Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін ғылым. Оның негізгі



Дата09.12.2023
өлшемі9,25 Kb.
#196003
Байланысты:
Стилистика Абдибек Дариға 1билет (1)


1.Стилистика пәнінің нысаны, қарастыратын мәселелері
Стилистика – тіл білімінің бірсаласы. Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін ғылым. Оның негізгі зерттеу нысаны – стиль, сондай-ақ әдеби тілдің стильдік тармақтары, сөздердің сөз мағыналарының, грамматикалық тұлға тәсілдердің стильдерге тәндігін, олардың қолдану заңдылықтарын, эмоциялық мәндерін т.б. бейнелегіш құралдарды қарастырады. Стилистика сонымен қатар фонетикалық құбылыстарды – сөз, сөйлемдерге тән ырғақ, интонация, дыбыс үйлесімі, дыбыс әуенін белгілі стильдік мақсатқа лайықтап жұмсау жүйесін тексереді.
Стилистиканың мақсаты ойды қайткенде дәл, айқын, әсерлі, көрікті көркем етіп айтуға тиісті жақтарын, соларға тән тілдік тәсілдерді анықтау және стильдің дамуын әдеби тіл тарихымен ұштастыра қарастыру. Сонымен бірге, көркем әдебиет тілінің дамуын, әдеби тілінің жасалу тәсілін, араласу жанрларын да зерттейді.
Бұдан басқа тілдің экспрессиялық құралдарын, сөйлеу фигураларын және троптарды зерттейді.Стилистика - тіл материалдарын мағынасына, әсеріне қарайпайдалана отырып, ойды дәл, анық және тартымды етіп жеткізе білу үшін қолданылатын құралдары туралы ілім.
2.Тілдің өмір сүру формаларының түрлері
Тілдің өмір сүру формалары
табиғи тілдің түрлері; белгілі әлеуметтік, аймақтық немесе кәсіби ортада қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі.
Әдеби тіл формасы өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуінің нәтижесінде дамиды. Әрі бұл форма қоғамда сөздері үлгі ретінде ұғынылатын біртуар жазушылардың, публицистердің, қоғам қайраткерлерінің үлес қосуымен қалыптасады.
Aуызша және жазбаша формалар
Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл оған бағынышты болады. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал жазбашасын қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қолданады. Ауызша тілдің мүмкіндігі жазбашамен салыстырғанда ақпаратты беруде, түсінікті, тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең.
Әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формалары
әдеби тілге қарсы қойылады. Оларға ең алдымен әлеуметтік диалектілер, әлеуметтік жаргондар жатады.Әлеуметтік диалект
белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби диалектілер жатқызылады.Әлеуметтік жаргон
белгілі бір әлеуметтік топтардың ауызша сөйлеуінде қолданылатын пәс, төмендетілген, экспрессивті (айрықша, құлаққа тосын, ерекше қолданылатын сөздер) тілдік бірліктердің жиынтығы.
Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы. Ең алдымен территориялық диалектілер (наречие, говор, подговор). Территориялық диалектілер этникалық ұжым қолданылатын ұлттық тілдің варианттары (нұсқалары).
-Территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формаларына ареалдық тіл де жатады.
3.Әдеби тіл туралы түсінік, анықтамасы


Әдеби тіл дегеніміз не? деген сұраққа бірқатар қазақ тілі мамандары орыс әдеби тілінің ұлттық немесе қазіргі дәуіріне сай келетін анықтама мен белгілерді келтіріп жауап беріп келді. Мәселен, "Қазақ әдеби тілі тарихы" атты 1968 жылғы оқулық авторлары "Әдеби тіл дегеніміз - жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл" деген анықтамабереді де, тілдің әдеби болуы үшін төмендегі белгілердің болуын міндетті деп санайды:


1) Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады;


2) Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек;


3) Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек / "тілдің стильдік жүйелерінің саралануы - тілдің әдебилігінің басты белгісінің бірі"/;


4) "Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл". "Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі", "тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі. Солай бола тұрса да, әдеби тіл деген
әдеби тіл дегеніміз қандай тіл дегенде, негізінен, оның үш қасиетін баса көрсеткен жөн. Біріншіден, жергілікті диалектілер мен қарапайым сөйлеу тіліне қарағанда жалпы қауым "дұрыс" деп тапқан нормасының болуы; Екіншіден, сол нормалардың қоғам мүшелерінің бәріне бірдей міндеттілігі; Үшіншіден, оның қоғамды ұйымдастырушылык яғни, қоғамның рухани, мәдени қажетін өтей алатындай әлеуметтік қызмет атқаруы.
ӘДЕБИ ТІЛ — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана. Әдеби тіл болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет