Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Тақырып 2.Күрестің техникасының тәсілдеріне үйрету әдістемесі



бет5/15
Дата25.01.2022
өлшемі66,19 Kb.
#114351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1578214828573 силлабус совер в борьбе казахским языком
12.02.2022 ПИЗА ТАПСЫРМА
Тақырып 2.Күрестің техникасының тәсілдеріне үйрету әдістемесі.

Шабуыл техникасына үйрету: қозғалуға, оң, сол жақпен қулау, арттқа қулау, жамбаспен лақтыру иелену техникасына, ( ілу; лақтыру; қулау, бүрісу, )



Қорғаныс техникасына үйрету: қозғалу техникасына (тұруға және қозғалуларга) және қарсы әрекеттер мен ілу иелену техникасына (қағып жіберу, қайыра ұстау, жабу, қағып әкету, жүлып алу,) Үйретудің дидактикалық қағидалары. Педагогикалық процестің заңдылықтары үйрету процесін құрудың негізі болып табылады. Тиісті әдістер мен оқу процесін ұйымдастыру жағдайында күрес спецификасында бес дидактикалык қагида өз орнын алады. Дидактикалык қағидаларды сауатты пайдалану үйрету процесін жылдамдатып қана қоймай, оны тиімді және қызықты қылады. Түрегеліп күресу техникасы - тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.

Ұстасу - қолмен орындалатын әрекеттер, палуан шхабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстай алады.          

Бір жақты ұстау - оң қолымен қарсыласының оң қолының (сол қолын сол қолынан) ұстау.

Әр жақты ұстау — оң қолымен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.

Ырғақ - білектерін айқастыру әдісі, саусақтарына қармақтап ілмектеп, құлыптап, бір-бірімен ұстастырады.

Шалу - аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде палуан балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу - аяқпен жасалатын қимыл. Бұл кезде палуан қарсыласының денесінің қандай да болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады. Аяқты бүгіп тұрьш жіліншікпен немесе табанмен орындалады.

Орау - аяқпен жасалатын қимыл. Палуан қарсыласын қимылдатпай ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартып, онымен бір мезгілде жіліншілігімен және табанымен аяғынан іледі.

Қағу - аяқ қимылы. Палуан табан жағымен, табанның ішкі, сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.

Көтере қағу — аяқ қимылы. Палуан санының артқы жағымен қарсыласын аяғынан немесе екі аяғынан бірдей артқа көтере қағады.

Тізеден қағу - аяқ қимылы. Палуан қарсыласының аяқтарын кілемге тигізбей көтеріп алып, тізесімен қағады.

Көтере итеру - аяқ қимылы. Палуан қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.

Адымын айқастыру - қарсыласының жанына немесе артына шығу мақсатымен палуан аяғын оның аяқтарының артына қояды.

Еңкею - денені тік тұрған күйінен горизонталь күйге қозғалту.

Тікею - денені горизонталь күйден тік күйге келтіріп қозғалу.

Шалқаю - денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.

Айналу - артқа қараи құлаған кездеп дененің қозғалысы: палуан шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен түсетіндей болып айналады.

Жұлқу - палуан қарсыласын қатты тартып қалады ( жұлқиды ).

Итеру - палуан қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Әдіс - палуанның толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе оны жеңу амалы.

Қорғану     - қарсыласының     шабуылын     палуанның     тойтаруына мүмкіндік беретін әрекеттері.

Қарсы әдіс ( амал ) - қарсыласының әдісіне қолданылатын әдіс (амал)

Лақтыру - қарсыласын кілемнен көтеріп алып, жауырынымен немесе

кеудесімен түсіруге мүмкіндік беретін әдістер.



Жығу - түрегеліп тұрған қарсыласты көтеріп алмай — ақ кеудесімен немесе арқасымен түсіруге көмектесетін әдістер.

Арқадан асыра лақтыру - қарсыласқа арқасын бере айналып, содан соң еңкею немесе алға қарай қүлау арқьшы орындалады.Айнала берген кезде еңкейе қалу бұл әдістің негізгі әлементі болып табылады.

Шалқайып (төспен ) лақтыру - шалқаю арқылы орындалады. Бұл әдістің негізгі әлементі - денені артқа қарай доғаша иіп шалқайту.

Еңкейіп лақтыру — кеуденің және аяқтың күші арқылы қарсыласты көтеріп алып, содан соң еңкейіп, оны кілемге түсіру жолымен орындалады.

Ілу - түрегеліп тұрғанда орындалаты әдіс. Қарсыласының аяғын палуан бүгілген өз аяғымен іліп алып жығады немесе лақтырады.

Сүріндіру — лақтыру әдісі. Кедергі етіп қойған өзінің аяғынан қарсыласын өткізе сүріндіріп лақтырады.

Иықтан асырып лақтыру - палуан арқасын берік денесін айналдырып барып қарсыласын иығынан асырып лақтырады.

Орау - түрегеліп тұрғанда орындалатын әдіс. Қарсыласының аяғын палуан өз аяғымен (жіліншілігімен және табанымен бір мезгілде) орап алып жығады немесе лақтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет