Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



Дата11.02.2018
өлшемі284,16 Kb.
#37486
Студенттерге арналған пән силлабусы


  1. Пән туралы ақпарат




Пән атауы:
ЭКОЛОГИЯ

Пән коды:

Кредит саны:
1

Курс, семестр:
1

Мамандық аты:
ЮП, МП, Ф, УА

Мамандық шифры:

Кафедра:
«Әлеуметтік-ізгілік пәндер»

Факультет:

Оқыту формасы (күндізгі, сырттай), (ОБ, АОБ, ЖО):

Күндізгі, Сырттай




Оқыту тілі:
Қазақша

Пәнді өткізу уақыты және орны:
Оқу кестесіне сәйкес

Консультация уақыты:
Оқу кестесіне сәйкес

Рубеждік бақылау кестесі:
7-ші, 14-ші апта

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы:
аға оқытушы, ғылым магистрі Абилбеков Ғани Кенесарыұлы

Байланыс ақпараты (телефон, e-mail):

моб.: 8 701 738 54 39

e-mail: ganion@inbox.ru

web: http://ganeco.ucoz.kz





Оқытушы қолы: _______________




Кафедра меңгерушісі: _____________ Тулекова М.К.



  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Курсты оқу барысында экология ғылымының маңызды деректері мен концепциялары келтіріліп, биосферадағы тепе-теңдіктің бұзылу себептері, қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері және күннен күнге қордаланып отырған экологиялық мәселелерді шешу мен оларды алдын алу туралы мағлуматтар беріледі.

Ғылым мен техника жетістіктерінің экожүйеге тигізер теріс әсерлері және «тірі организмдер-қоршаған орта» қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары туралы түсініктер қамтылады.

Азаматтың экологиялық позициясы экологиялық білім алудан ғана басталмайды, терең дүниетанымды жүйелендірумен, планетадағы проблемаларды жергілікті проблемалармен байланыстыру арқылы адамның қоршаған ортадағы орнын түсінуге мүмкіндік беруі болып табылады.


Пәннің мақсаты


«Экология» пәні табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру мақсатын алға қояды.

Пәннің міндеттері

- қоршаған орта мен адамзаттың қарым-қатынасының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

- студенттерге экология ғылымы нені зерттейтінін, табиғаттағы оның орнын, дамуын, маңызын түсіндіру;

- қоршаған орта мен организмдердің бір-біріне әсерін, экожүйелердің қызметін, табиғаттың ластануын, экологиялық факторлардың әсерін мәліметтеу;

- табиғатты аялау мен қорғауды үйрету, соған қызықтыру.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндеттілігі:

- тірі ағзалардың, әртурлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып-білу;

- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;

- әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттері туралы түсініктерді қалыптастыру;

- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру;

- тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарың жалпы заңдылықтарын, табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін білуге міндетті;

- энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі, экологиялық жүйелердің және заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің және бүкіл биосфераның кызмет атқару заңдылықтарын;

- антропогендік әрекеттің әлеуметтік-экологиялық салдарларын;

- тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды әлемдік, аймақтық, жергілікті деңгейде шешуге қатысты қөзқарастарды;

- табиғи экожүйелердің негізгі функционалдық принциптерінің адам әсерінен бұзылу нәтижелерін және осы кезде пайда болатын аймақтық және глобалды экожүйелер мен биосфера өзгерісін анализдеуді, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;

- экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселерді шешу үшін пайдалануға практикалық дағдыларды меңгеруге міндетті.

3. Пән пререквизиттері

«Экология» пәнін оқу үшін келесі пәндерді меңгеру қажет:

«Биология», «Физика», «Химия», «География».
4. Пән постреквизиттері

«Экология» пәнін оқу кезінде алынған білімдер келесі пәндерді меңгеру барысында қолданылады:



«Жаратылыстану негіздері», «Тіршілік қауіпсіздігі», «Табиғи қорларды пайдалану экономикасы», «Экологиялық құқық».

5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар




Тақырыптың аты

Сағат саны

Дәріс

Сем. сабағы

Лаб. сабағы

СОӨЖ

СӨЖ

1

Экологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

1







1

1

2

Аутэкология. Организм және қоршаған орта.

1







1

1

3

Демэкология – популяция экологиясы.

1







1

1

4

Синэкология – қауыдастық экологиясы. Экожүйе құрылымы мен қасиеттері.

1







1

1

5

В.И. Вернадскийдің биосфера ілімі.

1







1

1

6

Атмосфера – биосфераның негізгі компоненті.

1







1

1

7

Гидросфера – биосфераның маңызды компоненттерінің бірі.

1







1

1

8

Литосфера және оны тиімді пайдалану.

1







1

1

9

Қоршаған орта сапасы және адам денсаулығы.

1







1

1

10

Әлемдік және Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар.

2







2

2

11

Экологиялық мониторинг және оны ұйымдастыру принциптері. Экологиялық экспертиза.

1







1

1

12

Табиғи қорлар классификациясы. Өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау.

1







1

1

13

Табиғи қорларды пайдаланудың құқықтық және экономикалық негіздері.

1







1

1

14

Экологиялық білім және тәрбие. Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық бірлестік.

1







1

1




Барлығы:

15







15

15

СОӨЖ өткізу жоспары мен мазмұны




Сабақ тақырыбы

Тапсырма мазмұны

Әдебиет

Өткізу түрі

Тапсыру аптасы

1

Экологияның ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.

Экологиялық көзқарасты білу мақсатында социологиялық ізденіс жүргізу.

1-4, 6, 12

Анкета толтыру

1 апта

2


Экология ғылымының негізгі заңдары.

Экология ғылымының заңдарын сипаттайтын және түсіндіретін мысал келтіріңіздер.

1-7

Жазбаша жұмыс

2 апта

3

Жер бетінде өмірдің пайда болуы.

Жер бетінде өмірдің пайда болу гипотезаларын сараптау.

1-4, 7, 11

Дискуссия

3 апта

4

Трофикалық тізбек және экологиялық пирамидалар.

Мысал ретінде қоректену тізбек келтіру және экологиялық пирамида сызу.

2, 7

Жазбаша жұмыс

4 апта

5

Тірі организмдер мен қоршаған орта байланысының заңдылықтары.

Тірі организмдер мен қоршаған орта байланысын сараптау.

Табылған байланысты схема жүзінде сызу.



4-7

Жазбаша жұмыс

5 апта

6

Атмосфера – биосфераның негізгі компоненті.

Лекция тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (тесттер классификациясы бойынша).

4, 11, 14

Жазбаша жұмыс

6 апта

7

Организм және қоршаған орта.

Лекциялардың 1-ші модулі бойынша тестілеу (ауызша бақылау).

1-7

Тестілеу (ауызша бақылау)

7 апта

8

Литосфера және оны тиімді пайдалану.

Лекция терминологиясы бойынша кроссворд құру.


1-4, 13-14

Кроссворд

8 апта

9

Қоршаған орта сапасы. Тұрақты даму.

Тұрақты даму дегеніміз не? Қоғам және қоршаған ортаның тұрақты даму моделін сызу.

2-5, 18

Жазбаша жұмыс

9 апта

10

Глобалды экологиялық проблемалар.

Қоршаған ортаның негізгі табиғи және антропогенді ластану түрлерін кесте жүзінде бөліп көрсету.

1-5

Жазбаша жұмыс

10 апта

11

Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары.

Глобалды, регионалды және локалды экологиялық проблемаларды сараптау.

1-5

Ауызша бақылау

11 апта

12

Экологиялық мониторинг және оны ұйымдастыру принциптері.

«Егер мен мемлекеттің бас экологы болғанымда...» жобаның презентациясы.

1, 4, 6

Іскерлік ойын

12 апта

13

Өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау.

Лекция тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (тесттер классификациясы бойынша).

1-7

Жазбаша жұмыс

13 апта

14

Негізгі экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары.

Лекциялардың 2-ші модулі бойынша тестілеу (ауызша бақылау).

1-4, 13-14, 17

Тестілеу (ауызша бақылау)

14 апта

15

Экология ғылым ретінде.

Емтиханға дайындалу. Өткен материалды қайталау.

1-4, 12, 23

Экспресс-бақылау

15 апта

СӨЖ жоспары мен мазмұны




Сабақ тақырыбы

Тапсырма мақсаты мен мазмұны

Бақылау түрі

Тапсыру аптасы

Әдебиет

1

Экология ғылымының даму тарихы.

Лекция тақырыбы бойынша глоссарий құру.

Экологияның негізгі заңдарын конспектілеу.



Глоссарий.
Конспект.


2

1-7

2

Жер бетінде өмірдің пайда болу гипотезалары.

Жер бетінде өмірдің пайда болу гипотезаларын сараптау дискуссиясын өткізуге материал жинақтау.

Дискуссия

3

4-7

3

Популяция экологиясы.

Тақырып бойынша глоссарий құру.


Глоссарий бойынша тренинг жүргізу

4

4-7

4

Синэкология – қауымдастық экологиясы.

Лекция терминологиясы бойынша кроссворд құру.

Кроссворд


5

4-5, 11, 13-14

5

Табиғаттағы зат және энергия айналымы. Биогеохимиялық цикл.

Табиғаттағы зат және энергия айналымын толық зерттеу.

Конспект.

Ауызша бақылау.



6

2-5

6

Организм және қоршаған орта.

Лекциялардың 1-ші модулі бойынша тестілеуге (ауызша бақылауға) дайындалу.

Тестілеу (ауызша бақылау)

7

1-7

7

Су қорларын қорғау.

Каспий, Арал, Балхаш проблемаларын сараптау. Каспий, Арал, Балхаш экологиялық проблемаларының ұқсастығын және айырмашылықтарын анықтау.

Реферат


8

1, 5, 10


8

Литосфера және оны тиімді пайдалану.

Планетаның жер қорларын сараптау.

Конспект

9

1, 3-5

9

Қоршаған орта сапасы және адам денсаулығы.

Қалдықтар, оларды қайта өңдеу және қалдықсыз өндіріс түсініктерін қарастыру.

Конспект

10

1-7

10

Глобалды экологиялық проблемалар.

Лекция тақырыбы бойынша глоссарий құру. Ауызша бақылауға дайындалу.

Глоссарий бойынша тренинг жүргізу. Ауызша бақылау.

11

1, 8-10, 24-25

11

Әлемдік және Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар.

«Егер мен мемлекеттің бас экологы болғанымда...» іскерлік ойынға дайындалу.

Жобаның презентациясы

12

2-6

12

Экологиялық экспертиза.

Экологиялық экспертиза жүргізудің негізгі принциптерін конспектілеу.


Конспект

13

1-7

13

Өсімдіктер және жануарлар әлемін қорғау.

«Қызыл кітап» тақырыбы бойынша мәліметтерді конспектілеу.

Лекциялардың 2-ші модулі бойынша тестілеуге (ауызша бақылауға) дайындалу.




Конспект.
Тестілеу (ауызша бақылау).

14

1-7

14

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасы.


Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық және экономикалық аспектілері «Қоршаған ортаны қорғау» заңында.

Конспект

15

1-4, 8-10, 24-25,

«Қоршаған ортаны қорғау» заңы.



15

Қоршаған ортаның ластану түрлері.

Төмендегі тақырыптар бойынша баяндама жасау:

- Атмосфера ластануының қоршаған ортаға әсері.

- Гидросфера ластануының қоршаған ортаға әсері.

- Литосфера ластануының қоршаған ортаға әсері.

- Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

- Қоршаған ортаның физикалық ластануы.

- Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.


Баяндама

4, 5, 6,

9, 10, 13



1-10

6. Оқытуға арналған әдебиеттер




Автордың аты-жөні

Оқу-әдістемелік әдебиеттердің атауы

Баспа, шыққан жылы

Кітапханада болуы


Негізгі әдебиеттер

1

Ақбасова А., Саинова Г.

Экология: Оқу құралы

Алматы: Бастау, 2003

+

2

Асқарова Ұ.Б.

Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық

Алматы, 2007

+

3

Оспанова Г.С.

Экология: Оқулық

Алматы: Экономика, 2002


+

4

Үпішев Е.М.

Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау: Оқулық

Алматы: Экономика, 2006

+


Қосымша әдебиеттер

1

Саданов А.К., Сванбаева З.С.

Экология

Алматы: «Агроуниверситет», 1999




2

Оралова А.Т., Цой Н.К.

Промышленная экология

Караганда: КарГТУ, 2001




3

Калыгин В.Г.

Промышленная экология: Курс лекций

М.: МНЭПУ, 2000

+

4

Коробкин В.И., Передельский Л.

Экология: Учебник

Ростов-на-Дону, 2001

+

5

под ред. Э.В.Гирусова, В.Н.Лопатина

Экология и экономика природопользования: Учебник

М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003

+

6

сост. А.С.Степановских

Общая экология: Учебник

М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001

+

7

Арустамов Э.В.

Природопользование: Учебник

М.: Дашков и К, 2007

+

8

Гринин А.С. и др.

Экологический менеджмент: Учебное пособие

М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001

+

9

под ред. А.Д.Урсула

Общая и социальная экология: Учебное пособие

М.: РАГС, 2006

+

10

Новиков Ю.В.

Экология, окружающая среда и человек

М.: ФАИР-ПРЕСС, 2003

+

11

Горелов А.А.

Экология: Учебное пособие

М.: Юрайт, 2001

+

12

Шилов И.А.

Экология

М.: Высшая школа, 2001

+

13

Чистик О.В.

Экология

Мн.: Новое знание,2001

+

14

Тонкопий М.С.

Экология и экономика природопользования

Алматы: Экономикс, 2003

+

15

Ефремова С.В.

Эконология

Алматы, 2003

+


Анықтамалық әдебиеттер

1

Протасов В.Ф., Матвеев А.С.

Экология: термины и понятия. Стандарты и сертификация. Нормативы и показатели

М.: Финансы и статистика, 2001

+

2

Оралова А.Т., Цой Н.К.

Сборник методик расчета выбросов вредных веществ в окружающую среду

Караганда: КарГТУ, 2002




3

Денисова И.А.

Экология: 100 экзаменационных ответов

М.: МарТ, 2005

+

4

Хван Т.А., Хван П.А.

Экология: экзаменационные ответы

Ростов-на-Дону: Феникс, 2002

+


Интернет-көздері




Интернет-сайт

Сайттың аталуы

1

www.eco.gov.kz

ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі

2

www.iacoos.kz


ҚР қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Ақпараттық-аналитикалық орталығы

3

www.ecoforum.kz

ҚР мемлекеттік емес ұйымдарының Экологиялық форумы

4

www.ecopress.kz

Экологиялық Баспа орталығы

5

http://allradiation.ru

Радиация жайында мәліметтер

6

www.bfm.ru


Экология жаңалықтары

7

www.ecoclimate.kz


Экология және климатты ғылыми-зерттеу институты

8

www.climate.kz

Климаттың өзгеруін қадағалау орталығы

9

www.ecolife.ru

«Экология и жизнь» журналы

10

www.caspinfo.ru

Каспинфо бағдарламасы


7. Бағалау критерийі



Жұмыс түрі


Әр сабақтың баллы (min - max көрсеткіштері)

Аралық бақылау кезеңіндегі баллы (min - max көрсеткіштері)

Қорытынды баллы

1

Қатысу (лекциялар болуы)


0.22 – 0.43

1.5 - 3




2

СОӨЖ

0.71 – 1.43

5 - 10




3

СӨЖ

0.71 – 1.43

5 - 10




4

Аралық бақылау баллы




3.5 - 7




5

Аралық бақылау қорытындысы (семестрде екі АБ)







15 - 30

6

Қорытынды бақылау (емтихан)







40

7

Қорытынды баға







100


Меңгерілген білімді бағалау

Әріптік баға бойынша бағалау

Сандық бағалау эквиваленттері

Меңгерілген білімдердің проценттік мәні

Аралық бақылауға сәйкес балл

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

28.5-30

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

27-28.2

B+

3,33

85-89

25.5-26.7

Жақсы

B

3,0

80-84

24-25.2

B-

2,67

75-79

22.5-23.7

C+

2,33

70-74

21-22.2

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

19.5-20.7

C-

1,67

60-64

18-19.2

D+

1,33

55-59

16.5-17.7

D

1,0

50-54

15-16.2

F

0

0-49

0-14.7

Қанағаттанарлықсыз


Балл бойынша қорытынды баға төмендегі формула арқылы есептеледі:
ҚБ= АБ1 + АБ2 х 0,6 + «Е» х 0,4

2

АБ1 – 1-ші аралық бақылау баллы;



АБ2 – 2-ші аралық бақылау баллы;

«Е» - емтихан баллы;

ҚБ – қорытынды баға.

8. Оқытушы талабы
Оқу кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

1. Сабаққа кешікпей келу.

2. Себепсіз сабақты босатпау.

3. Оқытушы белгілеген уақытта босатқан сабақтарды өтеу.

4. Сабаққа белсенді қатысу, тапсырмаларды нақты орындау.

5. Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес бақылаудың барлық түрлерін уақытылы тапсыру (СОӨЖ, СӨЖ).

6. Оқытушының рұқсатынсыз аудиториядан шықпау.

7. Ұялы телефон мен плейерлерді өшіру.



8. Университет ішіндегі тәртіп ережесін міндетті түрде ұстану.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет