыны мен қопарылғыш заттардың тотықтырғышы ретінде пайдаланылады. Азотты ангидрид, N2O3 — қоңыр қызғылт түсті газ, қайнау t — 13,5oC; балқу t — 102oС; сумен азотты қышқыл (HNO2), сілтілермен нитриттер түзеді. Азот ангидриді, N2O5 — түссіз кристалл, сумен қосылып азот қышқылын (HNO3) түзеді. Жалпы азот оксидтері — физиологиялық актив заттар. Сондықтан ағза үшін зиянды. Азот әр түрлі оксидтер түзеді:

N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5

N(I) және N(II) оксидтері тұз түзбейтін оксидтер, қалғандары қышқылдық оксидтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   93




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет