Сугурова Жақсыгүл Тәрбиеші, №7 «Ер Төстік»



бет2/5
Дата12.01.2022
өлшемі27,69 Kb.
#129271
1   2   3   4   5
Байланысты:
биз кандаймыз
2сынып Атамұра Жаратылыс 23-сабақ.Ләззат
Алдын ала жұмыс:

Шаттық шеңбері

Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз,

Бізге қымбат денсаулық.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат бақшамыз

Күннің нұрын сүйеміз

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып апайлар,

Күлдіргенін сүйеміз


Ұйымдастыру бөлімі:

Тәрбиеші:

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

- Қазір жылдың қыс мезгілі.



Тәрбиеші:

- Қыс мезгілінде айналада қандай өзгерістер болады?

- Күн суытады, қар жауады, талдар қар жамылады, жер беті аппақ болады, аяз болып мұз қатады. Адамдар жылы киінеді.

Тәрбиеші:

- Жыл мезгілдерін ретімен кім атап береді?

- Қыс, көктем, жаз, күз.



Тәрбиеші:

- Апта күндерін кім атап береді?

- Апта күндерін атайды.

Тәрбиеші:

-Балалар бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз валеология.

Тақырыбы: «Міне біз қандаймыз, денсаулықты қолдаймыз»

Тәрбиеші:

-Балалар бүгінгі валеология оқу іс-әрекетімізде дене мүшелеріміз, денсаулықты күту, денсаулыққа пайдалы дәруменге бай тағамдар және құнарсыз тағамдар жөнінде мағлұмат аламыз.



- Балалар үлкен адамдар, балалар бір-бірін көргенде сәлеметсіз бе, амансың ба? Қал-жағдайың жақсы ма? деп денсаулық тілеп амандасады.Біз балабақшада күн тәртібін сақтап күнделікті ертеңгілік жаттығу жасап, оқу іс-әрекеті мен ойындар ойнап, тамақтанып, ұйықтап денсаулығымызды нығайтамыз.

Тәрбиеші:

- Балалар адам табиғаттың ең керемет жаратылысы.

Жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім?

Балалар:

- Ол адам.

Тәрбиеші:

- Балалар осы жер бетіндегі адамдар өзіндік ерекшеліктерімен әр түрлі болып келеді. Осы отырған әрқайсыларың өзіндік қайталанбас ерекшеліктерің бар балаларсыңдар.

Балалар бір-бірімізге қарап қандай айырмашылықтарың және ұқсастықтарыңыз бар екенін айтыңыздаршы. Балалар бойларынның шамаларын, шашының түсі, көзі, мұрын пішіні жағынан айырмашылықтарының бар екендігін әңгімелейді.

Тәрбиеші:

- Балалар біздің үлкен, кең байтақ жерімізде, мысалы дәл Дастандай бала немесе Аяулымдай қыз болмайды. Бірақ бізбен сіздердің барлығымызға ортақ белгілеріміз, дене мүшелеріміз бар. Балалар осыған байланысты мына өлең жолдарын айтайық.

Барлығымызға ортақ біздің

Қолдарымыз саусақтарың.

Басымызбен мойынымыз

Иықтар мен кеудеміз,

Ұмытпаймыз ішімізді

Аяқтармен арқамызды.

Басымызға қарасаңыз,

Біздің екі құлағымыз.

Дөңгеленген бетіміз,

Бетімізде орналасқан,

Қабақ пен көзіміз.

Ауызымызбен мұрынымыз,

Ерін менен тісіміз.

Әдемі біздің иегіміз.

Міне біздер не білеміз,

Осындай дене мүшеміз.

(Дене мүшелерін слайдпен көрсету)


Тәрбиеші:

- Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын, мұқият болыңдар.


Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол)


Мөлдіреп екі көл жатыр,

Ортада дөңес бел жатыр. (Мұрын, көз)


Көңіл күйді білдірер,

Қиылған қос қанаты. (Қас)


Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың (Құлақ)


Бөлінбейді қыдырып

Жұмылғанда жұдырық.

Ағайынды бес құрдас,

Бірдей болып еш тұрмас. (Бір қолдың саусақтары)


Өзі аппақ маржандай

Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)

Балалар жұмбақтардың жауаптарын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет