Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,52 Kb.
#88936
  1   2   3   4
Байланысты:
ДӘРІС


Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:
1. Структурализм мектептерінің барлығыда жас грамматистердің атомизміне, психологизміне қарсы тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, құрылым деп санайды.Тіл білімінің міндеті — тілдің құрылымын зерттеу дейді. Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да сондықтан. Жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялықпринципті қолданса, тілдік элементтердібір-біріне байланыссыз жеке-жеке зерттесе,структуралистертілдікэлементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын интеграциялық принциптіқолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау методикасын қолдануға шешуші мән береді.

  1. Үш мектептің үшеуі де құрылымдық,құрамдық элементтерге жіктелушілікжәнеолардыңбір-бірімен ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті — тілдің сол қасиетін зерттеу, тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау — тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оныц бірден-бір объектісі деп біледі.

  2. Структурализм мектептерінің барлығы да Ф. де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды.

  3. Структурализм мектептері синхрония, диохрония проблемасына да мән береді. Синхрондық зерттеу — тіл жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (прагалықтардан басқалары).

  4. Бұл аталған төрт түрлі мәселеде көзқарастары бір арнаға тоғысқанымен, әр мектептің ерекше шұғылданған, өзінше шешкен жеке проблемалары да болды. Ондай ерекшеліктерді байқау үшін олардың әрқайсысына қысқаша шолу жасайық.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет