Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат


Тақырып 3. Күресшылардың тактикалық дайындығына үйрету әдістемесі Тактикалық даярлық амалдары



бет6/15
Дата25.01.2022
өлшемі66,19 Kb.
#114351
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1578214828573 силлабус совер в борьбе казахским языком
12.02.2022 ПИЗА ТАПСЫРМА
Тақырып 3. Күресшылардың тактикалық дайындығына үйрету әдістемесі Тактикалық даярлық амалдары - палуан шабуылдау немесе қарсы шабуылдау жасау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттері.

Барлау - палуаннның қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін такктикалық әрекеттері.

Бүркемелеу — палуанның қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекеттері.

Қауіп төндіру — палуанның қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Жалған әрекеттер — ақырына жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететтін амалдар: ұстау, жұлқу, итеру және басқа да әрекеттер.

Алдау - ол да жалған әрекеттер.

Қайталап алдау - палуанның өзінің шын амалын қарсыласына жалған амал етіп көрсетуге бағытталған тактикалықәрекеттері.

Шақыру - палуаннның қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Тұқырту — палуанның қарсыласының еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекеттері.

Тепе — теңдіктен шығару - палуанның өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласын тепе — теңдігін сақтай алмай, қолайсыз күйге түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттері.

Шабуыл - тактикалық әрекет, оның мақсаты - басым түсу немесе жеңіске жету.

Қайталап шабуылдау - бірдей қимылдар қатар орындалатын тактикалық әрекеттер, ол қимылдардың тек соңғысы ғана шешуші, ал қалғандары жалған болып табылады.

Комбинация - белгілі бір нәтижеге жету үшін орынадалатын әрекеттерді тактиаклық жағынан ұшттастыру немесе олардың бірінен-бірі орындалуы.

Ұстау (әдіс) комбинациясы - қарсыласы ұстаудың (әдістің) бір түрінен қорғана жүріп, келесілерін орындауға қолайлы сәтін туғызатындай етіп ұстау түрлерін (әдістерді) ұштастыру.

Алдын алу — палуанның қарсыласының шабуылы мен бір мезгілде жүргізетін шабуылдау әрекеттері. БІрақ палуан қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаңырақ орындайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет