Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет22/147
Дата01.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#107529
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147
Байланысты:
44 СН РК 3.02-13-2014
9 апта тапсырма
ҚР ҚН 3.02-13-2014* 
 
11 
теледидарлық бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау қажеттілігі Қазақстан Республикасы 
Үкіметтің  2015  жылғы  3  сәуірдегі  №  191  қаулысымен  белгіленген  талаптарға  сәйкес 
анықталады 
(Толықтырылды – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. №235-НҚ бұйрық)

 
 
5.4.2 Сәулет-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге қойылатын талаптар 
 
 
5.4.2.1  Емдеу-профилактикалық  мекемелерінің  құрылымы  мен  құрамы  мекемелер 
салаларын, 
сыйымдылығын 
және 
клиникалық-диагностикалық 
зертханаларды, 
патологоанатомиялық  және  орталық  стерильдеу  бөлімдерін,  орталық  зарарсыздандыру 
бөлімдерін,  дәріханаларды,  тағам  дайындау  қызметтерін,  кір  жуатын  орындарды, 
гараждарды және жабдықты тиімді орналастыруды және науқастар мен қызметкерлердің 
еркін қозғалуын қамтамасыз ететін т. б. орталықтандыруды ескеру арқылы анықталады. 
5.4.2.2  Ғимараттың  сәулет-жоспарлау  шешімі  медико-технологиялық  процестердің 
және  науқастардың,  қызметкерлердің,  келушілердің,  дәрі-дәрмектердің,  құралдардың, 
материалдардың,  тамақтардың,  медициналық  қалдықтар  толассыздығын  қамтамасыз  етуі 
және  эпидемиологиялық  қауіптің  әртүрлі  деңгеймен  ағымдарды  ауыстыру  мүмкіндігін 
болдырмауы тиіс. 
5.4.2.3  Ғимараттың  жол  берілген  биіктігі  арнайы  нормативтік  құжаттар  талаптары, 
оның  ішінде  сейсмикалық  аудандардағы  құрылысты  қарастыратын  қолданыстағы 
нормативтік-техникалық құжаттар талаптары бойынша анықталады. 
5.4.2.4  Телегамма-терапия,  жоғары  энергиялы  сәулелермен  емдеу  кабинеттерінің, 
аурухананың  стандартты  емес  аппаратурасы  бар  рентген  кабинеттерінің  биіктігі 
жабдықтың өлшемдеріне байланысты белгіленеді. 
5.4.2.5  Желдетудің  ерекше  жүйесін  талап  ететін  және  инженерлік  қондырғылармен 
толықтырылған  жоғары  технологиялық  бөлімшелерді  (босану  блоктары,  оперблоктар,  
реанимация және қарқынды терапия бөлімдері және басқалар) техникалық қабатты жасау 
арқылы  белгіленген  аймаққа  орталықтан  орналастыру  керек,  бұл  осы  бөлімшелер  үшін  
(экспресс-зертхана, жедел стерильдеу, қанды сақтау қызметтері және т. б.) жалпы кезекші 
қызметін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
5.4.2.6  Ғимараттың  төменгі  қабаттарына  палаталарды,  операциялық  блоктарды, 
реанимация  бөлімдерінің  немесе  босандыру  бөлімдерінің  палаталарын  орналастыру 
кезінде олардың үстіне шатыр немесе техникалық қабат қарастырылады. 
5.4.2.7  Оқшауланған  ауа  режимін  жасау  үшін  палата  секцияларына,  оперблоктарға, 
реанимация бөлімдеріне және зерттеуге арналған зерттеу аймағына (зертхана) кіретін тік 
коммуникацияларды (баспалдақтар мен лифтілер) шлюздермен жабдықтау керек. 
5.4.2.8
 
Иондаушы  сәуле  көздерімен  жұмыстар  жүргізілетін  үй-жайларды  жүкті 
әйелдер  мен  балаларға  арналған  палаталармен  іргелес  (көлденеңінен  және  тігінен) 
орналастыруға жол берілмейді. 
5.4.2.9 Ортопедиялық,  неврологиялық,  нейрохирургиялық  бөлімдер  науқастарына 
арналған дәретхана кабинасының көлемі ҚР ҚН 3.06-01 сәйкес қарастырылады. 
5.4.2.10  Емдеу-профилактикалық  мекемелерге  арналған  санитарлық-тұрмыстық  үй-
жайлар ҚР ҚН 3.02-08 талаптарына сәйкес келуі тиіс. 
5.4.2.11 Ерлер дәретханасындағы писсуарлар саны унитаздар санына тең болуы тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   147




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет