Студендерттерді қабылдау кеші І- жүргізуші



Дата11.10.2022
өлшемі19,84 Kb.
#152565
Байланысты:
Сценарий-1
file-7847, Өндірісте техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Студендерттерді қабылдау кеші
І- жүргізуші .
Армысыздар қадірменді халайық 
Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық 
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп
Баршаңызға сәлем бердік халайық!
ІІ жүргізуші. 
Жүректерді жырға бөлейтін, жастық шақтың жалынына бүгін тағы бір мерекенің отын лаулатып , сіздермен бірге тойлауға бас қосып отырмыз. Бүгін шындығында сіздер үшінде, біздер үшінде ұлы мейрам. Сіздер бүгін қол ұстасып мейрімділікке жол ашып отырсыздар. Бүгін бізде мерекелі қуанышты күн, себебі бүгін «Студенттер қатарына қабылдау»күні !
І-жүргізуші:
Кешімізді бастамас бұрын кафедра оқытушыларымен таныс болыңыздар.
1. кафедра меңгерушісі, pHd доктор -Мукаев Жандос Төлеубекович
ІІ-жүргізуші:
2.педагогика ғылымының кандидаты, аға оқытушы- Оңтағарова Динара Рахимовна
І-жүргізуші:
4. биология ғылымының кандидаты, аға оқытушы- Сапакова Айгуль Касенкановна
І-жүргізуші:
5.биология ғылымының кандидаты, доцент- Нурекенова Айгуль Ныгметуловна
ІІ-жүргізуші:
6. педагогика ғылымыың магистрі, оқытушы- Көбегенова Айгуль Ирысбековна
І-жүргізуші:
7. педагогика ғылымынығ магистрі оқытушы – Исенова Мадина Қайратовна
ІІ-жүргізуші:
8. педагогика ғылымының магистрі, оқытушы- Зекенова Лайла Шаймуратовна

І-жүргізуші:
— Иә шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес.Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу!
Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
ІІ жүргізуші
 Сіздер химия сабағынан дайындалып, ҰБТ тапсырып, осы үлкен ордалы шаңыраққа түстіңіздер. Университет қабырғасына қаншалықты дайын болғандарыңызды білу үшін, сол оқыған білімдеріңізді бір қайталап өтсек. «Баспалдақ» әдісі

  1. Бірнеше қарапайым заттардан бір күрделі зат түзілетін реакция (қосылу)

  2. Көмірқышқыл газының формуласы (СО)

  3. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде қанша топ бар (сегіз)

  4. Табиғатта кездесетін жалғыз сұйық металл (сынап)

  5. Заттың оттегімен әрекеттесу реакциясы аталады (тотығу)

  6. Калий перманганаты және бертоллет тұзы екеуі бір зат па? (жоқ)

  7. Массаның сақталу заңын ашты (Ломоносов)

ІІ жүргізуші
Жарайсыздар, Білімдеріңізді ортаға салып, өздеріңіздің нағыз химия маманы бола алатындарыңызды көрсете алдыңыздар. Келешекте білімдеріңіз бен біліктеріңізді осы оқу орнында шыңдай аласыздар деп ойлаймыз.
Өнер
І жүргізуші
Енді студенттермен ойын ойнасақ, ортаға өздеріне сенімді, тапқыр, мен - мен деген 5 студентті шақырамыз. (студенттер музыкамен ортаға шығады).
ІІ жүргізуші

(Музыка ойнаптұрған кезде әр студент жаныны бір адамнан алып келеді)
І жүргізуші

  • Өлең қасылады сіздер билеп тұрасыздар, сосын өлең тоқтаған сәтте тақтадағы әріпті немесе затты сіздер денелеріңізбен құруларыңыз керек. Әлсіз болған жұптар біртіндеп ойыннан шығып ең соңында тапқыр жұбымыз жеңіске жетіп силықтарға ие болады.

І- жүргізуші
Бізде конкурс әлі аяқталды деп ойламаңыздар! Біз қазіргі кезде өте танымал желі тикток трендтерін билеуге, өз өнерлерін көрсетуге студенттерді шақырамыз. Ортаға 5 студент шықса!
Видеоклип
І жүргізуші Студенттеріміздің ақылды, тапқыр да өнерлі екендерін байқадық. Студенттеріміз сегіз қырлы, бір сырлы екен!
Енді сіздерге 4 курс атынан әзіл арнауымызды арнаймыз!
Балмұздағым еркем ай,
Универ сенің үйің-ай!
Қолыңа Бабич ұстап әп,
Сабаққа кел ертең-ай.

Одан кейін Логинов,


Сессия, РК тағы бар.
4 курсқа келгенде
Ключниковпен бітір-ай.

Ертең,ертең дей бермей,


НКТ-ні жүр ойлай.
Алам десең қызылды
3,7 GPA!

ІІ жүргізуші Шәкәрім қабырғасында енді 4 жыл оқитын 1 курс студенттерін ортаға ант қабылдауға шақырамыз.


Химия кабинетінде жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін әрқашан сақтауға;
Мұғалімдерді сыйлауға;
Бақылау жұмысы және емтихан тапсыру кезінде өз миымен шығуға;
Ақ халатты таза ұстап, кітапты жыртпауға;
Кезекшілікті уақытылы атқарып, ыдыстарды ұқыпты ұстауға;
Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Егер мен бұл антты бұзсам, онда менің жолдастарым мені бір қасық фенолфталеинмен шай ішуге мәжбүр етсін.
І-жүргізуші
Ант бердік,яғни ант қабылдадық.Студенттік қатарға қабылдануыңызбен құттықтаймыз!
ІІ жүргізуші
Енді кезек мұғалімдерге сөз береміз.
І жүргізуші
«Атсын алдан таң күліп,
Өмір болсын мәңгілік.
Студенттік жылдарың
Қалсын есте жаңғырып.» - дей келе сіздерге тілектерімізді арнаймыз.
Конфеты таратамыз



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет