Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Ауыз суға қойылатын талаптар. Су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары



бет1/4
Дата17.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#132249
түріЛекции
  1   2   3   4
Байланысты:
Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы


№ 9 дәріс
Дәріс тақырыбы/Тема лекции: Су және сумен қамтамасыз ету гигиенасы. Ауыз суға қойылатын талаптар. Су көздерінің санитарлық қорғау аймақтары.
Суды залалсыздандыру әдістері.
Дәріс тезисі/Тезис лекции:
Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы. Су адам ағзасыда үлкен рөл атқарады: барлық физикалық-химиялық процесс судың қатысуымен жүреді, су барлық зат алмасу, тотығу, гидролиз процестеріне қатысады. Су ағзаға керек қоректік заттарды тасымалдап, ағзаға керек еместерін ағзадан шығаруға қатысады.
Адамға су тек ішу үшін емес, оның көп мөлшері санитарлық және шаруашылық- тұрмыстық мақсатта да қажет, яғни жеке бас гигиенасын сақтау үшін, кір жуу, үй-жайын таза ұстау үшін қажет.
Қоршаған ортаның қалыпты температурасыеһнда және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2-2,8 литрді құрайды. Жоғалтқан судың орнын адам тәулігіне 1,5 л-ін сұйық ішумен, 600-900 мл-ін тамақ тағамдарымен толтырады, ағзадағы тотығу процестерінің әсерінен 300-400 мл су пайда болады.
Қоршаған орта температурасы көтерілгенде кезде және ауыр дене жұмысы кезінде ағзаның суды жоғалтуы артады.
Мысалы, ыстық климмат жағдайында, дене еңбегін атқарған кезде адамның суға деген сұранысы 5 л және одан да көбірек болуы мүмкін.
Суды тұтыну. Суды тарату тәсіліне байланысты, сумен қамтамасыз етудің екі түрі бар: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған (жергілікті).
Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз – адамның суға физиологиялық сұранысын толық қамтамасыз ететін және гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік мақсатында мақсатында қажет су мөлшері.
Орталықтандырылған су көзі бар жерде әр адамға тәуліктік мөлшері (ыстық сумен қоса санағанда) 250-300 литр, ал жергілікті су көзінен сумен қамту кезінде бір адамға судың тәуліктік мөлшері 30-50 литр.
Қолданылатын судың мөлшері суды алудың оңайлығына және елдімекеннің көркейтілуіне байланысты. Көркейтілуі жоғары болған сайын, суды қолдану мөлшері де артады.
Судың сапасына қойылатын талаптар. Судың сапасын үлкен гигиеналық маңызы бар. Ауыз судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радияциялық қауіпсіздігімен анықталады.
Судың физикалық (органолептикалық) қасиеттері мөлдірлігімен, түсімен, дәмі мен иісімен сипатталады. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс-әрекет нәтижесінде суда ластайтын заттардың мөлшері стандартағы нормативтерге сай болу керек.
Эпидемиологиялық қауіпсіздік. Ауыз су құрамында қалыпты жағдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек, осыған байланысты оның эпидемиялық қауіпсіздігіне белгілі бір нормативтер қойылады.
Бірінші көрсеткіш-микробты сан, 1мл зерттелетін суды еккен кезде өсіп шығатын микробтар санын көрсетеді. Бұл сан 100 ден аспауы керек.
Екінші жанама көрсеткіш ол- коли-индекс. Коли-индекс дегеніміз-1литр араластырылмаған судағы ішек таяқшасының мөлшері. Ол 3-тенкөп болмауы керек.
Үшінші жанама көрсетіш-коли-титр. Коли-титр дегеніміз –бір ішек таяқшасы табылған судың мөлшері. Ол 300мл аз болмауы керек, бұл кезде су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып саналады.
Ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау.сумен қамтамасыз ету кезінде екі түрлі су көзі қолданылады: жер асты сулары және ашық су көздері.
Жер асты сулары үш түрге бөлінеді: топырақтық, грунтты және пластаралық.
1.топырақтық су атмосфералық түсімдер түскен кезде пайда болады, ол жердің бетінде орналасады. Топырақтық суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды.
2.грунтты сулар жер бетінде ең жақын орналасқан су қабаты. Грунтты су атмосфералық түсімдерден қоректенеді ( қар, жаңбыр суы). Рельефі төмен жерлерде грутты сулар жер бетіне де шығып кетеді. Грунтты сулардың мөлшері, сапасы тұрақты емес, жұқпалы аурулар ққздырғыштарымен оңай ластанады. Сондықтан, грунтты суды ауыз су ретінде қолдануға болмайды.
3.пластаралық сулар екіге бөлінеді: пластаралық қысымсыз су және пластаралық қысымды су (артезиян су).
Гигиеналық көзқарастан ішуге ең қолайлы су көзі - артезиянды су болып саналады, өйткені олар жердің терең қабатында орналасқандықтан микробтармен ластану қауіпі жоқ, химиялық құрамы тұрақты, органолептикалық қасиеттері жақсы, сондықтан оны тұтынушыға өңдеуден өткізбейақ жібере беруге болады.
Жер беті суларына өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Ашық су көздерін ауыз су ретінде қолданар алдын міндетті түрде өңдеуден және залалсыздандырудан өткізу керек.
Ауыз суға қойылатын талаптар.
Судың физикалық қасиеттері.
Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойлған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек.
Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 200тан көп болмауы керек.
Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндеій иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл-иісі жоқ, 1балл-өте әлсіз, 2 балл-әлсіз иіс, 3 балл-анықталатын иіс, 4 балл- айқын иіс, 5 балл- өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек.
Судың химиялық құрамы. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс-әрекет нәтижесінде суды ластайтын заттардың мөлшері стандарттағы нормативтерге сай болуы керек.
Гигиеналық жағынан маңызы жоғары болып келесі көрсеткіштер саналады.
Темір көбіне жер асты суларының құрамында темірдің дигидрокарбонаты түрінде кездеседі. Су ауамен қатынасқа түскенде темір тотығып, темірдің гидрооксидіне айналады. Ол суға лайлы қоңыр түс береді. Егер судың құрамында темірдңғ мөлшері 0,3-0,5 мг/л-ден көп болса, судың органолептикалық қасиеті нашарлайды, ал оның мөлшері судың құрамында 1-2 мг/л болған кезде, лайлылық пен түсінен басқа судың дәмі де өзгереді. Нормада темір мөлшері-0,3 мг/л орталықтандырылған су үшін, ал жергілікті су құрамыгнда-1 мг/л ден көп болмауы керек.
Хлоридтер. Жай ағынды сулардың құрамында көп емес мқлшерде 20-30 мг/л дейін кездеседі. Құрамында хлордың мөлшері 350-400 мг/л болса, онда суда тұзды дәм пайда болады.ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Стандартқа сай судың
құрамында хлоридтер нормада 350 мг/л ден аспауы керек.
Сульфаттар. Өзен суларында және тұзды көлдердің шөгінділерінде тұрақты түрде кездеседі. Судың құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л болса, суда ащы-тұзды дәм пайда болады. ол асқазан сөлінің бөлінуіне теріс әсер етеді. Мұндай суды бұрын қолданбаған адамдарда диспепсия болуы мүмкін. Стандартқа сай судың
құрамында сульфаттардың мөлшері 500 мг/л ден аспауы керек.
Фтор қосылыстары құрамындағы фтор ионы сүйектің және тістің минералдануына қатысады. Су құрамындағы мөлшері нормада 1,2-0,5 мг/л болу керек. Егер суда фтордың мөлшері 5 мг/л дейін көтерілсе ол адамдар арасында сүйектердің зақымдануын туындатады (остеосклероз, остеопороз).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет