Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 1 2 2 15



Дата31.12.2019
өлшемі0,52 Mb.
#54074
түріСеминар




1.Пәннің оқыту бағдарламасы– SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 3 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары



Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ

1

2

2

15

15

-

15

45

90

Аралас емтихан

Аралық бақылау - семестрдің8 және 15 аптасы


2. Пән туралы мәліметтер«Түркі халықтары әдебиеті» пәні – жоғары оқу орындарында филология мамандықтьарына оқытылып жүрген пән. Бұл курста түркі халықтары әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, әлем әдебиетіндегі алатын орны, ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылады.

Мақсаты:Түркі халықтары әдебиетінен - өзіміздің туысқан халықтар арсындағы тамырластықты зерделеу, еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміз.

Курстың міндеті:Түркі халықтары әдебиетінің ақын-жазушыларымен танысу; Түркі халықтары әдебиеті шығармашылығының қыр-сырымен танысу; Түркі халықтары әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен салыстыру;

Пререквизиттері:түркітану, әдебиеттануға кіріспе, ежелгі дәуір әдебиеті, хандық дәуір әдебиеті.

Постреквизиттері: түркі әдебиетінің жалпылама курсы, әдебиет теориясы.

3. Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу. Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп: Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

4. Жеке тапсырмалар. Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

5. Бақылау жұмысы. Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқауларОқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.

5. Курстың мазмұны
Бірінші апта

1 дәрістің тақырыбы: Түркі халықтарының әдебиеті пәні туралы түсінік.

Терминдер мен анықтамалар: Түркі халықтары, көне түркі дәуірі

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Түркі халықтарының әдебиеті пәні туралы түсінік. Түркі халықтарының ежелгі әдебиетіне шолу

Бүгінгі таңдағы тәуелсіз еліміздің рухани өміріне тың және көптеген игі жаңалықтар әкелгені мәлім. Солардың бірі – ежелден тарихы тағдырлас, тілі туыс, әдет-ғұрпы мен салт-санасы өзара ұқсас болып келетін түркі тектес халықтар әдебиетін дербес пән ретінде танып білу болып отыр.

Түркі тілдес немесе түркі тектес халықтар тобына: азербайжан, башқұрт, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, құмық, қарашай, ноғай, татар, түрікмен, өзбек, ұйғыр, хакас, алтай, саха, үрім, чуваш, салар, шор, гагауыз, халықтары енетіні мәлім.

Біз бұл пән барысында азербайжан, башқұрт, қырғыз, қарақалпақ, татар, түрікмен, өзбек, ұйғыр халықтары әдебиетінің тарихына ерекше тоқталамыз.

«Түркі халықтары әдебиеті тарихы» курсын дербес пән ретінде оқытудағы негізгі мақсат – тарихи тағдырлас, түркі тілді халықтар әдебиетінің өзара байланысын, сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан дәстүр жалғастығын, олардың бір-біріне әсерін шығармалардың идеялық, көркемдік ерекшелігін, жалпы даму заңдылығын студенттерге таныту болып табылады.

Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру қажет.

Бірінші, ІҮ-ІХ ғасырлардағы көне түрік әдебиет ескерткіштері («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары, «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме», Әбу Насыр Әл-Фарабидің әдеби мұралары).

Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет (Махмұд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұн «Құтадғу біліг», Ахмед Иүгінеки «Хисатул-хақайық», Ахмет Яссауи «Диуани хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»).

Үшінші, ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы , яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Нассреддин Рабғузи «Рабғузи қиссалары», «Кодекс Куманикус», Хорезми «Мұхаббатнаме», Құтб «Хұсрау – Шырын», Сайф Сарай «Гүлистан бит-турки», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха», Әбілғазы «Шежіре-и-түрік», Қадырғали Жалайыри «Жамиғат тауарих», Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Бабыр «Бабыр наме»).

1 практикалық сабақтың тақырыбы: Азербайжан әдебиеті жалпы шолу

Тапсырмалар: Азербайжан халқының ауыз әдебиет. Азербайжаннның көне жазба әдебиеті және қазіргі сөз өнері.

1- СОӨЖ тақырыбы:Азербайжан жазба әдебиетінің қайнар бастаулары («Китаби Деде Коркуд» «Қорқыт ата кітабы»)

Тапсырмалар: оқу, мазмұндық талдау. Ғылыми әдебиеттер негізінде конспекті жасау.

Есеп беру түрі: Реферат

СӨЖ тапсырмалары:Низами дастандары оқуға: Жеті ару.

Есеп беру түрі: Мазмұндық талдау. Тіл көркемдігінің кестесін жасақтау.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. А., 1990.

2. Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991.

3. Ежелгі дәуір әдебиеті. ІІ кітап. А., 1991.

4. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. / Қырғыздың батырлық эпосы «Манас»/. А., 1962.

5. Р.Бердібаев. Жұлдыздар жарығы.



Екінші апта

2 дәрістің тақырыбы: Әзербайжан халқының ағартушы, көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов

Терминдер мен анықтамалар:

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Мырза Фатарли Ахундовтың ХІХ ғасырдағы Азербайжан қоғоғамдық – саяси және философиялық ой-пікірлердің басында тұрған үлкен қайраткерлігі. Азербайжан мәдениетінің тарихында жаңа дәуірді бастауы екендігі. Драматургия мен театрдың, реалистік прозаның негізін салушы.

Мырза Фаталидың ғұмырнамасы (дұрысы Фатих - Али) Ахундов 1812 жылы Азербайжан жерінде Нух қаласында туған. Жас кезінде шығыс тілдерін көбірек үйреніп, шығыс ғылымын зерттеді. Әкесінің ақылы бойынша, ол араб ғылымын үйренуге ден қойды. Бірақ әзірбайжан халқының ұлы ағартушысы, ақыны Мырза Шафи Возихпен кездесу оның бұл жоспарын мүлде басқа арнаға бұрады да, ол орыс мектебіне оқуға түседі.

1834 жылы Ахундов Тифлиске көшіп барып, Кавказдағы азаматтық бөлімнің бас басқармасы мекемесінде тілмаш болып істеді. Сонымен бірге 1836 жылдан бастап Тифилистің уездік училищесінде азербайжан тілінен сабақ береді. Бұл жылдары ол Кавказға жер аударылып келген орыс декабристері А.А. Бестужев Марлинский, А.И. Одоевский, поляк революционері Тодеуш Ладо-Заблецкиймен кездеседі. Орыс ақыны Е.П. Полонскиймен, шығысты зерттеуші – ғалымдар Н.Б. Ханыков, А. Бернс, журналистер Н.Т. Бердзенов, Ф.А. Вердеревскиймен достық қарым-қатынаста болады.

Тифлисте Ахундов дос болған алдыңғы қатарлы адамдардың ішінде армянның ұлы ағартушы ақыны Хачатур Абовян, грузин драматургиясы мен театрының көрнекті қайраткері Георгий Эристави, азербайжан ақыны, тарихшы, ғалым Аббас-Кули Аға Бакиханов, т.б. бар еді. Осы тәрізді алдыңғы қатарлы ой-пікірдің адамдары Ахундовтың қоғамдық көзқарасының жаңаша қалыптасуына шешуші әсер етті. Мәселен, Бестужев – Марлинский одан азербайжан, парсы тілдерін үйрене жүріп, оған орыс халқының әдебиеті туралы көп әңгімелеген.

Ахундовтың «Мирза – Ағидың пьесаларына сын», «Проза мен поэзия туралы», т.б. әдеби-сын еңбектері бар.

Оның еңбектерінен ғалымның әдебиет пен ғылымның дүниежүзіне мәлім қайраткерлерінің еңбектерімен жақсы таныс болғанын көруге болады. Оның философиялық пікірлерінің толысуына Низами, Фирдауси, Хафиз шығармаларының да әсер еткені байқалады. Ақын, дарынды драматург, үлкен прозаик және асқан әдебиетші ретінде оның шығармашылық қызметі ХІХ ғ-ң 30-шы жылдарынан басталды.Кавказ дәуірі оны тек саяси жағынан ғана емес, эстетикалық жағынан да тәрбиеледі. Ол реализм дәстүрін қабылдады. Көркем шығар-қ арқылы патша үкіметі тудырып отырған әділетсіздік пен әлеуметтік теңсіздікті әшкере ету қажеттігін түсінеді. Халық өмірі, оның арманы мен тілегі жазушының қаламына жол берді.

А.С. Пушкин жас ақынның бірінші ұстазы болды. М.Ф. Ахундовтың бұл саладағы көзқарасы оның «А.С. Пушкиннің өліміне» атты өлеңінен анық көрінеді. Бұл өлеңін атты өлеңінен анық көрінеді. Бұл өлеңін ол 1837 жылы А.С.Пушкиннің патша жендеттерінің қолынан мезгілсіз қаза тапқанына күйініп жазған еді. Ол 1837 жылы «Московский наблюдатель» журналының ХІ номерінде жарияланды.
2 практикалық сабақтың тақырыбы: Әзірбайжан әдеби тілі. Азербайжан әдебиетінің көрнекті өкілі - Низами Ганжауи шығармашылығы

Тапсырмалар: әдеби тіл, Низами шығармашылығы, дастандар, тақырып мен көркемдік ерекшеліктер, образдар жүйесі, Шығыс әдебиетін ықпалы. Әзірбайжан әдеби тілінің қалыптасу тарихы. Өзге түркі тілдерімен сабақтастығы.



2-СОӨЖ тақырыбы:Мұхаммед Физули ғазалдары

Тапсырмалар: жаттау, өлеңдерінің қазақ әдебиетіне аударылуы

Есеп беру түрі: конспект, өлеңдерді мәнерлеп оқу

СӨЖ тапсырмалары:Азербайжан халқының тілі мен мәдениеті туралы мәлімет

Есеп беру түрі: Реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Антология азербайджанская поэзия в 3-х томах. М., 1960

  2. Бизақов С. Түркі әлемі. Алматы, 1998.

  3. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы: «Білім», 2000.- 248 бет.

  4. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет

  5. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  6. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.



Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: Башқұр әдеби тілі және әдебиеті

Терминдер мен анықтамалар халық поэзиясы, фольклор, қобайыр жанры

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Башқұрт жазба әдебиеті Қазан революциясынан кейін қалыптасты. Одан бұрынғысы – негізінен халық поэзиясы, фольклор. Ауыз әдебиетінде форма жағынан ерекше жетілген жанр-қобайыр. Ол қазақ поэзиясындағы толғауға жақын. Қобайырдың өзегі әлеуметтік сарын, яғни Орал тауын, Ақ Еділді, туған жерді, халқын мадақтау. Ал «Ақбозат», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Күсәк бей» секілді эпикалық поэмалар башқұрт тарихының түрлі кезеңдерін бейнелеген кесек туындылар. 18-19ғ-да әуезді сырлы, шерлі әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» сияқты тарихи жырлар «Зұлхаза», «Шаруа» секілді аңыздар туды. Тәң керіске дейін Башқұрт поэзиясының кейбір нұсқалары қолжазба түрінде тараған. Башқұрт әдебиетінің тарихында Салават Юлаевтың есімі әйгілі. Жауынгер ақынның ел аузында қалған кезінде орыс тіліне аударылған жырларына тән сипат-ереуіл рухы, әлеуметтік идея, азаматтық пафос. Діни уағызға арнап шығарма жазған Т.Ялсыгул (1787-1838), Ә.Қырғалы (1784-1825), Г.Салихов (1794-1867), Ш.Заки (1825-1865), Ғ.Сокрый (1826-1889) секілді ақындар софизм бағытын ұстады. 19ғ-дың 2-жартысында башқұрт әдебиетінде ағартушылық бағыт өрлей бастады. Бұл кездің көрнекті өкілі көп қырлы, талантты ақын, тілші, фольклорист, этнограф, тарихшы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. М.Үмітбаев (1841-1907) болды. Оның 1897ж. шыққан. «Жәдігер» жинағында ғылыми еңбектері, өлеңдері тоталған. Қазақ –татар поэзиясында елеулі із қалдырған Ақмола ақын-башқұрт демократтық әдебиетіндегі ірі тұлға. Башқұрт кең. әдебиетінің ірге тасын қалауда Мәжит Ғафурдың «Қызыл ту», «Ант», «Еңбекші», «Татар жігітіне», Д.Юлтыйдың «Октябрь», «Аттан жігіт», «Майсара», Ш. Бабичтің «Халыққа арнау», С.Құдаштың «Қызыл әскер», «Айтшы» секілді рев.жырлары аса зор рөл атқарды. 30 жылдарда халық өмірінің әр түрлі кезеңін бейнелейтін реалистік проза туды. Олар –С.Құдоли «Қос қаыйң», С.Агшитің «Жағдайға орай» повестреі, Д.Юлтыйдың «Қан», А.Тагировтың «Қызыл әскерлер», «Солдаттар», «Қызыл гвардияшылар», И.Насыридың «Кедей» романдары, Х.Ибрагимовтың «Башмақшы», К.Даянның «Таңшолпан», Н.Кариптің «Алма» пъесалары, С.Құдаштың «Бақыт таңы»(1935), «Республика жырлайды» (1938), Б.Ишемғұлдың «Отан» (1936), Х.Каримнің «Салтанат», Р.Ниматидің «Ақ Еділдің әсем айдыны» (1940) өлең жырлары. Отан соғысының қаһарлы шындағы әдебиетте жан-жақты бейнеленді.

А.Бикчертаевтің «Аққулар Оралда қаладысы» (1956), «Үлкен оркестрі», Х.Даулетшананың «Верғызы» - прозадан, Р.Нигматидің «Большевигі», Х.Каримнің «Алтын масағы», С.ҚҰдолиттың «Отаным менің» -поэзиядағы елеулі шығармалар.

Ежелден іргесі бір, тілінде, тұрғысында, сай-санасында ұқсастық көп, қазақ пен башқұрт туысқан халықтар. Башқұрт жазушыларының шығармалары қазақ тіліне көп аударылады. Үлкен ақын әрі драматург Мұстай КАримнің «Ай тұтылған түн» пьесасы қазақ сахынасынан көп жыл бойы түскен жоқ. М.Әуезовтің «Абай» т.б. көптеген қазақ шығармалары башқұрт тілінде жарық көрді. С.Құдаш пен Б.Майлиннің, С.Мұқановтың шығармашылық достығы үзілген емес.

3 практикалық сабақтың тақырыбы:Әзербайжан халқының ағартушы, көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов

Тапсырмалар:«Пушкин өліміне» атты поэмасын, азербайжанның реалистік драматургиясының негізін салушы екендігі талдау. Қазақ әдебиетімен байланыстыра талдау (слайд презинтация).
3-СОӨЖ тақырыбы: «Ашиг-Гариб», «Аслы мен Керем», «Көроглы», «Аббас пен Гюльгаз», т.б. дастандар

Тапсырмалар: ежелгі әдеби мұраларды салыстыра талдау

Есеп беру түрі: реферат

СӨЖ тапсырмалары:Азербайжан халқының мақал-мәтелдері көркемдік табиғаты.

Есеп беру түрі: ауызша баяндама (қазақ мақал-мәтелдерімен салыстыру)

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Антология азербайджанская поэзия в 3-х томах. М., 1960

  2. Бизақов С. Түркі әлемі. Алматы, 1998.

  3. Бердібай Р. Жұлдыздар жарығы. – Алматы: «Білім», 2000.- 248 бет

  4. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет

  5. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  6. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.



Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: Қарақалпақ әдебиетіне жалпы шолу.

Терминдер мен анықтамалар: «Зар заман» кезеңі, «Қырық қыз» дастаны

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Қарақалпақ – ауыз әдебиетіне бай халық. оның «Қырық қыз», «Ашық Ғаріп», «Шадьяр» т.б. батырлық және лиро-эпостық жырлары ертеден мәлім. Жазба әдебиеті 18ғ-дан басталады. Ол кезде әдебиет әлеміне Жиен жырау Тоғайұлы (18ғ)ғ Күнқожа Ибраимұлы (1799-1880), әжінияз Қасыбайұлы (1824-78), Бердақ Қорғабайұлы (1827-1900), Омар Өтеш (1828-1902), Омар Сүйірбабатұлы (1879-1922), Құлмұрат (1838-1917), Сыдық Шамр (1857-1917) сияқты ақындар шығып, өздерінің тамаша өлеңдері мен жыр-дастандарын ел ішіне кең таратты. Жиен жыраудың «Босқан ел» толғауы мен Бердақтың «Ақимақ патша» атты дастаны-қарақалпақ әдебиетіне елеулі із қалдырған аса маңызды шығармалары. әжінияздың «Боз отауы», Бердақтың «Ерназар би», «Айдос би» деген шығармалары19ғ-ды тарихи шындыққа құрылды. Қарақалпақ әдебиетінде кеңес үкімітінің алғашқы кезеңдерінен бастап, басқа да жанрлар дамыды. Жаңадан проза, драматургия жанрлары тып, әдеби сын, әдебиеттану ғылымы дамыды. А.Мусаев (1880-1936), С.Мәжитов(1869-1938), А.Өтепов (1904-34), А.Дабылов (1898-1970), С.Нұрымбетов (1900-71) сияқты ақын-жыраулар сол кездегі жаңа заман кеңес өкіметін, оның көсемдерін мадақтаған өлеңдер жазды. А.Бегімов (1907-58), Ж.Аймырзаев (1910ж.т.), М.Дәрібаев (1909-42), Ә.Шамұратов (1912-53), Б.Қайыпназаров (1916ж.т.) т.б. елеулі еңбек етті. Бұлардан кейін келіп қосылған Х.Сейтов (1917ж.т.), Х.Тұрынбетов (1926-68), Т.Жұмамұратов (1915ж.т.), И.Юсупов (1929ж.т.)т.б. ақындар өздерімен бірге қарақалпақ поэзиясына сыршылдық лирика, сатира, юмор, мысал т.б. жанрларды аса келді.

Қарақалпақ әдебиетінде 20жылд-ң 2 жартысынан көріне бастады. М.Дәрібаевтың «Мыңдардың бірі», Ә.Шамұратовтың «Ескі мектепте» атты көлемді прозалық шығармалары 30 жылдары жарық көрді. 50 жылдары жазылған А.Бегімовтың «Балықшының қызы» (1958), Ж.Аймырзаевтың «Амудария жағасында» (1958), Т.Қайырбеговтың (1929ж.т.)»Қарақалпақ қызы» (1-2кітап,1953-65) романдары қарақалпақ прозасын биік белеске көтерді.

Қарақалпақ әдебиетінде драматургия 20 жылдардың ортасында пайда болды. Қарақалпақ драматургтары С.Мажитовтың «Ерназар – Алакөз», «Бағдагүл», «Тазагүл», Қ.Әуезовтың «Жиек жолында», А.Өтеповтың (1904-34), «Теңін тапқан қыз» пьесалары – сол кездегі үздік туындылар. Кейінгі жылдарда жазылған Ж.Аймырзаевтың «Айгүл - абат», «Раушан», «Бердақ», А.Бегімбаевтың «Боз отау», «Ашық Ғаріп», М.Дәрібаевтың «Көклан батыр», «Жаңа адамдар», Н.Дәуқараевтың (1905-53) «Алпамыс» С.Хожаниязовтың «Сүлейменге сүйкенбе», «Жас жүректер» пьесалары республика таетрларының репетуралрын байыта түсті. әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да дами түсті. Қарақалпақтың тұңғыш ғалымы Қ.Дәуқараев, Өзбекстан ҒА-ның корр.мүшесі проф.И.Сағитов,М.Нұмұхамедов, филол.ғыл. докторлары Қ.Айымбетов, Н.Жапақов, С.Ахметов т.б. бұл салада жемісті еңбек етіп келеді.

Қарақалпақ, қазақ әдебиеті ежелден туыстас. Екі ел әдебиетінің озық туындылары қос халыққа ортақ. Қарақалпақ дастаны «Қырық қыз» (1959), қазіргі қарақалпақ ақындарының шығармаларынан құрастырылған «Қарақалпақ жырлары» (1962) қазақ тілінде жеке кітап болып шықты.

4 практикалық сабақтың тақырыбы:Башқұрт халқы туралы мағлұмат. Ауыз әдебиеті. Қобайыр /толғау/ жанрының негізгі тақырыптары. Әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» - жырлары.

Тапсырмалар: башқұрт және қазақ әдебиетінің фольклорына ортақ арналады схемалық талдау, презентациялау



4-СОӨЖ тақырыбы:Сайфи Фаттах Құдаш – башқұрт халқының ірі қоғам қайраткері, үлкен ақыны. «Жастық шақтың ізімен» атты естелік шығармасының тарихи мәні.

Тапсырмалар: қаламгер шығырмашылығын көркемдігі, қазақ әдебиетімен байланысы

Есеп беру түрі: презинтация (слайд)

СӨЖ тапсырмалары:Башқұрт әдебиетіндегі қобайыр жанрының негізгі тақырыптары.

Есеп беру түрі: конспект

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. История башкирской советской литературы. Очерки. Уфа, 1963.

2. Башқұрт ертегілері. Аударған Б.Өтембаев. А., 1960.

3. Слауат Юлаев. Жорық жырлары. Аударған Берқайыр Аманшин. А., 1983.

4. Құдаш С. Жастық шақтың ізімен. А., 1966.

5. Ибрагимов Ғ. Қазақ қызы. А., 1961.

6. Қазақ совет энциклопедиясы. 2 том. 217 бет.
Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы: Қарақалпақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия кезеңі. Бердақ шайыр.

Терминдер мен анықтамалар дидактикалық сарын, жыраулар кезеңі, толғау жанры

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Ақын Бердақ Қарғабайұлы. Бердақ (Бердімұрат) Қарғабайұлы (1827-1900) Қарақалпақстанның Мойнақ ауданында дүниеге келген. Діни медіреседе оқып, Ислам дінін, Көне түркі тарихы мен әдебиетін жетік меңгерген. Рудаки, Фирдауси, Низами және Мақтымұлы сияқты шайырлар поэзиясын өзіне үлгі - өнеге тұтқан. Бердақ өз заманының көкейкесті мәселелерін терең пайымдап, оны сан қырынан алып жырлады. Ақын өзінің алғашқы өлеңдерінде-ақ әділетті өмірді армандады («Жаз келер ме»). Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке наразылық білдірді («Іздер едім»). Елді әділ әкім басқару қажеттігін насихаттады («Керек»). Бердақ гуманистік ой-пікірлері әсіресе оның «Жасырақ», «Болған емес», «Көрінді» және «Заманда» атты өлеңдерінде айқын көрініс тапқан. Бердақ тарихи тақырыпқа да бірқатар көлемді дастандар жазған. Мәселен ақынның түркі тектас халықтардың ежелгі шежіресін тарихи деректер мен генеологиялық аңыздар негізінде жыр еткен «Шежіре» атты дастаны бар. Қарақалпақтардың Қоқан езгісіне қарсы 18-ғасырда ерлікпен жүргізген күресін «Аманкелді» дастанында тарихи деректер негізінде шеберлікпен берілсе, «Айдос би» және «Ерназар» атты тарихи дастандарында қарақалпақ елінің 1827-1828, 1856 жылдардағы Хиуа хандығының отаршылдық саясатына қарсы бағытталған қаһармандық күресін жырлаған. Бердақ ақынның өлеңдері дидактикалық сарындағы «аталық сөз, ағалық ақыл, өсиет, уағыз» түрінде айтылады. Бұған ақынның «Балам», «Надан болма» т.б. өлеңдері дәлел. Бердақ поэзиясы өзінен кейінгі кезеңдегі қарақалпақ әдебиетінің көркемдік тұрғыдан дами түсуіне зор әсер етті.

5 практикалық сабақтың тақырыбы: Қарақалпақтың «Қырық қыз» эпосы.Эпостың ауыз

әдебиетінен алатын орны, маңызы. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Гүләйім, Арслан, Жұрынтаз

образдары. Эпостың тілі.

Тапсырмалар: Әдеби схемалық талдау. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Эпостың тілі.

5-СОӨЖ тақырыбы: Жиен жырау Тағайұлы шығармашылғы.

Тапсырмалар: жырау поэзиясындағы зар заманды қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман кезеңімен салыстырмалы типологиялық талдау

Есеп беру түрі: реферат ()

СӨЖ тапсырмалары: Бердақ шайырдың «Амангелді», «Шежіре», «Ақымақ патша» дастандары

Есеп беру түрі: мазмұнын оқу, оқырман күнделігі бойынша тапсыру.

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Қазақ совет энциклопедиясы. 2том. 230-231 беттер.

2. Р.Бердібаев. Жұлдыздар жарығы. – алматы: «Білім», 2000.-248 бет.

3. Қарақалпақ жырлары. А., 1961.

4. Тойшыбаев С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы. А., 1977.

5. Сейітов С. Жақын жағалаулар. Кітапта: Туысқандық туғызған А., 1979.



Алтыншы апта

6 дәрістің тақырыбы: Қазақ-қарақалпақ, қарақалпақ-қазақ әдеби байланысы. Абай мен Әжінияз шығармашылығының үндестігі

Терминдер мен анықтамалар: әдеби үндестік, әдеби байланыс

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Абай мен Әжінияз шығармаларының үндестігі. Қазақ-қарақалпақ, қарақалпақ-қазақ тілдері - түркі тілдес халықтар арасында ең жақын тілдердің бірі. Абайдың сөз өнері, туындылары қазақ халқына қандай ардақты болса, «сұрасқанда түбі бір, көріскенде түрі бір» қарақалпақ халқына «Қарақалпақ классикалық әдебиетінің биік шыңы Бердақ» шығармалары сондай бағалы, әрі қадірлі, әрі таныс. Екі халықтың сөз өнерін жасаушы қайраткерлері сөз өнерлерін жасау жолынды бірімен-бірі қоян қолтық араласып жүрді. «Түркістан уәлаяты» газетінің 1978 жылғы № 11, 12 сандарында Күнқожа Шернияз ақынмен дос болып хабарласып тұрғаны, Күнқожаның қазақ ақындары Күдерімен, Ұлбикемен, Құлымбет шайырдың Әбубәкірмен, Әжінияз қожаның Торғай облысындағы кіші жүз Тама руының Менеш атты ақын қызымен айтысқаны туралы мақалалар басылған. Бердақ өзінің көлемді «Айдос би» дастанын қазақша жазды. Қарақалпақ поэзиясының лирик ақыны Әжінияз да өлең жырларын қазақша жазған. Қарақалпақ ақындарының қазақтың суырып-салма ақындарымен өнер сайысына түсуі, Бердақ пен Әжінияз секілді қарақалпақ әдебиеті саңлақтарының шығармаларын қазақша шығаруы қарақалпақтардың Абайды түпнұсқада оқитындығын білдіреді. Абай шығармалары қарақалпақ халқы арасында алғашында кеңінен насихатталды.1899 жылы Т.Ізтілеуов Бұхарадағы әйгілі оқу орны Мир-Арабтың Көкелташ медресесінде оқыған. Жас ақын медресе сабағынан қолы босаған кездерде қарақалпақ еліндегі қазақтар мен қарақалпақтар арасында болып, соларға шығыс әдебиеті маржандарын, қазақ жырларын, Абай шығармаларын насихаттап ел арасына таратумен айналысқан. Ол:

«Хорезм жұрты хабарлы,

Шорахан, Төрткүл, Шымбайды

Киіз үйлі қазақтың

Есіткен жері сөзімді

Аяқ асты қылмайды....»- дейді.

Шорахан, Төрткүл, Шымбай - Қарқалпақстандағы жер аттары. Төрткүл, Шымбай - елдің Нүкістен бұрынғы астанасы. Тұрмағанбет-Абай шығармаларын қарақалпақ еліне тұңғыш таныстырушы болса, Бердақ шығармаларында Сыр бойындағы қазақтарға жыл құсындай алғаш жеткізуші.

«Келдің-дағы Жайхун бойын аралап,

Қазақтарға жырлап бердің Бердақты...»

деген ақын З.Дәулетбаевтың өлең тармақтары пікіріміздің дәлелі болмақ. Т.Ізтілеуов пен жиын тойда талай бас қосқан, сырлас, сапарлас, дос болған ақын Қ.Баймағанбатов; «Ол Бердақ шығармаларын жаттап қарақалпақ әнімен Садриддин Айниге жырлап берген», -дейді. Демек, Т.Ізтілеуов - Бердақ жырларын қазақтарға тұңғыш таныстырушы болса, әрі Бердақ шығармалары арқылы қарқалпақ әдебиетін С.Айни арқылы тәжік халқына, тәжік әдебиетіне бірінші жеткізуші. Абай шығармаларының қарақалпақ халқына таралуына әдебиетші ғалымдар елеулі еңбек сіңірді. Әдебиетшілер қарақалпақ әдеиеті тарихын зерттеу кезеңдерінде Абай есімін, шығармаларын атап отырды. Қарақалпақ халқының алғашқы академигі М.К.Нұрмұхамедов Бердақтың қарақалпақ әдебиетіндегі алатын орнын «Пушкин-орыс, Шевченко-украин, Руставели-грузин, Науаи-өзбек, Абай-қазақ, Мақтымқұл-түркімен халықтары үшін қандай болса, Бердақ та қарақалпақ халқы үшін сондай», - деп бағалағанда, Абайдың дара ақын екенін мойындау, Бердақты тану үшін осы ұлы ақындарды тану қажеттігін нұсқағандығы. Қарақалпақ әдебиеті тарихының білікті зертеушісі Баекеш Қалымбетов «Әжінияздың лирикасы» еңбегін жазғанда Абайдың Әжіниязбен, Әжінияздың айырым шығармаларын Абай сатираларымен салыстырып, образ жасау шеберліктерінен үндестік табады. Ғалым Әжінияздың «Ала құс» сатирасын былай талдайды:

«Аспанда жүр ала-ала көрініп,

Жерге түссе құйрығынан сүрініп.

Балақ тепкірінен түріліп,

Тарландай тітіренер біздің ала құс.

Ала құстың бүркіт кебі тырнағы ,

Хасла жаздырылмас ұрса қармағы,

Елге ауыр түссе керек салмағы,

Соныңдай бимаза біздің ала құс». Халқымыз көбінесе тұрақсыз сатқын адамдарды сауысқанға теңейді. Ал сұм адамдарды түлкіге, аңқау адамдарды түйеге теңеп, тағылымды сөздерменен көпшілікті дұрыс болуға уағыздайды. Көп ұнамсыз адамдарға «хақ кедей шық-шықтап» дейді. Міне, Әжінияз бұл жерде «Ала құс» арқылы өзі жасаған дәуірлердегі ел билеген алаяқтарды хәккеге теңеп, көркем образды сөзбен әжуә етіп, түйреп отыр. Ал, Абай шығармаларында бұл образ былай берілген:

«Болыс болдым, мінекей,

Бар малымды шығындап...

Сөйтсе-дағы елімді,

Ұстай алмадым мығымдап,

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап..

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап..» Абай сол дәуірдегі болыстардың барлық сырын астарламай-ақ сол табиғи қалпында беріп отыр. Бұдан тақырып бір болғанымен, көркем образбен баяндау әдісінде әрбір өлеңнің өз стилі мен өз тәсілі бар екендігін көреміз. Абай пікірін болыстың монологі арқылы берсе, Әжінияз сол дәуірдегі билерді астарлы мәнде беріп, сынға алады, ал шайырдың дидактик өлеңдерінен басқа әзірге табылған 195 қатардан тұратын 10 мұхаммесі бар.

6 практикалық сабақтың тақырыбы:Абай және қарақалпақ әдебиеті

Тапсырмалар:Екі шығармашылық тұлғаны салыстырмалы түрде әдеби схемалық талдау. Тақырыбы, идеясы. Эпостың тілі.



6-СОӨЖ тақырыбы:Қарақалпақ әдебиетінде Абай шығармаларын белсенді насихаттаушылар.

Тапсырмалар:Зерттеушілердің, аудармашылардың шығармалырының библиографиясын түзу

Есеп беру түрі:текстологиялық талдау слайд түрінде презинтациялау.

СӨЖ тапсырмалары:Қарақалпақ халқының мәдениеті мен тілі туралы мәлімет.

Есеп беру түрі:

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

1. Қазақ совет энциклопедиясы. 2том. 230-231 беттер.

2. Р.Бердібаев. Жұлдыздар жарығы. – алматы: «Білім», 2000.-248 бет.

3.Қарақалпақ жырлары. А., 1961.

4. Тойшыбаев С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы. А., 1977.

5. Сейітов С. Жақын жағалаулар. Кітапта: Туысқандық туғызған А., 1979.

6. Абай және қарақалпақ әдебиеті. – Алматы., «Рауан»1995.

7. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.


Жетінші апта

7 дәрістің тақырыбы: Қырғыз әдебиетіне жалпы шолу.

Терминдер мен анықтамалар: қырғыз фольклоры, «Манас» жыры,

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Қырғыз фольклорының шырқау биігі – «Манас» эпосы «Манас» туралы алғашқы дерек шығыс оқымыстысы Молла-ад-Диннің «Маджмуат - тауарих» атты еңбегінде (16ғ) ұшырасады. Қырғыз халқының ежелгі ауыз әдебиетінің нұсқаларынан «Манас» эпосынан басқа «Кедейхан», «Қожаш», «Жаңыл-Мырза», «Ер Төстік» т.б.жыр-дастандары сақталған. Түркі тектес өзге халықтардың ауыз әдебиетіндегі сияқты қырғыз халқының фольклорында да аңыз, ертегі, мақал-мәтел, тұрмыс-салт жырлары т.б. мол дамыған. Қырғыз ауыз әдебиетінің әр алуан жанрдағы үлгілері көп. олардың дені әуел бастағы шығармалардың аты-жөні сақталмағандықтан халық шығармалары болып саналады. 19ғ-дың ортасында жасаған Қолығұл, Арыстанбек секілді ақындардың «Тар заман», «Ақыр заман»атыы өлеңдері мәлім. 19ғ-дың 2-ші жартысында ақын Молдо Қылыш шашырқановтың (1866-1977) шығармалары Мәшһүр болған. Оның «Жынды су», «Алдамшы», «Керме тау», «Қыз бен жігіт», «Қара Қошқар», «Бүркіт тойы», «Зар-заман» т.б. жырлары халық арасына кең тараған. Халық мүддесін көздеген көптеген жыр шығармаларымен қатар оның кейбір шығармаларында идеялық қайшылықтар кездеседі. Бұл кезеңде қырғыз халқының нағыз рухани жаршысы, демократ ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың (1864-1933) шығармаларындағы үлкен рөл атқарды. Ол шығармаларында езілген топ мүддесін жоқтап, бай, манаптарды шенеді. Ақынның кеңес дәуіріндегі шығармаларының негізгі тақырыбы –халық, партия, Ленин, жаңа өмір, жасампаз еңбек болды. Суырып салма ақын Борпы Алықұлов ты (1884-1949) төңкеріске дейінгі жылдарында («Қатал хан», «Бақташы жыры», «Жетім»т.б.) әлеуметтік теңсіздікке, қанаушылыққа қарсылық білдіреді. Кеңес дәуірінде жаңа өмір жетістіктерін жырға қосты. Тоғалақ Молда Абдрахманов (1860-1942) суырып салма ақын болуымен қатар, шығармаларын жазып та тартты. Оның өлеңдері, дастандары мен сатиралық шығармалары халық арасына кеңінен белгілі. Ол кеңес тұсында да көптеген жырлар, поэмалар жазды.

7 практикалық сабақтың тақырыбы:Шоқан және Манас жырының зерттелуі

Тапсырмалар: Манас жарын зерттеушілердің еңбектерін Шоқан зерттеулерімен салыстырмалы тарихи көзқарас тұрғысынан талдау, библиография түзу.

7-СОӨЖ тақырыбы:«Манас» - қырғыз халқының эпикалық туындысы.

Тапсырмалар: Сюжеттік, композициялық талдау, дискурстық талдау

Есеп беру түрі: жырдан үзінді жаттау, мазмұндық баяндама жасау (ауызша)

СӨЖ тапсырмалары:Қырғыз халқы, оның тарихы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның жанрлары / мақал-мәтелдер/, тұрмыс-салт жырлары, ертегілері, эпостық жырлар т.б/

Есеп беру түрі: конспект жасау

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың

республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  1. Манас. Қырғыз халқының батырлық дастаны. І, ІІ, ІІІ, ІҮ кітап. А., 1961.

  2. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. А., 1962.

  3. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1971.

  4. Садырбаев Сұлтанғали. Халық әдебиетінің тарихи негіздері (Оқу құралы).- Алматы, «Қазақ университеті», 1992.



Сегізінші апта

8 дәрістің тақырыбы: ХХ ғасырдағы қырғыз әдебиетінің өкілдері. Аалы Тоқамбаев, Т.Сыдықбеков шығырмашылықтары.

Терминдер мен анықтамалар

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Аалы Токомбаев Шоңкелін ауылында, Қырғызстанда 1904 жылы кедей әулетінде туды. Ташекеттегі В.И.Ленин атындағы Отраазиялық коммунистік университетін бітірген.(1922). Қырғыз тіліндегі алғашқы газет 1924 жылы шыққан, мұнда негізінен Қырғыз совет поэзиясының бастауында тұрған Тоқтағұл Сталығанов, Аалы Токомбаев сынды ақындардың өлңдері жарияланды. Токомбаевтың есімімен қырғыздың жазу әдебиетінің туып, дамуы байланысты. Оның алғашқы шығармаларының тақырып аясы кең, революциялық пафос тын. Алғашқы өлеңдер жинағы «Ленин хақында» (1927) – ақын халықтың жоқтау жырларының үлгісін пайдаланып, көсемнің ажалына қайғырып, жоқтау айтады.

«Әйел афнасы» атты кітапта (1929) қырғыз әйелдерін социалистік құрылысқа белсене араласуға шақырады. Оның 30ж. туындылары осы заманғы тақырыптарға арналған: «Еңбек гүлі»(1932), «Шабуыл»(1933), «Алғашқы жырлар» (1934), «Тұтқын Марат»(1932) және басқалары.

Аалы Токомбаев 1934-49 жылға дейін Қырғыз Жазушылар одағының басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Қырғыз Ғылым Академиясының академигі болды. Жоғары кеңестің депутаттығына сайланып, қоғамдық өмірге етене араласты.

30ж. аяғы мен 40ж.басында ол «Днестр терең теңізге құяды»(1939), «Жараланған жүрек»(1940), «Әуен сыры», «Дат»(1940) шығармаларын жариялайды.

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында ақынның дауысы ерекше қуатпен естілген еді. «Мен жауынгер», «Алға», «Кек аламыз» атты өлеңдері мен дастандары «манастың жерлесі»(1941), «Жиырма сегіз туралы», «Алғыс» атты өлеңдер жинағы (1944) жарық көрді. Сондай-ақ қырғыз театрларының сахналарында бірнеше пьесасы табыспен жүрді.

Соғыстан соңғы жылдарда Аалы Токомбаев ірі реализм шебері ретінде қалам сермейді. Бұл кезеңнің туындылары: «Өз көзіңмен», «Майлыбай»(1953), «Менің метрикам»(1955), «Қобыз күйі»(1960) деп аталады.

Аалы Токомбаев өлеңмен роман жазған адам. «Таң алдында» - сюжеттік негізінде қырғыз халқының патша өкіметіне қарсы азаттық күресінің оқчиғалары алынған. Бірінші бөлімі –«Қанды жылдар», екінші бөлім «Таң алдында» деп аталатын бұл өлеңмен жазылған роман 1967 жылы Тоқтағұл Сатылғанов атындағы республикалық Мемлекеттік сйылықты алды.

Аалы Токомбаев шығармалары СССР халықтарының көп тілдеріне аударынлған.

Аалы Токомбаев ана тіліне Низами, Гете, Пушкин, Шиллер,Лермонтов, Абай, Жамбыл, Маяковский, Маршак жырларын аударды. Оның есімі қырғыздың жаңа заманғы әдебиетінде әдеби сын мен публисцитиканың басында тұр.

Түгелбай Сыдықбеков Кеңсу ауылы, Қырғызстан республикасы, Ыстықкөл облысы, Түн ауданында туған. Қырғыз кеңес жазушысы. Қырғыз ҒА-ның академигі.(1954). Кедей шаруа отбасында туған. Әдеби қызметін 1928 жылдан бастады. «Күрес» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1933 жылы шықты. «Батырлар» (1936), «Ақын бұлбұл» (1938) өлең кітаптары басылды. Сыдықбеков 1935 жылы қырғыз әдебиетіндегі тұңғыш роман «Кеңсуды» жазды. (1-2кітап, 1937-38жылы жарияланды). 1939-40 жылы «Темір» романы жарық көрді. Сыдықбековтың даңқын шығарған –«Біздің заманның адамдары» атты романы (1948, Кеңестік мемлекет сыйлығын алған, 1949 жылы қазақ тілінде 1950). Бұл роман бірқатар шетел тілдеріне аударылды. Сыдықбеков шығарамаларында «Тау ішінде» романы ерекше орын алады. Оның 1-ші кітабы 1955жылы (қазақ тілінде,1961ж), 2-ші кітабы 1958 жылы (қазақ тілінде 1961ж) басылды. Бұл шығарма – «Кеңсу» романынның қайтадан өңделіп басылғын нұсқасы. Сыдықбеков 1955 жылы «Зайыптар» атты трилогиясының алғашқы екі кітабын жариялады. Ол қырғыз балар әдебиетін дамытуға да үлес қосқан жазушы. Бұл салада оның «Тау балалары » атты романның (1952, қазақ тілінде 1956) орны үлкен. Ең Қызыл Ту ордені мен және медальдармен наградталған.

8 практикалық сабақтың тақырыбы: Қырғыздың кіші эпосы - «Эр-тештюк».

Тапсырмалар:Эпостың сюжеті және қазақтың «Ер Төстік» ертегісі. Жырдың зерттелуі мен жазылып алынуы. Қазақ ертегісі мен қырғыз эпосының сюжетіндегі үдестіктер мен өзіндік айырмашылықтары салыстырмалы мәтіндік талдау

8-СОӨЖ тақырыбы:Қырғыз халық ақындары – Тоғалақ молда, Тоқтағұл Сатылғановтардың шығармашылық мұралары.

Тапсырмалар: халық ақындарынының қазақ халық ақындарымен байланыстыра қарастыру (Жамбыл, Кенен т.б)

Есеп беру түрі: реферат

СӨЖ тапсырмалары:Аалы Тоқамбаев әдебиет зерттеушісі.

Есеп беру түрі: конспекті

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Қ.с.энц.481бет 10 том.

  2. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың

республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  1. Манас. Қырғыз халқының батырлық дастаны. І, ІІ, ІІІ, ІҮ кітап. А., 1961.

  2. М.Әуезов. Уақыт және әдебиет. А., 1962.

  3. Марғұлан Ә. Шоқан және Манас. А., 1971.

  4. Садырбаев Сұлтанғали. Халық әдебиетінің тарихи негіздері (Оқу құралы).- Алматы, «Қазақ

университеті», 1992.

Тоғызыншы апта

9 дәрістің тақырыбы: Ш.Айтматов қырғыз халқының жазушысы.

Терминдер мен анықтамалар: әдеби герменевтикалық талдау, әлемдік әдеби байланысы

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Шыңғыс Айтматов Төреқұлұлы 12.12.1928 ж. Қырғызстан Республикасы Талас өңірі Шекер ауылында дүниеге келген. Қырғыз Республикасының халық жазушысы. (1968), Қырғыз Республикасының Ғылым академиясының акадкмигі (1974), Социалистік еңбек ері (1978), Біздің дәуіріміздегі атағы дүниеге кең тараған, қазіргі әлем әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі саналатын Шыңғыс Айтматов проза жанырында және киносценарий, драматургия, әдебиет сыны, аударма саласында бірдей еңбек етті. 1953ж. Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник болып қызымет атқарған. 1956-1958жж. Мәскеудегі жоғары әдебиет курсын тыңдаушы, 1959-60 ж «Литературный Киргизстан» журналының редакторы, 1960-65 жж. «Правда» газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-86 ж. Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 ж. «Иностранная литература» журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарған. «Әшім» атты тұңғыш әңгімесі 1952 ж. жарияланды. Онан кейін «Аспалы көпір» 1956, «Бетпе-бет» 1957, т.б әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан туындысы «Жәмила» повесі 1958 ж. М.Әуезов пен француз жазушысы Л.Арагон осы шығарма арқылы Айтматов дарынын жоғары бағалап, жүрек жарды пікір айтқан. Жәмилә бейнесі соны сымбатымен әрі жаңашыл, сезімтал, жігерлі қасиеттерімен, өз бақыты үшін күресе білген батылдығымен, тал бойы мінсіз сұлу нәзіктігімен оқырман қауымды баурап алды. Ол қырғыз әйелдерінің жаңа буынының өкілі ретінде қабылданды. Осыдан кейін-ақ Айтматов шығармашылығы ерекше құбылыс болып саналып, оның қаламынан туған әрбір туындысы әлемдегі мың-сан оқырман асыға күтіп, қолдан-қолға тигізбей оқитын құрметке ие болды. Шығармалары шетелдерге де кеңінен тарады. Айтматов туындылары түгелдей дерлік қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен бірге француз, неміс, жапон, араб, түрік, парсы т.б дүниежүзінің көптеген тілдеріне аударылды. Айтматов «Тау мен дала хикаялары» атты шығармалар жинағы үшін 1963 жылы Лениндік сыйлық алды. «Қош бол, Гүлсара» (1967). Ерте қайтқан тырналар 1975 ж., «Боранды бекет» 1980 ж. романы үшін үш мәрте КСРО мемелекеттік сыйлықтың лауреаты болды. Қазақ ақыны М.Шахановпен бірігіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы 1997 жылы жарық көрді.

9 практикалық сабақтың тақырыбы:Ш.айтматов – дүниежүзілік деңгейдегі заманымыздың ұлы жазушысы.



Тапсырмалар:Жазушы шығармаларының түп діңгегі - әлеуметтік философия, гуманизм, замандастарының рухани жан дүниесі. / «Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме», «Жан пида», Боранды бекет/. «Боранды бекет» - роман-тарих. Сюжеті ақиқат пен аңызға және фантастикалық оқиғаларға құрылуы. «Боранды бекет» - арлары таза, жүректері адал, еңбекқор топтың тағдыр тәлкегіне қарсы күрестері жайында хикая.

9-СОӨЖ тақырыбы: Ш.Айтматов және Әбіш Кекілбаев шығармалығындағы мәңгүрттік мәселесі

Тапсырмалар: мәтіндік талдау, әдеби байланыс, авторлық стильді анықтау.

Есеп беру түрі: ғылыми ізденістік жоба қорғау (слайд презинтация)

СӨЖ тапсырмалары:Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романы.

Есеп беру түрі: романды оқу, мәтіндік мазмұндау (оқырман күнделігін толтырып тапсыру)



Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Қырғыз жырлары. А., 1961

  2. Алатау аясында. Қырғыз ақындарының өлеңі, поэмалары. А., 1956.

  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

  4. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9,, 1-том

  6. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

  7. Қазақ энциклопедиясы, 1-том


Оныншы апта

10 дәрістің тақырыбы: Өзбек әдебиетіне жалпы шолу

Терминдер мен анықтамалар: Өзбек халқының ежелгі тарихы, мәдениеті, әдебиеті, тілі

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)


Өзбектер – түркі халықтарына жататын ұлт. Өзбек әдеби тілінің қалыптасып даму тарихы, ең алдымен, қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халқытың мәдени өрлеуіне, әсіресе, жазба әдебиеттің кең өріс алуымен тіклей байланысты. Өйткені, жазба әдебиеттің кең өріс алуымен тікелей байланысты. Өйткені жазба әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отырып, жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізін қалайды.

Өзбек әдебиетінің ұзақ тарихы бар. Ол халық ауыз әдебиеті мен көрші халықтар әдебиетінің ықпалы негізінде қалыптасқан. өзбек әдебиетінде әлемдегі фольклордың барлық түрлері кездеседі: эпостық циклдер, лиро-эпостық жырлар, салт жырлары, жоқтау, сықақ т.б. Аталған жанрлардың ішінде көш орын алатыны – халық өмірін баяндайтын тарихи оқиғаларға құралған дастандар. Оларға «Күнтуғмиш», «Алпамыш», «Таһир мен Зуһра», «Арзигүл», «Ашиқ пен Ғариб» т.б. жатады. Өзбек әдебиетінің дамуына Ахмет Югнаки,Құтыб, Хорезми, Дүрбек секілді Орта Азия түркі әдебиетінің белгілі өкілдері мен парсы-тәжік әдебиетінің классигі Жәми творчествосы үлкен ықпал жасады. Өзбек әдебиетінің дүние жүзі әдебиетіне белгілі болып, кеңінен танылуына Лутфидің шәкірті Ә.Науаидің творчествосы негіз болды. Ол сол кездегі дәстүр бойынша өз өлеңдерін парсыша жазумен бірге өзбек (түркі) тілінде де жазған. Науаи «Екі тілдің таласы» атты кітабында өзбек тілінің поэтикалық байлығы мен мүмкіндігін теориялық жағынан дәлелдеп шықтыү 16ғ-да өзбек әдебиетінің игі дәстүрін жалғастырушы Бабыр болды. Ол өзінің «Бабырнама» атты көлемді шығармасы арқылы өзбек әдебиетінде әдеби мемуарлық шығарманың негізін салды. 17ғ.мен 19-ғ-дың 1-жартысы аралығында Тұрды, Гүлхани, Мунис, Хорезми (1778-1829), Агаки (1809-1874) секілді ақындар мен Надира (1791-1842), Увайси (1780-1850), Махзуна сияқты ақын қыздар творчествосы елеулі орын алды. 19ғ-дың 2-жартысында өзбек халқының Россияға қосылуы, өзбек әдебиетінде демократтық-ағартушылық идеяның пайда болуына себепші болды. Мыс., Мұқими (1850-1903), Фурқат (1853-1909), Дилшад (1800-1905) секілді ақындар халықты оқу-ағартуға, орыс мәдениетінен тәлім алыға, ауыз бірлікке үндеді. Әсіресе ағартушылық-демократтық идеяны үгіттеу Х.Хакімзаде Ниязи (1889-1929), С.Айни (1878-1954), А.Қадыри(1894-1940)шығармаларында кең орын алды. Олар өз шығармалары арқылы халықты отаршылдық мен феодалдық езгіге қарсы күреске шақырып, әйел теңдігі мен бұхара халықтың саналы түрде топтасуын қозғауды негізгі тақырып етіп алды. Өбастаушылары да Айни мен Хамзаның революциялық рухта жазылған «Бай мен батырақ (1927) драмасы, «Кеңес жасасын, «Ей, жұмысшылар т.б. өлеңдері жаңа заманды, соц. өмірді насихаттады. Айнидің реалистік прозалары мен А.Қадыридің «Өткен күндер» (1925), «Мехрабтан шаян (1929) романдары өзбек әдебиетінде алғашқы жазылған романдар болды.



20ғ-дың басында Ғ.Ғұлам (1903-66), Айбек (1905-68),Х.Әлімжанов (1909-44),А.Қаһар (1907-68), К.Яшен (1909ж.т.), Ұйғын (1905ж.т.), т.б. жазушылар қосылды. Бұл кезде өзбек әдебиетінің өкілдері қала мен ауылдағы соц.құрылыс жеңістерін суреттей отырып, ескіліктің кесапатын әшкереледі. Әсіресе дінге, аяққа басылған әйел теңдігі мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Байлар мен секілікті сақтауға жасаған түрлі тап жауларын сынайтын «Муштум» сатиралық журналы шыға бастады. Ол өзбек әдебиетінде памфлет, фельетон жанрларының дамуына негіз болды. 30 жылдары ақын-жазушылардың шеберлігі артып, натуралистік баяндау тәсілінен арыла бастады. өзбек совет әдебиеті поэзия жанрының көне классикалық дәстүрін жалғастыра отырып, жаңа бағыт, жаңа түр мен мазмұнға ие болды. Бұл ретте, әсіресе, В.Маякрвскийдің жаңашыл әдісін үйрену, оны өзбек әдебиетіне қолданудың ерекше орны болды.

Өзбек әдебиеті туындылары СССР Жазушыларының 1-съезі қарсаңында СССр халықтары тілдеріне аударылып, Одақ көлемінде кеңінен таныла бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары өзбек ақын-жазушылары Отан қорғау тақырыбын өз шығармаларына негізгі өзек етті. Ғ.Ғұлам»Шығыстан келемін» атты жинағына енген өлеңдері, Айбек тарихи өмірбаяндық «Науаи»(1945) романы, Ұйғын мен И.Султан «Әлішер Науаи» драмасы үшін СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты болды. Өзбек әдебиетіндегі Отан соғысы тақырыбына байланысты өзге халықтардың алғашқы образдары жасалды(мыс., Яшеннің «Басқыншыларға өлім»т.б.). Отан қорғау тақырыбы Шухраттың «Шинельді жылдар», А.Рахмат, И.Рахымдардың повестерінде де бейнеленді. Отан соғысынан кейінгі жылдары М.Шейхзаде (1908-67) поэзиясы елеулі орын алды.Бұл кезде 30-жылдары әдебеит майданына келген Мирмухсин (1920ж.т.), Зулфия (1915ж.т.), А.Мухтар (1921ж.т.), Т.Тула (1917ж.т.)Шукурулла (1920ж.т.) т.б. ақын-жазушылар өнімді еңбек етті. Драмматургия саласы жаңа табыстарға жетті. Қаһардың Отанымызды қайта қалпына келтіру кезін суреттеген «Жібек созан»(1949), өзбек халқының еңбек жолын суреттеген Ұйғынның «Бостандық» («Хуррият»),»Ұшу», Яшеннің «Жарық жұлдыз», Н.Сафаровтың «Шығыс таңы», З.Фахтуллиннің «Сатқындар», Ә.Якубовтың «Берілгендік», А.Қаһардың «Ауру тістер» атты драмалары өзбек әдебиетіне қосылған кееск туындылар болды.Сондай-ақ Б.Рахмановтың «Жүрек сыры» (1951), С.Әзімовтың «Қанды сілем»(1964) секілді сатиралық пьесалары жазылды. Проза жанрында Айбектің «Науаи» (1945), И.Рахымның (1916ж.т.) «Шын махаббат»(1957) романдарын туған елді сүю тақырыбына арналса, Айбектің «Алтын аңғардың желі» (1950), «Ұлы жол» (1957), Қаһардың «Синчалық»(«Шанашақтай шымшық», 1958) повесі, И.Рахымның «Берілгендік»(1958), Ш.Раштдовтың «Жеңімпаздар» (1951), «Боранна да күшті» (1958) роман, повестреніде колхоз құрылысындағы жетістіктер бейнеленсе, Х.Ғұламның «Алау» (1958), М.К.Исмаилидің (1908) «Таң алдындағы Ферғана» (1958, жөнделіп басылуы 1966), Ж.Шариповтың «Хорезм» (1960-69) романдары рев. Тарихи тақырыпқа жазылды. А.Мухтар «Апалы -сіңілілері» романында (1954) ө-да жұмысшы табының туып, қалыптасу тарихын бейнелесе, «Туу (1961 романы совет адамының моралы туралы проблемаға арналды. Ол «Шынар (1970) романында бір семья тарихын суреттеу арқылы өзбек халқының бірнеше ұрпағын бейнеледі. П.Қадыровтың (19258) «Қара көздер (1966) романы мен А.Якубовтың «Жігіт болу оңай емес (1945) повесінде қазіргі жас еңбек қаһармандарының образы бейнеленген. Қазіргі өзбек әдебиетінде К.Мухаммади,К.Хикмат, П.Момын,Х.Нәзірдің балалар үшін жазған шығармалары одақ көлеміне танылды. Өзбек совет әдебиетінде А.Хашим,А.Саади, А.Шарафитдинов т.б. бастаған әдебиет тану ғылымы қалыптасты. 30 жылдары бұл сала Ю.Сұлтанов, И.Сұлтан, Х.Якубовтармен толықтырылса, соғыстан кейінгі жылдары А.Қаюмов; А.Қаюмов, В.Абдуллаевтар өнімді еңбек етіп келеді. Қазақ тіліне Ә.Науаидің «Таңдамалы шығармалары» (1948), «Ғазалдары»1968, А.Қадыридің «Өткен күндер (1963, Айбектің «Науаи» (1948), «Киелі қан» (1963), А.Мухтардың «Апалы-сіңілілері»(1960), Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» (1959) романдары, Ұйғынның «Өлеңдер мен поэмалары» (1961), Ғ.Ғұламның «Таңдамалылары» (1963), Яшеннің «Жарық жұлдыз» атты пьесалар жинағы, А.Қаһардың «Синчалақ» (1960), Н.Фазыловтың «Жүрек әмірі»(1961), Мирмухсиннің «Жоғалған гауһар» (1961) т.б. повестері аударылды. Өзбек тілінен аударылған шығармалардың ішінде жарына қарай топтастырылған «Өзбек өлеңдері» (1960), «Өзбек пьесалары»(1961), «Өзбек халқының ертегілері» (1957), «Мүшәйра» (1972) атты жинақтар да бар.

10 практикалық сабақтың тақырыбы:Әлішер Науаи шығармашылғы

Тапсырмалар:Науаи өмір сүрген кездегі тарихи жағдай. Ақынның қоғамдық және философиялық көзқарасы. Ақынның ғазалдары. Эпикалық шығармалары.

10-СОӨЖ тақырыбы:Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны.

Тапсырмалар: Абай шығармашылығымен салыстырмалы сюжеттік, композияциялық, идеялық, образдық салыстырмалы талдау

Есеп беру түрі: слайд презентациялау

СӨЖ тапсырмалары: Захреддин Мұхамед Бабыр өмір сүрген дәуірі, өмірі жайлы мәлімет. Лирикалық өлеңдері.

Есеп беру түрі:реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Науаи А. Сочинения в 10-томах. Ташкент, 1970.

  2. ССР халықтарының әдебиеті. Хрестоматия. А., 1976.

  3. Сөз зергерлері. А., 1966.

  4.  Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл

  5. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.

  6. Таңдамалы өлеңдері,1948;

  7. Стихотворения и поэмы,1965;

  8. Асарлар. 15 томдык,1963 - 68;

  9. Ғазалдар, 1968.


Он бірінші апта
11 дәрістің тақырыбы: Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде

Терминдер мен анықтамалар

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Хазма 1889 жылы 6 мартта Қоқан шаһарында, дәрігер семьясында дүниеге келді. «Әкем көзі ашық, оқыған кісі болғандықтан, деп жазады ол өзінің өмірбаянында, - 1898 жылы өзбекше, парсыша сауатымды аштым,1899 жылдан 1906 жылға дейін медреседе ескі жүйемен білім алуды жалғастырдым». Бірақ медресенің дәрісі, діни схоластика (діни философиялық ілім) зерек Хамзаны тез жалықтырады да, ол енді өз бетінше оқып, ізденуге көшеді.

Өзбек әдебиетінің классиктері – Лүтфи, Науаи шығармаларын зерттеп оқу, парсы-тәжік, әзірбайжан классик жазушыларының творчествосымен танысу, Гүлхани, Мұқими, Фұрхат секілді патриот ақындарының мұраларын сүйіп оқу, өзбек халық әндерін, ертегілері мен дастандарын зейін қойып тыңдау, ұлы орыс жазушыларының кітаптарына зер салу, сол кезде шығып тұрған газеттер мен журналдарды, ең бастысы – халықпен тығыз байланысып, бірге жасап, біте қайнасу – Хамза өткен өмір мектептері осылар еді.

Хамза 1908 жылы Наманганда оқып жүрген кезінде революционерлермен таныс болғанын еске алып, кейін былай деп жазды: «Қолмен көшіріп, кішкене кітапша, хабарландырулар шығарып жүретін бір татар жігітімен әңгімелесіп тұрушы едім. Сол жігіттің әсері ме екен, ұзамай мен ескі патшалар тұрмысынан «Шындық кімде?» деген ұлттық роман жазуға кірістім. Содан бергі жерде менің өлеңдерім ұлттық және революциялық рухта жазыла бастады».

Хамзаның күрделі де қиын, тыным алмай шарқ ұрумен өткен өміріне зер салып қараған адам, оның нағыз батыр болғанын көрер еді.

Хамза әдебиетінің барлық жанрында еңбек етіп, бүкіл бір халықтың, қала берді көп ұлтты совет халқының мәдени игілігіне айналған үлкен мұра қалдырды. Ұлттық поэзияның классигінің ең таңдаулы туындыларынан құралған 200-ге тарта ғазалдан тұратын «Нихон жырлары» («Девони Нихоний») топтамасы, 5 кітаптан тұратын «Ұлттық әндер үшін ұлттық өлеңдер жинағы» (1916-1919) кітаптары, «Жеңіл әдебиеті», «Оқу кітабы», «Қирағат»(дауыстап оқу) кітабы секілді педагогикалық шығармалармен қатар публисцистикалық мақалалар, қырыққа жақын драмалық туындылар жазды. Бұл бар болғаны жағдайда жүріп, творчестволық еңбеке арнаған адам үшін аз жүк емес.

Хамза Хакимзаданың әдеби-әлеуметтік позициясының қалыптасыунда үлкен роль атқарған негізгі факторлардың бірі-терең гуманизмге толы өзбек классикаылқ әдебиеті болса, екіншісі – оның заңды жалғасы боп табылатын жаңа бағыттағы өзбек демократиялық әдебиеті еді. Хамза творчествосы қалыптаса бастаған ХІХ ғасырдың ІІ жартысы және ХХ ғасырдың басы рекациялық, феодалдық-клерикалық әдебитеніңі кемеліне келіп, бел алып, тұрған кезі еді. Феодалдық өмірдің қызылды-жасыл қызық күндерін мадақтап, мәнсіз-мағынасыздықты дәріптейтін сарай ақындары және тәркі дүниеден безіп, баршаны тәуелділікее үндеген дәни-мистикалық ақындардың шығармалары кең насихаттады. Міне, осы реакциялық әдебиетке қарсы күресте халықтың ауыз және жазба әдебиеті демократиялық сипатта бой көрсетіп, жүре келе жан-жақты толығып, ел арасында үлкен беделге ие болды. Хамза осындай тарихи жағдайда дұрыс творчестволық ізденіс жолына түсіп, өзбектің демократ жазушыларымен бірге сапта тұрды.

Өзбек демократиялық әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі-нақтылы ой түйіндеуге ұмтылуы, әлеуметтік мәселелерді бірінші кезекке қоюы, жақсы өмірге құштарлық сезімдерінің күреске үндеуге ұласып кетуі. Демократиялық әдебиеттің бұл тенденциясы Хамзаның алғашқы творчествосының беташар кезеңі үшін үлкен мәнге ие болды.

Хамза Хакимзада классикалық әдебиеттен және өмірден тұрмыстан алған әсерлерін өз творчествосында шебер тұңғыш өлеңдерін жазды. Мұның бәрі оның дүниетанымының өсуіне, қоғамдық өмірдегі теңсіздікті тереңірек ақын боп қалыптаса бастауы осы кезең еді.

Классикалық әдебиет нұсқаларына тән сатиралық элементтермен қоса теңсіздік, әділетсіздік, ілім-білім кенжелігі бұдан былайғы жерде ақын шығармаларының үзілмес арқауына айналды. Хамза аталмыш тақрыпты игеруде өзінен бұрыңғы ақындардың шеберліктерін жетік біле отырып, өз дәуіріне тән әлеуметтік мәселелемен байыта түсті.

Айтайын жарияға енді:

Дананы надан дедік.

Көз жасым дария болды

Жүрміз-ау адам болып,-

деп «білім ачқ астындаАқлғанына налыса, тағы бір тұста халықты, кедейбалаларын оқыту,

білімді ету жолына бөгет болған атқамінерлерді қара қарғаға теңеп, олардың білім нарқын ұқпайтын топастығын шенеп, мемлекет мекемелерінің солардың қолында қалғанына қынжылады.

Хамза бұл жырларды халық арасында айтылып жүрген лайықтап жазды, мұның өзі аталған туындылардың ел ішіне тез таралып кетуіне мүмкіндік жасады. Мысалы, 1916 жылы жазылып «Қызыл гүл» топтамасына енген «Бір қазірет ишан айтады екен»атты сатиралық өлеңі жұртқа мәлім. «Ой, залым» деген әннің әуеніне лайықтап жазылды. «Әзімқожа ишан мен Тасқожа ишанның ауыз бекітуі» атты сатиралық өлең турады да осыны айтуға сөйлетеді, өздерін өздеріне әшкерлетеді. Ислам дінінің залал-зияны, шариғат тәртібінің зұлымдығы, ашкөздігі ишандар бейнесі арқылы шебер суреттеледі.

Хамза өзбек музыкасы мәдениеті тарихында бірінші болып ұлттіқ мұрамызды зерттеп, байытып және туысқан халықтар музыка мәдениетінің ең таңдаулы туындыларын пайдалана отырып, өзбек совет музыкасының негізін қалаған адам.

11 практикалық сабақтың тақырыбы: Ғафур Гулям шығармашылғы

Тапсырмалар:Ақын өмірі мен шығармашылғы. Ғ.Гулям поэзиясының өзегі – халық, олардың адал істері мен арманы. Ана, Ана жан дүниесі / «Ана»/. Балалық шақ, өзгешелігі мен әсемдігі / «Жырымның жақсы жолдары»/. Табиғат әуендері / «Көктем», «Жаз»/. Ғ.Гулям – поэзия өрнегіне жалынды күш, салмақты ойлар әкелген шебер ақын / «Сия»/.



11-СОӨЖ тақырыбы:Әл-Фараби және Абай

Тапсырмалар: Әл-Фараби мен Абай арасындағы ғылыми-падгогикалық сабақтастықтар. Поэтикалық сарындастықтар. Музыка туралы ой-толғамдар. Әл-Фараби мен Абай шығармаларындағы жанрлық жақындықтар. Діни-философиялық тамырластықтар.

Есеп беру түрі: Слай презентация

СӨЖ тапсырмалары:Өзбек әдеби тілінің қалыптасуындағы фольклор және жазба әдебиет

Есеп беру түрі: реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. ССР халықтарының әдебиеті. Хрестоматия. А., 1976.

  2. Сөз зергерлері. А., 1966.

  3. Күмісбаев Ө. Иран әдебиетінің тарихы. Оқу құралы. 2-басылуы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 274 б.

  4. Көбесов А. Әл-Фараби мен Абайды қатар оқығанда: Зерттеу еңбек. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 58 бет.


Он екінші апта

12 дәрістің тақырыбы: Татар әдебиетіне жалпы шолу

Терминдер мен анықтамалар

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)



Жазба әдебиеті көне дәуірден басталады. Ең көне үлгілері – Ғалидың ізгі махаббаты жырлаған «Жүсіп және Зылиха» (13 ғ-дың басы) поэмасы мен авторы белгісіз діни-эпикалық «Кесікбас» («Кисекбаш») жыры, «Сопыларға өсиет» атты дидактикалық шығарма т.б. сондай-ақ Алтын Орда дәуірінде жазылған. Құтбтың (14ғ) «Хұсрау және Шырын» (1342) поэмасы мен Хорезмидің «Махаббат кітабы»(1354),беріректегі Махмұт Бұлғаридің «Жұмаққа жолы» (1370) мен Мұхамедиярдың әр алуан поэмаларын (16ғ.) атауға болады. Феодализм дәуіріндегі татар жазба әдеиеті суфизмге негізделген діни-дидактикалық сипатта дамыды. Мұның өкілдері: Мавля Кули (17ғ.2-жартысы), Утыз Имяни(1754-1834), Шамсетдин Заки (1825-65) және т.б. болды. 18 ғ-дағы әдебиетте саяхатнамалар (Ғали Чокри, 1826-89) басым болса, 19ғ-да діни мадақ өлеңдер, хат, әңгімелердің авторларымен қатар, Әбділманих Ғабдессалямолв –Қарғалы (1782-1828), Ғабделжаббар Қандали(1797-1860), Мифтахетдин Ақмолла (1831-95), Яков Емельянов (1848-99) тәрізді татардың реалистік поэзиясының қалыптасыуна елеулі үлес қосқан бір топ ағартушы ақын-жазушылар әдебиет майданына келді.

19ғ. әдебиетінде мұсылмагдық схоластикаға қарсы ағартушы-демократиялық бағыт кең өріс алды.бұл тұста Әбунасыр Курсави (1776-1818) бастаған антифеод. Күресті Шигабутдин Маржани (1813-89) одан әрі жалғастырадлы. Каюм Насыри (1825-1902) өзінің әдеби, ғылыми пед.еңбектерімен ттардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалады. Ақмолла, Загир Бигеев (1870-1902), Ғадірахман Ильяси (1856-95), Фатих Халиди (1851-1923) шығармаларында адамгершілік, ізгілік пен зұлымдық, надандықтың бітіспес күресі сипатталады. Закир Хади (1863-1933), Шакир Мұхаммедов (1865-1923) бастаған бұл күрес 20ғ-дың басындағы әдебиетте революциялық-демократиялық бағытқа келіп ұласты. 1905-07 жылдардағы революция тұсында татар тілінде газет,журналдар шыға бастады, әдеби-сын, революциялық публистицтика дамыды. Дәл осы тұста бүкіл халықтық демократиялық қозғалысқа Ғабдулла Тоқай (1886-1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Мажит Ғафури (1880-1934),Ғ.Камал (1879-1933), Ф.Амирхан (1886-1926), Ш.Камал (1884-1942) тәрізді ақын, жазушылар жігерлі үн қосты. Рев.-демокр. идеология мен либералдық-буржуазия күшейе түсуі пролет.әдебиеттің тууына жол салды. Бұл жағдай революционер – жазушы Ғ. Құлахметов (1881-1918) творчествосынан айқын көрініс тапты. әдебиетке С.Рамиев (1880-1926), З.Ярмаки (1890-1965),Ш.Бабич (1895-1919), Мұхаммед Ғали (1893-1952),Ф.Валиев (1892-1914), М.Файзи (1891-1928), К.Тинчурин (1887-1947) тәрізді ақын, жазушылар қосылып, Ұлы Октябрь революциясын құшақ жая қарсы алды. Азамат соғысы жылдары әдебиет майданына Ш.Усманов (1898-1937), М.Мақсұт (1900-62), Қ.Нажми (1901-57), Мұса Жалил (1906-44), Х.Такташ (1901-31), А.Шамов (1901ж.т.), Б.Рахмат(1897-1957) тәрізді жауынгер жазушылар келіп қосылды. Татар совет әдебиетінің 20 жылдардағы туындылары Ғ.Ибрагимовтың «Қызыл гүлдар» (1922) повесі мен «Терең тамырлар» (1928) романында, Ш.Камалдың «Таң сәріде» (1927) романы мен Қ.Нажмидың «Шұғылалы соқпақ», «Күн астындағы жаңбыр» (1930) повестреніде, сондай-ақ Ф.Бурнаш (1898-1946), Х.Туфан (1900 ж.т.) шығармаларында жаңа өмірдің жалынды күрескерлерінің бейнелері жасалып, дәір көріністері эпикалық сипат алды. 30 жылдары татар әдебиетінде соц.реализм қалыптаса бастады. Еңбек, коллективтендіру, өндіріс тақырыбы өз шешімін тапты. Осы тұста Ш.Камалдың «Жақсылық пайда болғанда» (1937), М.Ғаляудың (1887-1938) «Мұхаджар» (1934), М.Амирдің (1907 ж.т.) «Ақ Еділ»(1936), Ғ.Башировтің (1901ж.т.) «Сиваш» (1937) роман, повестері жарық көрді. Бұл кезең әдебиетінен адамның рузани өмірін филос.мәнмен жырлайтын А.Файдидің (1903 – 58) «Флейталар» поэмасы мен «Тоқай» драмасы елеулі орын алды. Әдебиеттің өзге жанрлары да даму, өолеу үстінде болды. Комедия жанрларында К.Тинчурин (1887-1947), Хұсни, Н.Исанбет (1900ж.т.) тәріздес жазушылар көзге түсті. Ұлы Отан соғысы жылдарында көптеген ақын, жазушылар майданға аттанып, жауға қарсы күресте қаламымен де, қаруымен де қажырлы еңбек етті. Мұса Жалил, Ф.Карим, С.Хаким (19911 ж.т.), М.Садри (1903 ж.т.), З. Нұри (1921ж.т.), С.Баттал (1925ж.т.) жырлары мен Нәжми, Ғази, Х.Усманов (1908ж.т.), Т.Гиззат (1895-1955). Н.Исанбет (1900ж.т.) шығармалары соғыс жылдарының әдеби жылнамасына айналды. Мұса Жалилдің «Маобит дәптері» кейін тарихи өшпес даңққа бөленді. Соғыстан кейінгі дәіур әдебиетінде бейбіт кезең мен коммунизм орнату жолындағы қажырлы еңбек тақырыбы кең орын тепті. Бұл кезеңде қысқа әңгіме, повестремен қатар эпикалық туындылар да бой көрсете бастады. Қ.Нәжмидің «Ескек жол» немес «Көктем желі» (1948), Башировтың «Намыс», Абсалямовтың «Ғазинұр» (1953), Ғазидің «Ұмтылмас жылдар» (1-3кіт., 1949-66), Әмірдің «Таза жаны» (1-2бөл., 1954-60) мен т.б. көптеген туындыларда замандас бейнесі жасалды. Бұл жайт драматургия саласынджағы Ишмұратовтың «Дауылға қарсы» (1964), Исанбеттің «Мұса», (1956), Әмірдің «Бостандық» (1960), Ш.Хұсайыновтың «Зүбайда – адамзат баласы» (1965), Х.Вахиттің (1918ж.т.) «Алғашқы махаббат» (1960) атты шығармаларынан да жақын көрініс тапты. Балалар әдебиеті дамыды. 60 жылдары И.Юзеев (1933ж.т.), Ш.Ғалиев (1928 ж.т.) Э.Мәліков (1921ж.т.), С.Сүлейменова (1926ж.т.), Р.Файзуллин (1943ж.т.), Р.Харисов (1941ж.т.), Н.Фатах (1928ж.т.) Э.Қасимов (1930ж.т.), Ю.Аминов (1924), С.Шүкіров (1918ж.т.), Т.Минуллин (1935ж.т.) және т.б. көптеген жастар келіп қосылды.

Сын мен әдебиет тану ғылымы да өсіп өркен жайды. Танымал ақын, жазушылар творчествосы мен әдебиет тарихына арналған бір топ монографиялар жарық көрді. «Татар совет әдебиетінің тарихы» жазылды (1965). Бұл іске Х.Усманов (1908ж.т.), М.Ғайнуллин (1903ж.т.), Ғ.Халит (1915 ж.т.)Б.Ғиззат (1918ж.т.), Ғ.Кашшаф (1907ж.т.), Х.Хайри (1910ж.т.), Р.Бикмұхамедов (1928ж.т.), Н.Юзеев (1931 ж.т.), Р.Мұстафин (1931ж.т.) және басқалар қатысты. Татар әдебиетінен қазақ тіліне Ғ.Тоқайдың «таңдамалы шығармалары» (1952,1975), «Жезтырнақ» (1957), «Шөрәлі» (1966) атты жинақтары, Ғ.Ибрагимовтың «терең тамырлар» (1936), «Қазақ қызы» (1960), «Біздің күндер» (1971), Нәжми Қауидің «Көктем желі» (1952), Хусни Фатихтың «жаяудың соқпағы» (1960) романдары, Жалил Мұсаның «Жырларым» (1955), «Соғады жүректері»(1966), И.Салаховтың «Көкшетау жырлары» (1961) жинақтары, Ш.Усмановтың «Торғай даласында» (1972) повестер мен әңгімелер жинағы, Исанбет Нәкидің «Мұса Жалил» (1962) трагедиясы т.б. шығармалар аударылған.

12 практикалық сабақтың тақырыбы: Түркі халықтар әдебиетіндегі төрттаған жанры

Тапсырмалар:Төрттаған жанрының бастаулары. Көне түркі әдебиетіндегі төрттаған жанры.



12-СОӨЖ тақырыбы:Ғабдолла Тоқай шығармашылығы

Тапсырмалар:Ғұмырнамасы. Ақын өлеңдерінің тақырыптық мәні. А. Нәріковтың «Ғабдола Тоқай» өлеңі.

Есеп беру түрі: Ғылыми баяндама. Слайд презентация.

СӨЖ тапсырмалары:Ғабдолла Тоқай шығармашылығы

Есеп беру түрі: өлеңдерінен жаттау

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  2. Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы. Дәрістер жинағы. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. – 222 бет.

  3. Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.-Алматы, 2002.-220 б.


Он үшінші апта

13 дәрістің тақырыбы: Түркімен әдебиетіне жалпы шолу

Терминдер мен анықтамалар

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Түркімен әдебиеті эпостық шығармалар мен ертегілерге бай. 16 ғ-да бірнеше шығармалардан (12 жыр) құрастырылған «Китаб Дәдәм Қорқуд» («Қорқыт ата кітабы») жарыққа шықты. Түркі халықтарына ортақ бұл әдеби мұрада ертедегі сол халықтардың әдет-ғұрпы мен діни сенімдері (шаманизм мен қоса ислам діні) және Кавказ, Азия елдерінің эпостық дәстүрлері бейнеленген. Оның сюжеттік элементтері «Кероглы» («Көрұғлы», 16 ғ.) эпосында да бой көрсетеді. Хилали Чағатай (16 ғ.), Мырза Бархудар Түркмен (17 ғ.) т.б. ертедегі Т. ақындары шығармаларын парсы тілінде жазды. Ақын Азади (1700-60) шығармаларын шағатай тілінде жазды. 18 ғ-дың 2-жартысынан 20 ғ-дың басына дейін саяси әлеуметтік жаңа жағдайларға байланысты патриотизм сарыны мен азаматтық әуенде жазылған шығармалар пайда болды. Мақтымқұлы (18 ғ.) мен Дурды – Шаһирдің, Мақтымқұлы – Сеиди (1775-1836) мен Зелилидің (1795-1850) жазбаша айтыстары, Мискинклычтың (1847-1906) өлеңдер циклі Т. әдебиетінің жетіліп келе жатқандығын көрсетті. Мақтымқұлы әдебиеттегі жаңа бағыттың негізін қалады. Ол Т. әдебиетінде тұңғыш рет өлеңнің «гошпа» (төрттаған) түрін жазып, аруз өлшемін қолданды. 19 ғ-да түрікмен лирикасының белгілі өкілі Молланепес (1810-62) шығыс сюжеті негізінде «Таһир мен Зуһра» дастанын жазды. Кемине (Мәмедәлі, 1770-1840), Байрам Шаһир (1871-1948), Көрмолла (1872-1934), Молламұрат (1879-1930), Дурды Клыч (1886-1950) әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеп, халықтың мұң-мүддесін жырлады.

Кеңес дәуіріндегі Түркімен әдебиетінің алғашқы үлгілері Кермолланың («Большевик», 1918), Дурды Клычтың («Мен айтам», 1923, «Байлар», 1924, «Кедейлер», 1924), Буруновтың («Құттықтаймын», 1925) шығармалары болды. Берді Кербабаевтың «Әдет құрбандығы» (1932), Аман-Дурды Аламышевтың (1904-43) «Сона» (1932) т.б. шығармалары әйелдер теңдігіне арналды. 1925 ж. Якуб Насырлының (1899-1958) «25 жылдан соң» повесі шықты. 20 жылдардың 2-жартысында Б. Кербабаев пен Ағахан Дурдыев (1904-47) жаңа тақырыпта прозалық шығармалар жазды. Т. әдебиетінде тұңғыш рет Ата Қаушутовтың (1903-53) «Қанды орман» (1929), Б. Кербабаевтың «Тирьякеш пен Табиб» (1927) пьесалары жарық көрді. 30 жылдары А. Кекілов (1912-74), Ч. Аширов (1910 ж.т.), Алты Қарлиев (1909 ж.т.), Таушан Эсенова (1915 ж.т.) колхоз құрылысына арналған шығармалар жазды. Проза өркендеп, Хыдыр Дерьяевтің (1905 ж.т.) «Қанды шеңгелден» (1937), Б. Кербабаевтың «Айна мен Артық» (1936) рев. тарихи романдары жарияланды. Қысқа әңгіме жанры қалыптасып, Н. Сарыхановтың (1906-44) новеллалары басылды.

1934 ж. Жазушылар одағы құрылды. Т. әдебиетінің творчеств. әдісі соц. Реализм болды. 1928 жылдан «Совет әдебиеті» журналы шығып, Т. совет әдебиетінің дамып қалыптасуына ықпалын тигізді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ш. Кекіловтің «Иван ағай» (1942), Б. Сейтақовтың (1914 ж.т.) «Қуғындағы қыз», Я. Насырлының «Ерлік» (1942), Б. Кербабаевтың «Құрбан-Дурды» (1943) поэмалары т.б. жарияланды. 50 жылдары Т. әдебиетіне Ата Атажанов (1922 ж.т.), Мамед Сеидов (1925 ж.т.), Аллаберды Хайдов (1929 ж.т.), Шахер Боржақов (1929 ж.т.) т.б. жас әдебиетшілер келді. Гусейн Мұхтаровтың (1914 ж.т.) «Алланың семьясы немесе семьяның намысы» (1951 ж. қойылды), «Күміс портсигар», Қ. Сейтлиевтің «Жақан» пьесаларында жаңа еңбек, интеллигенттер өмірі көрсетілді. Б. Кербабаев «Алып адым» эпопеясының 2-3 кітаптарын (1947), «Ғажайыптан туылғандар» (1965) романын жазды. 60-70 жылдары прозада Бердіназар Құдайназаровтың «Далалықтар» (1970), Клыч Кулиевтің (1915 ж.т.). «Қара керуен» (1971), А. Атажановтың «Кремни» (1971), Б. Сейтақовтың «Ағайындар» (1-3-кіт., 1960-70), Х. Дерьевтың «Тағдыр» (1-4 кіт., 1960-71) романдары, Арап Құрбановтың (1927 ж.т.), Ораз Ақмамедовтың (1930 ж.т.) т.б. повестері мен әңгімелері басылды.

Түркімен әдебиетінен Б. Кербабаевтың «Ақ алтынды аймақтың Айсолтаны» (1952) повесі, «Алып адым» (1-2-кітап, 1962-63) романы, Мақтымқұлының «Таңдамалы өлеңдері» (1947, 1959, 1960), «Түрікмен жырлайды» (1963), «Түрікмен әңгімелері» (1969) атты жинақтар т.б. шығармалар қазақ тілінде жарық көрді.


13 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қырғыз әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман» сарындары

Тапсырмалар:Отарланған санадағы ортақ сарындар. Әлем халықтарындағы отаршылдыққа қарсы рухани қарсылықтар. Қазақ әдебиетіндегі зар заман, қырғыз әдебиетіндегі «Ақыр заман» (Қалығұл Байұлы). Қазақ пен қырғыздардың басынан кешірген тарихи ортақ ахуалы. Қос халықтың ежелгі таным-түсінігі, парық-пайымдарындағы сабақтастықтар.

13-СОӨЖ тақырыбы:Мағжан поэзиясының түрік тіліне аударылуы. Фейзуллак Будак.

Тапсырмалар: Мағжан поэзиясы мен Түрік әдебиетінің байланысы. «Түркістан», «Алыстағы бауырыма», «Мен кім?» өлеңдері.

Есеп беру түрі: Ғылыми баяндама.

СӨЖ тапсырмалары:Қарақалпақтың ХҮІІІ ғасырдағы әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы. Оның «Күйзелген халық» дастаны.

Есеп беру түрі: реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Алтайдағы жүрегімі: Мағжан Жұмабайға жауап. Фейзуллах Будак. Анкара, 2003.

  2. Д. Хамзабек., Б. Омарұлы., А.Шәріп. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Монография. – Алматы: ARNA-B, 2013. – 193 бет.

  3. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9


Он төртінші апта

14 дәрістің тақырыбы: Мақтымқұлы Фраги озық ойлы данышпаны ақын, түркімен әдебиетінің классигі. Шығармаларының басты тақырыбы

Терминдер мен анықтамалар

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Мақтымқұлы (шын аты, лақап аты – Фрачи, т.-ө.ж. белгісіз) – 18 ғ-да өмір сүрген, түркіменнің классик ақыны. Азади Дәулетмамбет ақынның баласы. Мақымқұлы ауыл мектебінде, кейін Хиуадағы Шерғазы медресесінде оқыған. Орат Азия, Азербайджан, Иран халықтарының ауыз әдеиеті нұсқаларының жастайынан бастпа, жатқа білген. МПоэзиясындағы өзекті тақырып – дамагершілік. өлеңдерінде халықты бірігуге, ру ала алауыздағын жоюға Иран шаһы мен Хиуа ханы, Бұхара әмірі сияқты басқыншыларға қарсы күреске, ерлікке үндейді. («Керекті», «Ер», «Болмаса» т.б.) ел ішіндегі бек, қазылар мен молдаларды, жол Қаулық пен тоғымарлықтың сынайды («Түркімен» т.б.) М. Бұхара халық, туған ел туралы толғаулары арқылы озық ойлы философ ақын ретінде де көзге түсті. әдет-салт хақында жаңа гуманистік мәселелер көтерді. («Тау санар», «Қарамас», «Кетіп барады», «Болмаса» т.б.)М.жырлары – халық даналығынан, ауыз әдебиетінен нәр алған жаңа үлгідегі поэзия. Ол араб-парсы поэзиясы үлгісін (арузды) қабылдамай, халық өлеңінің өлшемін падаланды. өлеңдерін халықытық тілмен жазды. М.шығармалары халық арасына кең тараған. 18 ғ-да оның бірсыпыра өлеңдерін Ф.Шопенинг пен А.Ходза (1842), Г.Вомберн (1863). Батыс Европада жарияланды. М.шығармалары қазақ тілінде шықты (таңдамалы өлеңдер 1947; таңдамалы өлеңдер,1959, «Өлеңдер»,1968).

1861 жылы өзінің Қазан қаласындағы досы, тарихшы – этнограф А.И.Артемьевке жолдаған хатныда орыстың атақты жазушысы Салтыков – Щедрин былай деп жазады:

«Осынау талантты.. . Фрачи маған шығыстың Шиллері сияқты болып көрінедіМен осы Александр Сергеевичпен (Пушкин туралыҚатар қоюдан қорықпаймын. Оның творчествосына ірі баға беру үшін арабшадан жасалған азғантай үзіндіге сүйсіну мүлде жеткіліксіз. Солай бола тұрса да, Мақтықұлы мен үшін аса үздік талант екені күнәнсіз».

Мақтымқұлы шығармаларына чуваш әдебиетшісі, тарихшы Спиридон Михайлов та, татар жазушысы Қапан Насыри де сүйсіну сезімін білдірген. Кейбір мәлеметтерге қарағанда Мақтұмұлы поэмаларына Л.Н.Толстой да ықылас аударған.

Қазақ арасына Мақтымқұлы есімі ертеден мәлім дей аламыз.

Туысқан түркімен халқының ұлы ақыны ойшылы, түркімен әдебиетінің классигі

Мақтымқұлы ХҮІІІ ғасырда өмір сүріп өткен ақын.Оның өмірбаянын зерттеуші адамдардың айтуына қарағанда, Мақтымқұлының әкесі Дәулетмәмбет. Азади деген кісі өз тұсында атақты ақын, ғалым болғн көрінеді. Солай болғандықтан, Мақтымқұылының өлең-сөзге бола күнінен үйір болып өсуі әдбен мүмкін нәрсе.

Мақтымқұлының ақындыққа неше жасынан бастап араласқанын дәлме-дәл айту қиын. Дегенмен, ол қалдырып кеткен мұра сан жағынан да, сапа жағынан да ауыз толарлықтай. Мақтымқұлы жазған өлең сондай екен. Бұл шығармаларының ішінен өлеңнің әр түрін кездестіруге болады: батырлық жайын айтатын өлеңдер лирикалық философиялық, сатиралық өлеңдер, өмірбаян жайын қозғайтын өлеңдер, публисцистикалық толғаныстар.

Заманның озғын ойлы, данышпан ақыны өзінің поэзиялық шығ-нда туған халқының өмріні кеңінен қамтып, мейлінше толық көрсетеді. Халықтық тұрмыс-күйі, туып өскен жерге махаббаты әділеттікті ақсауы,еркін өмірге құштарлығы қанаушыларынан өзіне лайық орын алады.

Ол заман түркімен халқы үшін қытымыр, қиын заман еді. Ру алалыға күшті, өз мемлекеті жоқ түркімендердің бір бөлігін Бұхар хандығы билесе, енді бір бөлігін Хиуа хандығы билеп төстейтін. Бұлардың үстіне, түркімен халқына Иран шахтары мен байлары да көз алартып, қысым көрсетіп отыратын.

Түркімен халқы осындай сыртқы тепкімен қабат. өз ішіндегі хан, сұдтандардан да көп жапа, шегіп, азап тартқан шақ еді. Бірақ бостандық, әділеттік сүйгіш халық соның бәріне қарсы аянбай алысты.

Мақтымқұлы туған халқының жаңағыдай халге ұшырағанын өз көзімен көрген ақын. Сол ауыр бейнетті өзінің де бейнеті санап, зхалық қайғысына ортақ болған. «Ол өз өміріне қарап халықтың, халық өміріне қарап өзінің өмірін көрген».

Оның поэзиясының халықпен бірге өсіп біте қайнасуы, өзінің таңдаулы шығармаларында еңбекші халық тұрмысының реалистік суреттерін шебер беруі Мақтымқұлын шын мағынасындағы ұлы ақын етеді.

Ол халық қуатына, ел күшіне әбден сенген адам. Мұны оның «Елімен», «Менімен», «Көздер», «Жар керек» сияқты өлеңдерін көріге болады. Бірқатар жырларында ол ер ірегі ел деген пікір айтады:

Биік тауға бұлт төнсе,

Сарқылады сел деген

Ер басына іс келсе,

Ақылдастра елмене!

Туған жерді, ел – жұртты сүю керек, сол үшін қызмет ету керек, сол үшін қызмет етукерек. Адам өмірінің мағынасы осы. Соңы түсіну керек.

Мақтымқұлының жастарға айтатын ақыны да отаншылдық сарында болып келеді.

Ерлер өлер ел үшін,

Жанын қияр көп үшін.

Ер жігітке ол үшін.

Намыс керек, ар керек.

Адам елмен адам. Елсіз оның күні жоқ деген идеяны ол бісыпыра өлеңдерінде баса айтады.

Мақтымқұлы әділетсіздікке қарсы алысып, поэзиясын хандарға, бектерге қарсы қару етіп

жұмсаған ақын. «Қалмады», «Бастады», «Бар шығар», «Келмес пе»сияқты өлеңдері осыны аңғартады. «би мен бегі жегіш, парақор» зұлымдықты шеней отырып, ақыры бір жақсылық келер деген үміт білдіреді.

Дүние сенің бір бұл емес келгенің,

Қып-қызыл қан тістеріңді көрмегін.

Құтшы үңгіген аясын сенің ермегің,

Көңіл сергіп, жвылаған бір күлмес пе?

әлдінің әлсізге, күштінің нашарларға озбырлық жасап, тізе көрсетіп жватқаны көрген

ақын қаламының өткір ұшын озбырларға қолдайды. «Қайда барсаң халық үстінде қолың сор» екенін айта келіп:

Залымдардың жұртқа сырты қабарып,

Қамшысынан қаны толы бастады,- деп суреттейді зорлық-зомбылық дүниесінің өкілдерін.

Ол қазы, молдаларды өлтіре сынап, халық алдында аясуыз әшкерлейді. Олар

халықты дін жолымен алдап, қан сорушылар екенін айтады:

Кей сопылар жүр өздерін сопы деп,

Залындармен өз томығын қосып жеп,

өзін адал адам екен десін деп,

әр есікке қолқа бола, бастады.

Немес, қазыларды шенеуі:

Қозы деген бір жауапта тұрған жоқ,

Еңбек етіп, кітпа оқып көрген жоқ.

Шариғаттың жолында әрі жүрген жоқ

Дүние үшін ардан кете бастады,

«Байқы», «Таптаса», «Көздер», «Тең емес» тәрізді өлеңдерінде ол езілген еңбекшілердің жаңашыр жыршысы есебінде көрінеді:

Біреулер жүр нан таппай,

Біреулер жүр жер таппай,

Біреулер жүр тон таппай

Біреу жібек шәл көздер

Мақтымқұлының көзі өз тұсындағы осындай кемтарларға, жоқшылық, мұқтаждық көргендерге түседі. әлеуметтік теңсіздік жайларын ол осылай көрсетеді.

«ол кедейшілік құлдық емес адаиға, қожалар бар құлға құны тең емес» деп, кеудені кере үн қатады да, адамды адам ететін еңбек ғылым деген пікір айтады:

Еңбегінде адал бол,

Ғылым табар шақ керек.
Еңбек етсең арта бермек мәртебең

Аймағыңда асатын жан жоқ сене.

Кітап пайдасын сөз қалғанда, ақын «онда қилы жан азығы жазу бар» деп келеді. Надандық жайлаған қолың елге ондай кітаптың маңызы күңгірт, әттең, соның көзін ашар кісі болса ... деп арман етеді.

Мақтымқұлының жақсылық, жамандық, ізгілік, жігіттік дәурен жайлы өлеңдеріндегі басым сарын-ерлікті мадақтау, ел қоғаны ерлерді мадақтау, ел қорғаны ерлерді ардақтау сарыны. («Кееркті» «Ер», «Ат керек», «Болмаса» т.т.)

Мысалы мынадай:

Ер жігіттің ел дегенде қойны ашық

Ез жігітке қайтып ішің жылысын.

Мақтымқұлы жинағында «айрылдым», «Сұлу» сияқты, жүрек түпкірінен қайнап шыққан, нәзік сезім күйін білдіретін әдемі, сыршыл өлеңдер де бар.

Мақтымұлы шығарамалырндағы ақын Ғали Орманов 1947 жылы аударды. Кейін бірқатар өлеңдерін Ғафу Қайырбековте қазақшалаған.
14 практикалық сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қарақалпақ әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман» сарындары

Тапсырмалар:Қарақалпақ халық қосықтарындағы зар заман сипаттары. «Бір аламат заман болды» қосығының зар замандық бағдары. Албан Асанның «Әжеп (ғажап) сұмдық заман болды» толғауымен үндестігі.

14-СОӨЖ тақырыбы:Қарақалпақ халқы, әдеби тілі

Тапсырмалар: Қарақалпақ әдебиетілінің қалыптасуындағы фольклор мен халық ауыз әдебиетінің, жыраулар поэзиясының рөлі.

Есеп беру түрі: Реферат

СӨЖ тапсырмалары:Бердақ шайыр - қарақалпақ әдебиетінің көрнекті өкілі

Есеп беру түрі: реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Д. Хамзабек., Б. Омарұлы., А.Шәріп. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Монография. – Алматы: ARNA-B, 2013. – 193 бет.

  2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

  3. Түркі тілдері: Ұжымдық монография.| Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК. – Астана, 2015. – 456 б.

  4. Бердібай Р. Байқалдан Балқанға дейін. – Алматы: Қазақстан, 1996. – 256 бет


Он бесінші апта

15 дәрістің тақырыбы: Ұйғыр әдебиетіне жалпы шолу. Ұйғыр әдебиетінің ХІХ ғасырда дамуы. Біләл Назым шығармашылығы (1824-1894)

Терминдер мен анықтамалар: ұйғыр әдебиеті, мәдениеті, Біләл Назым шығармашылығы

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

Өмірінің негізгі бөлігін Шығыс Түркістанда, ал соңғы жылдарын Қазақстанда өткізген Біләл Назым (1825-1900) шығармалары көркемдік-эстетикалық маңыздылығымен ерекешеленеді.

Ақынның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс», «Назыгум», «Сәлделі сайтан» дастандары –ХІХ ғ-ғы Шығыс Түркістандағы халықтардың тағдырларын поэзиялық тілмен бейнелеген елеулі эпикалық шығармалар. Ақынның дастандарындағы жырлаған оқиғалар мен кейіпкерлер көркем әдебиет пен фольклор дәстүрлерінің өзара сабақтаса, өрілуімен танылады.

Ақынның аталған дастандарында ортақ негіз болған нәрсе –тарихилық. Тарихилық дегенімізі –көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясына, композициясы мен сюжетіне, стильдік өрнектеріне арқау болатын өмірдің нақты деректілік мазмұны.

Ақын Біләл Назымының аталған дастандарындағы тарихилықтың нақты көрінісі – ХІХғ-ғы Шығыс Түркістандағы саяси-әлеуметтік оқиғалардың жырлағандығы «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастанында ХІХғ-ғы Шығыс Түркістан халықтарының қытай-манчжур билеушілеріне қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалысы жырланады.

Осы шындық оқиғаны тарихнамалық зерттеулер толығымен айғақтайды. ХҮІІІ-ХІХ ғ-да Шығыс Түркістан халқы қытай-манчжур феодалдарына қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Ең ірісі Жәңгір қажы бастаған көтеріліс (1826-27) еді. Ұйғырлар мен дүнгендердің 1864-77) жылдарындағы халық қозғалысы да нәтижелі болды. Бұған өзге халықтар да қатысты. Бұл қозғалыстың нәтижесінде Яку бек әмірлігі мен дүнген хандығы құрылды. 1878 жылы ұлт –азаттық көтерілісі басылғаннан кейін бұл аймақ Цин империясының провинциясының айналып, сол кезден бастап Шыңжаң аталды.

Біләл Назымның «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастанына арқау болған оқиғалар аталған 1864-77 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысты қамтыған. Дастанда халық қозғалысының көсемдері, батыр қолбасшылары Абдұрасұл бектің, Садыр палуанның, Жалал батырдың. Несіреуден ахуан және т.б. әскербасылардың, халық әскерінің жеңімпаздық істері тарихи деректілікке негізделе әдеби көркем тілмен жырланады. Біләл Назым халықтың ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан тарихи тұлғалардың ең бастыларын тізбектей жырлайды.

Дастандағы оқиғалардың дамуында ақын халықтың ұлт-азаттық қозғалысына қарсы дұшпан жақтың адамдарын да нақты бейнелейді. Азаттықты аңсаған халықтардың қасиетті қозғалысына бөгет болғандардың қатарындағы Жажин, Шанфун, Тұңжилан, Жаңжұң есімді қытай-манчжур билеушілері озбырлықтары, зұлымдылықтарымен көрсетіледі. Ал, жергілікті халықытардың ішінен шыққан Мәзәмханның, Ахмедханның сатқындық, жауыздық әрекеттеріне де баға беріледі. Шығыс Түркістанға осы халық қозғалысының түркі нәтижесінде Якуб бек әмірлігі мен Дүнген сұлтандығы құрылып, біраз уақыт бойы өлкенің өзін-өзі басқару дербестігі болады. Сол кезде Шығыс Түркістанмен саяси –экономикалық байланыстарды орнатуға Ресейден, Англиядан арнайы экспе-р ұйымдастырылады.

Ақынның «Назыгум» дастанында Қашқар жеріндегі ұйғыр халқының батыр қызының қайсарлығы, отаршыл жауларға бас имеген ерлігі жырланады. Дастандардың сюжетіне Шығыс Түркістан тарихындағы Жәңгір қажы бастаған 1826-1827 жыл/ғы ұлт-азаттық қозғалысының күрескерелір арқау болған. Қашқардағы Қытай манчжур билеушілеріне қарсы көтеріліп, уақытша жеңіске жеткенмен ақыры жеңіліске ұшыраған халық ерлігінің ішіндегі тұтқынға түскен Назымгумнің жауға бас имеген өжет мінезі сипатталады. Қытай мен қалмақ билеушілерінің тұтқынынан қашып, қайтадан қолға түсіп жүргенде де Назымгул зорлықшылардан өлтіріп кегін алады. Жау қолына қайтадан түскенде де бас имеген батыр қыздың жендетте басын шауып өлтіреді. Дастанның билеген отаршыларға қарсы халықтың ызасын, ашу-кегін Назыгум сынды батыр қыздың көркем бейнесі арқылы таныту.

Біләл Назымның «Сәлделі Сайтан» атты сатиралық дастанныда да Шығыс Түркістанның тарихындағы әлеуметтік мәні болған шындық оқиға сыншыл тілмен жырланған. Шығыс Түркістан ұйғыр. Қазақ,дүнген халықтарының ХІХғ тұрмысына Қоқаннан барған қожалардың әсері, ықпалы мол болған. Дастанның басты кейіпкері Юсуфхан өзін «исламның насихатшысы қожамын» деп өтірік таныстырып халықты алдайды.

Қожаларды әулиедей құрметейтін халық осы әзәзілдің сөзіне нанып, оған сый-құрмет жасап, оның шарапаты арқылы бақытты болатындарына сенеді. Адамдардың арамзалық қылықтарын шындық етіп насихаттайтын қошеметшілері де табылды. Бұл – дастан оқиғасының Шығыс Түркістан қожалар ықпалы жүрген кезеңмен сәйкестігін танытатын ерекшелік. Дастанның сатирлаық тілі халықтың аңқау көңілін де, алдаушыны да, өтірік қолпаштап пайда табушыларды да осылайша мысқылдайды.

Елді алдаушы Юсуфханның шын сырын білетін Әбдішәпітрің әзәзіл қожаың жұмсаған адамдарының қолынан қаза таыуы да нанымды суреттеледі. Ақын алдаушыларды әшкерлейтін адалдық иелерінің осылай мерт болуына бүкіл тіршіліктің де қайғыратын қалпын кейіпкерлік суреттермен өте әсерлі елестетеді.

Дегендей:

Ер түбіне есер жетті

Тұтасып қара бұлт нөсерлетті.

Қайысып қабырғасы тау жылады,

Қайғыдан жапырылды балқұрағы,

Дүние үн қатқандай күйініп бір,

Ақ қайың діріл қағып иіліп тұр.

Халықты алдаған, адал адамдарды өлтірген Эсуфханның оқиға шешімінде дарға асылып жазаланы. Тұрмыстық – салттық әдет –ғұрыптың дәстүріне сәйкес жырланады. Демек, ақын Біләл Назым барлық эпикалық дастандарында көркем әдебиеттің шынайылылығы, хал-ң мазмұн танытатын тарихилық әдісін көркемдік шішммен пайдаланған.

Біләл Назым дастандарындағы фольклор дәстүрлері шығармалардың тұтас желісінде аңғарылады. Ең бастысы-дастандар құрылысының фольклордағы эпикалық жыршылдық дәстүріне сай жырланғандығы. Дастандардағы көп оқиғалар өзара жалғастырыла, ұштастырыла жырланып, фольклордағыдай мол уақытты қамти жырлаушылық табиғаты дараланып байқалады.

Ақын дастандарындағы фольклорлық сипаттардың бірі-өлеңмен жарлау мен қара сөзбен әңгімелеу араласы қолданылуы. Бұл – түркі және ұйғыр фольклорындағы ежелден қалыптасқан үлгі. әңгімешілік – ертегішілік ақындық, жыршылдық және әуездік аспаппен қосыла орындаушылық бәрі қосыла келе фольклордағы өнер тұтастығы (синретизм) табиғаты ерекшелігін құрайды.

Ақынның дастандарға фольклор дәстүрінің тағы бір көрінісі –халық әдебиеті жанрларының бірі жоқтаулардың да қолданылуы. Жоқтаулар ұйғыр әдебиетінің ежелгі жанрларының бірі. Біләл Назымның өзінің шығармаларында жоқтаудың сарындарын шеберлікпен пайдаланады. Әсіресе, «Қытай мемлекетіндегі қозғалыс» дастандарында жоқтаудың бірнеше түрлерін қолданады. Солардың бірі ұлт –азаттық қозғалысының жауынгер басшы көсемі Абдұрасулбек қапыда, опасыздықтың құрбаны боп өлтірілгенде әйелінің айтқан жоқтауы.Ері бұл фәниден көшкенде әйелінің айтатын зарын мұңын ақын шынай қалпымен жеткізеді:

Айналайын арысым,

Көз жетпейтін асылым.

Көзімнің жасы құйылып,

Қалды ғой күлкім тиылып,

Саялап қана жүр едім.

Жығылды алтын тірегім.

Қайғы бір басты ордаңды,

Қадірлі басын қорланды.

Іленің бойын бу басты,

Бақшанды тасқын су басты,

Көрер ме тәңірім жасыңды,

Жыласын жайып шашыңды

Ақынның осы дастанында ағасының інісіне баласының әкесіне арналған жоқтаулары да бар. Ер Жалады жоқтап жырлаған інісі Біләл ақынның жыры-лирикалық қаһарының да осы дастан оқиғаларының қалың ортасында жүрген күрескерлік тағдырының көрінісі. Інісі батыр Жалалды жоқтаған ақын қайғыны «Тағдыр тұман адастырды», «Дүниенің дауылы», «Көзім жасы болды зілдей қорғасын» және т.б. көркемдінгі әсерлі тіркестермен бейнелей жырлайды.

Бауыр етті, ақыл-есті қайғы қанжар түйрейді.

Егер ақын күйрер болса, жалғыздықтан күйрейді.

Сәулет кетті, бағын тайды, жұлынды үміт жүлгесі,

Қасіреттен қолда ақынның ауырмаған сүлдесі.

Сағындырды- ау, сағындырды-ау бауырымның

Біләл Назымның дастанындағы фольклор дәстүріндегі жоқтаудың шығармашылықпен жырлаған тағы бір үлгісі – балалардың әкелерін жоқтауы. әкелері Нөсіреддин жау қолынан өлгенде балалары Фахіреддин мен Низамиддиннің жоқтауларын ақын екі түрлі мазмұндық мәнермен береді. Фахіриддиннің жоқтауында ұлдың ендігі әкесіз өміріне деген қайғылы көзқарасы айтылады. Низамиддиннің жоқтауында әкесінің тірі кезіндегі қуат, дем берген, арманшыл асқақа тұлғасы дәріптеледі. Ақын осы өлеңдегі фольклордағы жоқтау жанрына шығармашылық жаңалық енгізіп, жоқтаушы ұланның әке рухына ант, серт бергендей қаһармандық мұраттарын да жеткізеді.

Біләл Назым шығармаларындағы фольклор дәстүрлерінің сақталуы -әлем халықтары әдебиеттеріне тән заңдылық. Халықтың қара өлеңдерінің өлшемдік өрімдерін, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді жаңғырты қолдану, тыңдаушыларына тікелей арнап жырлау – бәрі де ақын мұратының халыөтық сипатын танытатын ерекшеліктер.

15 практикалық сабақтың тақырыбы:Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарындағы ағартушылық идея, жәдидшілдік

Тапсырмалар: ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағыРесей империясы құрамындағы түркі халықтарынның тарихи-әлеуметтік жағдайы. Отаршылдық езгіден шығудың ағартушылық- жәдидшілдік идеясы. И. Гаспринский бастаған идея және түркі халықтынының ағартуышылқ жолы. Қазақ даласындағы ағартушылық идеялардың жалпы түркі тектес мұсылман халықтарымен ортақтығы және өзіндік ерекшеліктері. Жалпы әдебиеттегі көрінісі.



15-СОӨЖ тақырыбы:ІҮ-ІХ ғасырлардағы көне түрік әдебиеті ескерткіштері

Тапсырмалар: Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары, Қорқыт ата кітабы, Оғызнама, Әбу Насыр әл –Фарабидің әдеби мұралары т.б.

Есеп беру түрі: Ежелгі түркі халықтарына ортақ әдеби мұралардың ортақ кестесін шығару. Саралау. Слайд презентациялау.

СӨЖ тапсырмалары:Түркі халықтары әдебиетінің зерттелу тарихы

Есеп беру түрі: реферат

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


  1. Біләл Назым дастандарындағы тарихилық және фольклор дәстүрі.// Абдурсимед Әлімқажы, қазақ тілі мен әдебиеті № 10/200. 52-55 бет

  2. Д. Хамзабек., Б. Омарұлы., А.Шәріп. Ұлттық әдебиет және дәстүрлі ментальдік. Монография. – Алматы: ARNA-B, 2013. – 193 бет.

  3. Ахметов Ә. Түбі түркі өркениет. – Алматы, «Арыс» баспасы, 2009. – 344 бет.

  1. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (эссе)

  1. Шоқан және Манас жырының зерттелуі

  2. Ш. Айтматов шығармашылығындағы мәңгүрттік мәселесі

  3. Ғ. Тоқай шығармашылығы

  4. Бердақ Шайыр және жыраулық дәстүр

  5. Абай және шығыс әдебиеті

  6. Әлішер Науаи шығармашылығы

  7. Абай мен Әжінияз шығармаларының үндестігі.

  8. Мырза Фатали Ахундовтың шығармашылығы

9. Шығыс поэзиясының тақырыбына жазған қазақ ақындары

7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

Түркі халықтарының әдебиеті пәні туралы түсінік.

Түркі халықтарының әдебиеті пәні туралы түсінік.

Түркі халықтарының ежелгі әдебиетіне шолу

ІҮ-ІХ ғасырлардағы көне түрік әдебиеті ескерткіштері / Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары, Қорқыт ата кітабы, Оғызнама, Әбу Насыр әл –Фарабидің әдеби мұралары т.б.

Түркі халықтары әдебиетінің зерттелу тарихы

Азербайжан әдебиеті жалпы шолу

Азербайжан халқының ауыз әдебиет

Азербайжаннның көне жазба әдебиеті және қазіргі сөз өнері.

Низами Ганжауи шығармашылығы

Низами дастандары оқуға: Жеті ару.

Әзербайжан халқының ағартушы, көрнекті өкілі Мырза Фатали Ахундов

Ахундов – азербайжанның реалистік драматургиясының негізін салушы.

Ахундов прозалары. «Алданған жұлдыздар» повесі. Тақырыбы, идеясы.

Низами Ганжауи «Ләйлі-мәжнүн», «Ескендірнаме» дастандары.

Дастандардың тақырыбы мен көркемдік ерекшеліктері. Дастандағы образдар жүйесі. Низамидің Шығыс әдебиетіне ықпалы.

Низами Ганжауи «Ләйлі-мәжнүн»,

ХХ ғасыр басындағы әзербайжан әдебиетіндегі реалистік поэзия, драматургия, прозаның дамуы.

Самид Бургунның шығармашылық өмір жолынан мағлұмат. «Азербайжан», «Баку» жайлы дастан поэмаларындағы халық бейнесі.

Өлеңмен жазылған «Вагиф» драмасы.

Мырза-Алекбар-Сабыр /1862-1911/ - сатирик ақын.

Азербайжан елінің бүгінгі мәдениеті мен әдебиеті.

Башқұрт әдебиеті, башқұрт халқы туралы мағлұмат.

Ауыз әдебиеті. Қобайыр /толғау/ жанрының негізгі тақырыптары.

Әнмен айтылатын «Салауат», «Азамат», «Орал» - жырлары.

Башқұрт халқының мақал-мәтелдері.

Сайфи Фаттах Құдаш – башқұрт халқының ірі қоғам қайраткері, үлкен ақыны. «Жастық шақтың ізімен» атты естелік шығармасының тарихи мәні.

Қарақалпақ әдебиетіне жалпы шолу.

Қарақалпақ халқының ауыз әдебиеті.

Қарақалпақтың ХҮІІІ ғасырдағы жазба әдебиеті.

ХІХ ғасырдағы қарақалпақ әдебиеті.

Кеңес дәуіріндегі қарақалпақ әдебиетінің даму жолына сипаттама.

Қарақалпақтың «Қырық қыз» эпосы.Эпостың ауыз әдебиетінен алатын орны, маңызы. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Гүләйім, Арслан, Жұрынтаз образдары. Эпостың тілі.

Қарақалпақ халқының мәдениеті

Бердақ – шайыр өмірі, шығармашылығы. Өмірі жайлы мәлімет. Бердақтың өлеңдері. Бердақтың дастандары.

Қарақалпақтың ХҮІІІ ғасырдағы әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы. Оның «Күйзелген халық» дастаны.

ХІХ ғасырдағы қарақалпақ әдебиеті. Күнқожа Қосыбайұлы шығармашылығы.

Қырғыз әдебиетіне жалпы шолу.

Қырғыз халқы, оның тарихы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның жанрлары / мақал-мәтелдер/, тұрмыс-салт жырлары, ертегілері, эпостық жырлар т.б/

Қырғыз ауыз әдебиеті, оның жанрлары

Қырғыз халқы, тілі жайлы мәлімет

«Манас» - қырғыз халқының эпикалық туындысы.

Жырдағы қырғыз халқының бірнеше ғасырлық тарихы. Манасшылар. Олардың эпос сюжетін дамытудағы атқаратын ролі. «Манас» жырының жазылып алынуы, зерттелуі. /Ш.Уалиханов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан зерттеулері/.

«Манас» эпосының көркемдік тілі / реферат/.

«Манас» жырының зерттелуі

Қырғыз халық ақындары – Тоғалақ молда, Тоқтағұл Сатылғановтардың шығармашылық мұралары.



«Манас» жырынан үзінді жаттау.

«Көрұғлы» дастанының көп нұсқалық сиаты. / реферат/

Қырғыздың кіші эпосы - «Эр-тештюк».Эпостың сюжеті және қазақтың «Ер Төстік» ертегісі. Жырдың зерттелуі мен жазылып алынуы. Қазақ ертегісі мен қырғыз эпосының сюжетіндегі үдестіктер мен өзіндік айырмашылықтары.

ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы түркі әдебиеті

ХХ ғасырдағы қырғыз әдебиетінің өкілдері. Аалы Тоқамбаев, Т.Сыдықбеков шығырмашылықтары.

Аалы Тоқамбаевтың өмірі мен жазушылық қызметі. «Қанды жылдар» - қырғыз халқының азаттық үшін күресін баяндайтын өлеңмен жазылған роман. 1916 жылға зобалаңға қарсы күрес. Қытайға өту жолдарындағы сұрапыл жайлардың терең сезіммен жырлануы. Романның мазмұн тереңдігі мен тіл нәрлілігі. Аалы Тоқамбаев әдебиет зерттеушісі.

Хамза Хакім Заде Ниязидің махаббат жырлары (өзбек әдебиетінен)/ жаттау/.

Ш.Айтматов қырғыз халқының жазушысы.

Ш.Айтматов шығармашылығындағы мәңгүрттік мәселесі /реферат/.

Түркімен халқы жайлы қысқаша мәлімет. Ауыз әдебиеті, оның түрлері.

Өзбек әдебиетіне жалпы шолу. Әлішер Науаи шығармашылғы.

Өзбек халқының ежелгі тарихы, мәдениеті, әдебиеті, қоғамдық-әлеуметтік өмірі жайлы қысқаша мәлімет.

Ауыз әдебиеті. Батырлық жырлары.

Х-ХІІ ғасырларда ғылым мен мәдениеттің дамуы.

ХУ ғасырдың екінші жартысындағы өзбек поэзиясы. Оның түркі тілдес халықтар әдебиетінің дамуына тигізген әсері.

ХХ ғасырдың басындағы әдебиетке шолу.

Захреддин Мұхамед Бабыр өмір сүрген дәуірі, өмірі жайлы мәлімет. Лирикалық өлеңдері. / реферат/.

Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны.

Өзбектің классикалық поэзиясының игі дәстүрін жалғастырушылар: Айбек өмірі мен жазушылық қызметі.

Айбек – шебер аудармашы. / «Евгений Онегин», «Демон», «Фауст», «Иллиада», «Давид Сосунский», т.б. /.

Ғафур Гулям шығармашылғы

Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде

Мақтымқұлы Фраги халқының озық ойлы данышпаны ақыны, түркімен әдебиетінің классигі. Шығармаларының басты тақырыбы-батырлық, елін сүю, елдік, бірлік.

Татар әдебиетіне жалпы шолуЕрте замандағы Қазан татарларының жазба мәдениеті.

ІХ ғасырдағы татар әдебиеті. Өзіндік сипаты мен ерекшелігі. Ғалидің «Жүсіп-Зылиха» поэмасы / 1210/, Махмуд Булгаридің «Хател - Фарадис» атты әңгімелер жинағы.

Каюм Насыри шығармашылығы.

Каюм Насри ағартушы-педаго, жазушы, ғалым. «Нәху кітабы», «Бос уақыт», «Қырық уәзір» атты шығармалары. «Әдебиет жөнінде әңгімелер», «Қазан татарларының халық әдебиетінің үлгілері» атты еңбектерінің тарихындағы орны.

К.Насридың «Қырық уәзір» атты жинағы / оқу, талдау/.

Түркі халықтарына ортақ «Қозы Көрепш Баян сұлу» жырының сюжеттері.

Ғ.Тоқай шығармашылғы

Ақынның өмір жолы мен шығармашылық қызметі. Шығармаларында татар халқының өмірін, әдет-ғұрпын, арман-тілегін суреттегендігі. «Зарлану», «Үш ақиқат», «Бостандық туралы», «Арамтамақтарға», «Мемлекеттік дума» т.б. шығармаларының идеялық мазмұны.

Тоқайдың балаларға арналған шығармаларының тәрбиелік мәні.

Әйел теңдігіне арналған өлеңдері – «Татар қыздарына», «Әйелдер бостандығы».

Мұса Жалил шығармашылығы.

«Моабит дәптеріндегі» жырлары.

М.Жалелдің «Моабит дәптеріндегі» жырларындағы отансүйгіштік сарын

Түркімен әдебиетіне жалпы шолу. «Көрұғлы» - батырлық эпос.

Түркімен әдебиетінің классигі – Мақтымқұлы Фраги.

Г.Ибрагимов, Ғалиасқар Камал, Нұри Арслановтың шығармашылықтарына шолу. Г.Ибрагимовтың «Қазақ қызы» романының мәні.

Берді Кербебаевтың, Беки Сейтақовтың түркімен халқының әдебиеттегі алатын орны.

Ұйғыр әдебиетінің ХІХ ғасырда дамуы.

Ұйғыр халқы туаралы мәлімет.

Ұйғыр әдебиетіне жалпы шолу. Ұйғыр әдебиетінің ХІХ ғасырда дамуы. Біләл Назым шығармашылығы.

Ұйғыр жазба әдебиетінің ХҮІІ ғасырдағы көрнекті өкілдері: Абду Шукур, Шаһ Мұхаммед, Мұхаммед Рақым Қашқари, Мұхаммед Имин Харқати т.б. туралы мәлімет.

Біләл Назым шығармашылығы.

Ұйғыр әдебиетінің ХІХ ғасырда дамуына мол үлес қосан қаламгелер – Абдурарехим Низарий, Тури Гәрбий, Назугум, Біләл Назым т.б. Ақын Біләл назым. Ғазалдары. «Назугум» дастаны.



Ұйғыр әдебиетінің Қазақстанда, сондай-ақ Қытайдың Шыңжаң өлкесінде дамуы.


  1. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі

  1. М.Ф.Ахундов – ағартушы, демократ жазушы

  2. Башқұрт әдеби тілі

  3. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің әдеби-тарихи мәні

  4. Низамидың өмірі мен шығармашылығы

  5. Әл-Фараби және Абай

  6. Өзбек әдеби тілі

  7. Мұхаммед Физулидің өмірі мен шығармашылығы

  8. «Манас» жыры - дүниежүзілік әдебиеттің мұрасы

  9. Түрікмен әдеби тілі

  10. Түркі халықтары әдебиеті пәнінің мәні мен мақсаты, міндеттері

  11. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегі

  12. Қарақалпақ әдеби тілі

  13. Хамса жанры. Низами дастандары

  14. Тоқтағұл Сатылғанов шығармашылығы

  15. Түрік әдеби тілі

  16. Низами мен Физули мұраларының танымдық-тәрбиелік мәні

  17. Қырғыздың дәуір әдебиеті. Жолмырза Аймырзаев, Төлепберген Қайыпбергенов шығармашылығы

  18. Татар әдеби тілі

  19. Әдеби байланыс. Түркі халықтар әдебиетінің әлем әдебиеті және шығыс халықтары әдебиеті байланысы

  20. Түркі халықтар әдебиетіндегі төрттаған жанры

  21. Ұйғыр әдеби тілі

  22. Қазақ пен қырғыз әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман» сарындары

  23. Захреддин Мұхамед Бабыр өмір сүрген дәуірі, өмірі.

  24. Ұйғыр халқы, әдеби тілінің қалыптасуындағы әдеби жәдігерліктер

  25. Қазақ пен қарақалпақ әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман

сарындары

  1. Ә.Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны.

  2. Нойғай тілі

  3. Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарындағы ағартушылық идея, жәдидшілдік

  4. Мақтымқұлы Фраги озық ойлы данышпаны ақын, түркімен әдебиетінің классигі. Шығармаларының басты тақырыбы

  5. Қарашай-балқар әдеби тілі

  6. Шығыс поэзиясының тақырыбына жазған қазақтың кітәби ақындары

  7. «Манас» жырының зерттелуі

  8. Башқұрт әдеби тілі

  9. Әлішер Науаи шығармашылығы

  10. Өзбек кеңес әдебиетінің өкілі – Хамза Хакім-Заде

  11. Қырғыз әдеби тілінің қалыптасуына әсер еткен көне әдеби жәдігерліктер

  12. Түркімен әдебиетінің классигі Сеиди шығармашылығы

  13. Мұса Жалил шығармашылығы

  14. Қарайым әдеби тілі

  15. Түркімен мен қазақ фольклорына ортақ арналар («Көрұғлы» эпосы т.б.)

  16. Қарақалпақтың ХҮІІІ ғасырдағы әдебиеті. Жиен жырау Тағайұлы. Оның «Күйзелген халық» дастаны

  17. Қарақалпақ халқы, әдеби тілі

  18. Құмық тілі

  19. Бердақ шайыр - қарақалпақ әдебиетінің көрнекті өкілі

  20. Саха халық ауыз әдебиеті

  21. Саха әдеби тілі

  22. Тоқтоғұл Сатылғанов – қырғыз әдебиетінің көрнекті өкілі

  23. Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарындағы ағартушылық идея, жәдидшілдік

  24. Шор тілі

  25. Қарақалпақтың «Қырық қыз» эпосы.Эпостың ауыз әдебиетінен алатын орны, маңызы. Қысқаша сюжеті. Тақырыбы, идеясы. Гүләйім, Арслан, Жұрынтаз образдары. Эпостың тілі.

  26. Ұйғыр әдебиетінің шайыры Біләл Назым шығармашылығы

  27. Алтай әдеби тілі

  28. Түркі халықтары әдебиетінің зерттелу тарихы

  29. Низами Ганжауи шығармашылығы

  30. Чуваш тілі

  31. ІҮ-ІХ ғасырлардағы көне түрік әдебиеті ескерткіштері / Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырлары, Қорқыт ата кітабы, Оғызнама, Әбу Насыр әл –Фарабидің әдеби мұралары т.б.

  32. Ақмолла Мұқамедияров шығармашылығы

  33. Қырым татары және қырымшақ әдеби тілі

  34. Азербайжан халқының ауыз әдебиеті

  35. Ирчи Қазақ – құмық ақыны

  36. Гагауыз әдеби тілінің қалыптасуы

  37. Низами Ганжауи «Ләйлі-мәжнүн», «Ескендірнаме» дастандары.

  38. Ғ. Тоқай шығармашылығы

  39. Түрікмен халқы, әдеби тілінің қалыптасуындағы көне әдеби жәдігерліктер

  40. Ш.Айтматов қырғыз халқының жазушысы

  41. Қарақалпақ фольклоры

  42. Алтай әдеби тілі

  43. Қырғыздың кіші эпосы - «Эр-тештюк». Эпостың сюжеті және қазақтың «Ер Төстік» ертегісі. Жырдың зерттелуі мен жазылып алынуы. Қазақ ертегісі мен қырғыз эпосының сюжетіндегі үдестіктер мен өзіндік айырмашылықтары.

  44. Ғафур Гулям шығармашылғы

  45. Ноғай тілі

  46. Сайфи Фаттах Құдаш – башқұрт халқының ірі қоғам қайраткері, үлкен ақыны.

  47. Қырғыз ауыз әдебиеті, оның жанрлары

  48. Әзірбайжан тілі мен әдебиеті, мәдениеті

  49. Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегі

  50. Мұса Жалил шығармашылығы

  51. Салар әдеби тілі

  52. Хамза Хакім Заде Ниязидің махаббат жырлары

  53. Ресей империясы құрамындағы түркі халықтарындағы ағартушылық идея, жәдидшілдік

  54. Тофа әдеби тілі

  55. Ахундов – азербайжанның реалистік драматургиясының негізін салушы.

  56. Хамса жанры. Низами дастандары.

  57. Абай және Әжінияз шығармашылығындағы байланыс

  58. Жаңа замандағы қырғыз-қазақ әдеби байланысы. Ш. Айтматов және М. Шаханов «Құз басындағы аңшының зары»

  59. Абай және Әл-Фараби шығармашылығында үндестіктер

  60. Қарашай-балқар әдеби тілі

  61. Жаңа замандағы қырғыз-қазақ әдеби байланысы. Мәңгүрттік мәселесі. Ш. Айтматов және Ә. Кекілбаев («Қош бол, Гүлсары», «Бәйге торы» т.б шығармалары негізінде)

  62. Қазақ пен қарақалпақ әдебиетіндегі отарлаушылыққа қатысыты «зар заман» сарындары

  63. Башқұрт халқы, мәдениеті, әдеби тілі

  1. Бақылау түрі –аралас емтихан(емтихан материалының құрылымы)

Емтихан материалы билетте үш сұраққа ауызша (жазбаша) жауап береді және тест сұрақтарынан тұрады.

Үлгі:

Емтихан билеті №1

  1. М.Ф.Ахундов – ағартушы, демократ жазушы

  2. Башқұрт әдеби тілі

  3. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің әдеби-тарихи мәні

Тест:

І нұсқа

  1. Әзірбайжан тілі түркі тілдерінің қандай тобысына жатады?

а) оғыз тобына +

ә) қыпшақ тобына

в) парсы диелектісіне

с) кашкай

д) араб тілі

2. «Этнические процессы в Закавказье в ХІХ –ХХ вв» деген әзірбайжан ұлтының өзіндік ерекшелігі мен тілі, мәдениеті, тұрмыс-салты туралы іргелі еңбек жазған ғалым?

а) Н.Г. Волкова

ә) Э.В. Севортия

в) Б. Мирзәзадә

с) С. Джафаров

д) Н.З. Гаджиева

3. «Шығыс Илиадасы» атанған бүкіл шығыс әдебиетіне ыпал еткен туынды?

а) «Шаһнама» +

ә) «Қысрау мен Шырын»

в) «Рүстем Зорап»

с) «Гүлстан»

д) «Рүстам Достен»

4. Фирдоусиды «Маснави» майданының ұстазы («Жыр майданының батыры») бағалаған?

а) Әлішер Науои +

ә) Жәми

в) Низами

с) Гете

д) Гейне

5. «Диуани лұғат түркидегі» Алып Ертонға «Шаһнамадағы» Афрасияптың өзі» деп бағалаған шығыстанушы ғалым?

а) М. Әуезов

ә) Ә. Марғұлан

в) И.С. Брагинский

с) Е.Э. Бертельс

д) А.Н. Самойлович +

6. «Шаһнаманы» қазақ топырағында алғаш жырлаған адам?

а) Н. Наушабаев

ә) М.Сералин

в) Ораз Молда +

с) М. Дулатов

д) М. Қалтаев

7. М. Сералин «Рүстем-Зорап» деген аударма дастанын кімнен аударды ?

а) Ф.Р. Рюкерд

ә) В.А. Жуковский +

в) Низамиден

с) Жәмиден

д) Пушкиннен

8. «Шахнама» тақырыбында Шығыс әдебиетінде қаншама дастан жазылды?

а) 400-ден астам

ә) 250- ден астам

в) 300-ден астам

с) 200-ден астам

д) 100-ден астам

9. ХҮ ғасырда тәжік-өзбек тілінде жазып, осы кезеңнің аяғында тәжік-өзбек әдебиетінің бұрыннан келе жатқан өзара байланысы күшейді. Осы кезеңде екі тілде жазатын қаламгерлер шығады? Солардың көшбасында болған ақын?

а) Жәми мен Науаи +

ә) Хафиз бен Физули

в) Фирдауси мен Жәми

с) Науаи, Лютфи

д) Имадеддин Насими

10. «Жәми – ХҮ ғасыр поэзиясындағы жарық жұлдыздардың бірі. Жәми ХҮ ғасырдың классикалық поэзиясын дамытушы атанды. Ол ғасырдағы әдеби синтезді аяқтаушысы. Оның алдында ғана өткен Хафиз синтезі – толыққанды болса, Жәми синтезі – жинақтаушы синтез», - деп бағалаған ғалым?

а) Ө. Күмісбаев +

ә) Ф.Р. Рюкерд

в) Ә. Марғұлан

с) Р. Бердібаев

д) М. Әуезов

11. «Шариат ул-ислам. Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінде: «Ей, дін-қарындастарым, пайғамбарымыз бен оған жақын жақсылардың бәрі де тынбай жүріп, дүние һәм ахиреттің ғылымын үйреніп һәм халыққа неше түрлі кітаптар, үлгілер қалдырып кеткен болса, бізге де жалқаулыққа салынып еш нәрсені білмей жүруіміз, әрине, адамшылығымызға лайық емес», - деп жазған кім?

а) Ш. Құдайбердиев

ә) А. Құнанбайұлы

в) Ы. Алтынсарин +

с) Ш. Уалиханов

д) М. Шоқай

12. «Біздің ұғымымызша, жәдитшілдік – Ресей империясының мұсылман вймақтарына ортақ, дәстүр мен жаңашылдықтың синтезді құбылысы. Оның қарапайым тілге аударсақ, «жаңару», «елдікті сақтау үшін жаңаша бағыт ұстау» дегенге саяр еді. Ресей империясының мұсылман халықтары тарихинда негізі ортақ жәдитшілдік қозғалысының дамуы біртекті емес. XX ғасырдың 10-жылдары ол Қазақстанда – алаш, Әзірбайжанда – мусават, Қырымда – милли-фирк, Татарстанда – иттифак әл-муслимин қозғалыстарына ұласса, Өзбекстанда (Бұхара, Хиуа) мазмұны бастапқыдан біраз өзгерсе де «жадидизм» атауымен дами берді», - деп бағалаған ғалымдар?

а) Д. Қамзабек, Б.Омарұлы, А. Шәріп +

ә) Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы

в) М. Әуезов, З. Қабдолов

с) Б. Кәрібозов, С.Қирабаев

д) Т. Тебегенов, С. Негимов

13. Жәдид терминін енгізіп, ХІХ ғасыр соңында Ресей империясын әлемдік озық педагогика тәжірибесіне сійкес, алғаш рет мұсылман балаларын дыбыс жүйесімен оқытуды қолған алғартушы?

а) И. Гаспринский +

ә) Ы. Алтынсарин

в) Әл-Маржани

с) әл-Курсави

д) Әбу Насыр

14. «Жәдитшілердің мәдени өресіне өкіметке арқа сүйеген қадымшылдар шұғыл әрі табанды қарсы тұрды. Ал, патша өкіметі болса түркі халықтарының ұлттық талдауға деген талабын саяси сепаратизм ретінде қарады. Бірақ самодержавиенің репрессиялық шаралары мұсылман халықтарындағы жаңаруға бағытталға табиғи үрдісті тоқтатуға мүршасы жетпеді», - деген башқұрт ғалымдары?

а) А.Х. Вильданов, М.Н. Фархштанов +

ә) Ғ. Жәнібеков, Назари Шахмұрат

в) М.Ф. Кәримов, И.С. Брагинский

с) Тоган Заки Валиди

д) Ж. Басырғани, Хусейн Саид Эхтишам

15. Қазақ әдебиетіндегі «зар заман» деп аталатын дәуірді қырғыз әдебиетінде кімнің шығармашылығы арқылы көрініс тапты?

а) Қалығұл Байұылынан +

ә) Арыстанбек Бұйлашұлынан

в) Молда Қылыштан

с) Алдаш Молдадан

д) Бердақ шайырдан

16. Шыңғысханға дейінгі түркі халықтарының тарихын алғаш рет қағазға түсірген, бүкіл әлемге танымал ғұлама ғалым?

а) Қадырғали Жалайри

ә) Рашид-ад-Дин +

в) Ш. Уалиханов

с) М. Қойгедиев

д) В.В. Радлов

17. Түркі халықтарына ортақ «табалдырықпен» байланысты көне тыйымдардың бірін он үшінші ғасырда өмір сүрген белгілі жиһангер жазып қалдырған?

а) Марко Поло +

ә) В. Томсен

в) Рашид-ад Дин

с) Христофор Колумб

д) Америго Веспучи

18. «Жарық жұлдыздар» еңбекгінің авторы?

а) Р. Бердібаев +

ә) М. Әуезов

в) Қ. Ергөбек

с) Ә. Марғұлан

д) Ә. Диваев

19. Махмұт Қашқаридің еңбегі?

А )Диуани лұғат ат-түрік +

Ә ) Құтатғу білік

В ) Бақырғани кітабы

С ) Диуани хикмат

Д) Ақиқат сыйы

20. Жүсіп Баласағұнның еңбегі?

А) «Бақырғани кітабы»

Ә ) «Диуани лұғат ат-түрік»

В ) «Құтадғу білік» +

С) «Жүсіп-Зылиха»

Д) «Диуани хикмат»

21. Ахмет Яссауи еңбегі?

А) «Бақырғани кітабы»

Ә ) «Диуани лұғат ат-түрік»

В ) «Құтадғу білік»

С) «Жүсіп-Зылиха»

Д) «Диуани хикмат» +


  1. Сүлеймен Бақырғани еңбегі?

А) «Бақырғани кітабы» +

Ә ) «Диуани лұғат ат-түрік»

В ) «Құтадғу білік»

С) «Жүсіп-Зылиха»

Д) «Диуани хикмат»


  1. Ахмет Иүгінеки еңбегі?

А) «Ақиқат сыйы» +

Ә ) «Диуани лұғат ат-түрік»

В ) «Құтадғу білік»

С) «Жүсіп-Зылиха»

Д) «Диуани хикмат»


  1. Әл-Фарабидің артында шамамен қанша трактат қалған?

А) 200-дей

В) 300-дей

С) 400-дей

Д) 500-дей

25. Құтбтың еңбегін көрсет:

А) Тахир-Зухра

Ә ) Мұхаббат –наме

В) Жүсіп-Зылиха

С) Гүлстан бит-түрки

Д) Хұсрау-Шырын

26. Қадырғали Жалайыри еңбегі?

А) Жамиғат тауарих +

Ә) Мұхаббатнаме

В) Жүсіп-Зылиқа

С) Гүлстан бит-түрки

Д) Ләйлі-Мәжнүн



  1. Хайдар Дулати еңбегін көрсет:

А) Мұхаббатнам

Ә) Тарихи-Рашиди +

В) Жүсіп-Зылиха

С) Гүлстан бит-түрки

Д) Жеті ғашық


  1. Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихын негізінен неше кезеңге бөлеміз?

А) 3 +

Ә) 4


В) 5

С) 6


Д) 7

  1. «Манас» жырын алғаш зерттеген қазақ ғалымы?

А) Уәлиханов +

Ә) Әуезов

В) Қабдолов

С) Шарабасов

Д) С.Мұқанов


  1. Өзбекстанның халық жазушысы Айбектің шығармаларын қазақ тіліне аударған кім?

А) Мұқамеджанов

Ә) Әуезов

В) Қабдолов

С) Ж. Дәдебаев

Д) Ғ. Мүсірепов

10. Бағалау өлшемдері

Білімді бағалау жөніндегі мәлімет

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті



Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан)

«Білімді бағалау схемасы»




Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Апталар

%

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

1

15

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Жеке жұмыс (реферат)

2

8










+







+










+







+




3

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

0,5

7




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

СӨЖ, ОЖСӨЖ

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5

Р1 + Р2




60














































7

Емтихан




40




8

Қорытынды




100

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады:




А+

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Мысалы:
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті



Физика-математика факультетінің

«5» қыркүйек 2016ж.

ОӘК мәжілісінің № 1

хаттамасымен бекітілді

Факультет ОӘК төрағасы

Ж.С.Иксебаева __________________


Информатикакафедрасы

5В011100 «Информатика»мамандығына арналған
Кәсіби қазақ тіліпәнінен
SYLLABUS




Құрастырушылар: А.Б.Медешова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Ғ.Г.Мұхамбетова аға оқытушы





Орал, 2016 ж.

SYLLABUS 2013 жылғыҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5В011100 «Информатика» мамандығыныңтиптік оқу жоспарының негізінде дайындалды.

Информатика кафедрасының «2» қыркүйек 2016 жылғы



мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі Е.С.Айталиев _______________________

Пікір беруші: Г.М.Миниус ф-м.ғ.к., доцент
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет