Стилистика ғылымының Қазақ ЖӘне әлемдік тіл білімінде қарастырылуы



Дата13.09.2023
өлшемі3,17 Mb.
#180985
Байланысты:
Company
Грек-Рим (1), сәнім-5-тт, сәнім-тт-3ай, тус

СТИЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТІЛ БІЛІМІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
ҚР ғылым және білім министірлігі
Абай атындағы ҚазҰПУ
Филология институты
Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Орындаған: Сапарбай Мерей
Қабылдаған: Иманкулова М.А
Стилистика – ең алдымен, стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принцептерін айтамыз.
Жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы, сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың анағұрлым жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және тұрмыстық салалар жатады.
Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызмет үйретеді.
Стилистика, стиль ұғымының мәні тілдің коммуникативтік аспектісімен, тілдің қолданысымен, қызмет ету жағдайымен тығыз байланысты. Бұл мәселеге көңіл бөлу 19 ғасырдың аяғы 20 ғасыр басындағы тілші ғалымдардың еңбектерінен бастау алады: В.Гумьбольд, Фердинанд де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокур т.б.
Қазақ тілінің стилистикасын зерттеуде М. Балақаев,Б.Манасбаев, Томанов, Жанпейісов, Р.Әміров, А. Ысқақов, Ф. Мұсабекова, Р. Сыздықова, М.Серғалиев, Д.Әлкебаева, Ә. Хасеновтіңжәне соңғы жылдары А. Мырзахметқызы, О.Бүркітов, С. Қоянбекова т.б. ғалымдар мен ізденушілерді айтуымызға болады.
Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынған. Бұл жөніндегі еңбектер де жарияланып келеді. Әсіресе осы салада өнімді еңбек етушілер деп А. М. Пешковский, Л.В. Щерба, В.Виноградов, Г.В Винокур, А.И.Ефимев, В.П.Мурат сияқты ғалымдарды атауға болады.
Стилистиканың дамып, қалыптасуы ертеректен бастау алып, қазақ тіл білімінде де ол жан-жақты қарастырылып келеді. Қазіргі кезде арнайы пән ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылып, оның мәні мен мақсаты түсіндіріліп, ол туралы ғылыми еңбектер, оқу құралдары, оқулықтар және кейбір шығарма тілінің стильдік ерекшеліктері жайлы талдау кітаптары мен мақалаларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары туралы көптеген пікірлерді кездестіруге болады.
Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, көп мағынылылық, ауыспалы мағынылылық, синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарларда жұмсалуы, көнерген, тарихи сөздердің, жаңа сөздердің әр түрлі мақсаттарда жұмсалуы - бұлардың бәрі лексикалық стилистиканың мүмкіндіктерін көрсетеді. Сонымен бірге ол сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдаланылу принциптерін зерттейді.
ЛЕКСИКА ЖӘНЕ СТИЛИСТИКА
Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай қолдануға болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық түлғадағы сөздердің, олардың варианттарының (синонимдерінің) ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоциональды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді
МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СТИЛИСТИКА
Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі рендері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлі жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану зандылықтарын зерттейді. Ғалымдардың пікірінше, синтаксистік стилистиканың мүмкіндігі мол. Өйткені тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері негізінде жұмсалынатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері – бұлар бай стилистикалық ресурстардың қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы - тілқұралдарының стилистикасы деп аталынады.
СИНТАКСИС ЖӘНЕ СТИЛИСТИКА
Стилистика – тіл құралдарын талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен, тіл мәдениеті пәнімен тығыз байланысты. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі қатар мақсат көзделуі қажет. ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру.
Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылған нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы бар. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде қарапайым сөздер, диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалар мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді.
Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі керек. Мәселен, өткен шақ есімшенің -тін, -тын және -тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни фунционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен көркем әдебиет пен поэзия үшін норма.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет