Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,52 Kb.
#88936
1   2   3   4
Байланысты:
ДӘРІС

Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компоративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссаматик деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдар аралық объектілеріне жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді.
Глоссаматикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания лингвисі профессор Луи Ельмслев (1899—1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек—Ельмслевтін 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссаматиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссаматик Виго Брондальдің «Структуралды лингвистика» деген мақаласы мен Ельмслевтіңкейініректежарияланған«Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі», «Тіл теорияларының негіздері», «Тіл теориясына кіріспе» деген мақалаларында (бұлар орыс тіліне аударылған) глоссаматиканың негізгі ұстанған бағыттары кең баяндалған.
Глоссаматиктер алғашқыда де Соссюр тұжырымдарына сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғандарымен кепілі олардан біраз мәселеде жекеленді. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:

  1. Нақты тілдік фактілермен байланысы жоқ абстракт аксиомалық теория жасауды көздеу. (Ельмслев бұл бағыттағы өз теориясын «тілдің имманенттік алгебрасы» деп атады. Глоссаматиктер ондай теория жасай алған жоқ, жасау мүмкін де емес еді).

  2. Лингвистикадағы маңызды мәселе — тілді таза қатынастардың құрылымы, схемасы деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау. (Қатынас иесі болып табылатын тілдік тұлғалар, формаларескерусіз қалады. Бұл — мейлінше қате).

  3. Тілдің әр түрлі ғылымға ортақ объект болатын тарауларын лингвистикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастауды ұсыну. (Бұларша, фонетика лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының объектісі, семантика, логика, философия ғылымдарының объектісі, т. б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы. Бұл екеуінсіз тіл жоқ. Сондықтан глоссаматиктердің бұл екі категорияны лингвистикалық пән емес деп жариялаулары — тілді материясы мен мазмұнынан айыру деген сөз).

  4. Зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді біржолата аластау керек, тілдер туыстастығы деген ғылыми проблема емес, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грамматикасын жазумен шұғылдану керек деу (бұл да сыңар жақ пікір, тіл білімі үшін структуралық та, салыстырмалы-тарихи әдіс те қажет, әрқайсысының өз объектісі, алға қойған өзіндік мақсаты бар).

  5. Тілді объективтік өмірден басқа ғылымдардан бөліп жекелеп қарау, (олар қай ғылымның болса да ғылымдар аралық саласы оның басқа салаларына қарағанда анағүрлым терең, анағұрлым жан-жақты шешілетінін ескермейді).

  6. Зерттеу ісінде индуктивтік яғни жалқыдан жалпыға қарай зерттеу әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу тәсілін ғана қолдануды ұсыну. (Көптеген ғалымдар қажетті жеріне қарай бұл зерттеу тәсілдерінің екеуі де қолданылуы керек деп санайды).

  7. Құрылымды дерексіз таза қарым-қатынастар схемасы, торы деп түсіну. (Структуралық мектеп деп аталғандарымен прагалықтар мен глоссаматиктердің құрылым дегенді түсінулері бірдей емес, прагалықтар оны өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғалардан құралған бірлік, тұтастық дейді. Бұл мәселеде дұрыстық прагалықтарда).

  8. Де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән беріп, оны тілдік жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл деп санау.

  9. Де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап, оны тілдік нормаға, узусқа қарсы қою. (Норма— материалдық форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының жиынтығы. Тілді ішкі құрылымы жағынан алғанда, фигуралар мен функциялардың жиынтығы. Фигуралар—таңба жасауға қажетті материалдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы жатады дейді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет