Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата15.12.2023
өлшемі1,89 Mb.
#197224
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Электронный учебник П.М. Сулейменов
Жетібай, Жетібай, ӨСӨЖ 9 апта
Қарапайым қоғам 

рулық-тайпалық қатынастарға, табиғи шаруашылық 
формасына негiзделген, еңбектiң жыныс пен жас шамасына қарай бөлiнуiмен, 
стихиялық түрде ұжымды басқару iсiне қатысумен және көбiнесе көшпендiлi 
өмiр сүрумен, бiлiмдi ұрпақтан ұрпаққа ауызекі тіл арқылы және тәжiрибе 
арқылы жеткiзумен ерекшеленетiн алғашқы қоғамның типі. 
 
Дәстүрлi қоғам 
– 
аграрлы революция нәтижесiнде көптеген әлеуметтiк 
(орталыққа бағынатың мемлекет, абсолюттi монархия), құқықтық, және бiлiм 
институттарының қалыптасуы, жазба тiлдің пайда болуы мен моногамиялық 
отбасының пайда болуы, қоғамдық сатыда жоғары тұрған элитарлық басқару, 
өзiндiк пайдалану экономикасы, тауар алмасу қатынастарының нығайтылуы 
және жеке меншiктiң пайда болуы, кәсiби және ауыл шаруашылығына 
негiзделген еңбек формасының кең тарауы, үлкен мәдени орталықтардың – 
қалалардың пайда болуы, ғылыми бiлiмдердiң кең өрiс алуымен ерекшеленетiн 
қоғамның типі (меншiк объектiсi; құлиеленушi – адам, феодалдық – жер, 
капиталистiк – капитал). 
Индустриалды қоғам 

индустриалды революция негiзiнде үш 
әлеуметтiк- экономикалық заңдарды жүзеге асырды: уақытты үнемдеу, 
қажеттiлiктердi көтерiп асыру, және еңбек алмасуы. Индустриализация 
логикасы бойынша барлық елдер мен халықтар ұқсас сипаттарға ие болып, 
әлеуметтiк 
тәртiптiң 
бiркелкiлiгінде 
өмір 
сүреді, 
бұл 
процесс 
конвергенция 
тезисi деп аталады. Еуропа елдерiнде XX ғ. екiншi 


жартысынан басталған бұл үрдiс көптеген Азия және Африка елдерiнде де 
байқалады.
Осы арқылы қоғамның түпкі ерекшелігі айқындалатын, адамдардың 
әрекеттері қоғамдық өмірдің өзі болып табылады. Осы тұста, қоғамда болып 
жатқан барлық құбылыс – оның заңдылықтарының қызметі, қоғамның 
құрамдас бөліктерінің қызметі, тарихи оқиғалар, түрлі қоғамдық процестер 
және т.б. – адамның әрекеттерімен тікелей немесе жанама байланысқа ие. 
Ешқандай материалды құрылымдар, саяси институттар, идеялар өз бетімен 
адамның белсенді әрекетінен тыс қоғамның бөлігі, тарапы бола алмайды. 
Барлық осы феномендер адам әрекетінің қаруы, аспектісі ретінде табылған 
жағдайда ғана олар қоғамдық мағынаға ие бола алады, солай ғана қоғамның 
бөлшегі, элементі, мүшесі бола алады. Қандай да бір құрылғы адам әрекетінде 
пайдаланылған жағдайда ғана ол құрылғы болып саналады; құқықтық ереже 
адаммен қолданылған жағдайда ғана құқықтық ереже ретінде саналады, өнерде 
іске асырылған эстетикалық идея өзінің тұтынушысы мен жаратушысы – 
адаммен байланысқа түскен кезде ғана нағыз эстетикалық идея болады. Осы 
тұста, адам әрекеттері өзіндік орталық болса, оның айналасында және онымен 
бірге, тығыз байланыста өмір сүретін, қызмет ететін ерекше құрылым ол – 
қоғам. 
 
Жоғарыда атап көрсетілгендей, қоғам дамуы белгілі объективті 
заңдылықтар арқылы жүзеге асатын, табиғи-тарихи үрдіс. Бұл заңдылықтардың 
объективтілігі адам әрекеттерінің рөлі мен мағынасын жоққа шығармайды. 
Осылайша, әрбір тарихи кезеңде қоғамда рухани және материалды мәдениеттің 
белгілі деңгейі болады. Бұл материалды өндірістің белгілі даму деңгейі, оның 
материалды-техникалық қауқарлылығы, бұл меншіктің экономикалық қарым-
қатынастарының шынайы жүйесі, қоғамдық басқару институттарының 
құрылымы мен сипаты, рухани өмірдің көптеген жетістіктері және т.б. Осының 
барлығы алдыңғы ұрпақтың ортақ жігер-күшінің арқасында қолжетімді болды, 
және келесі әрбір жаңа ұрпаққа мұра ретінде беріліп отырады.. Жаңа ұрпақ 
қолда бар мүмкіндіктерге сүйене отырып, заманауи әлемді белгіленген 
өзгерістер шегінде өзгертеді. Феодалдық диірменнен компьютерлік 
технологияғы аяқ басуға болмайды, алғашқы аң аулауды ұйымдастырудан 
еңбекті ғылыми ұйымдастырудың заманауи қорытындыларына өтуге, 
мифологиялық ойлаудан қатыстылық теориясына өтуге болмайды. Қоғамның 
кез келген жағының өзгеруі және жалпы қоғамның тұтас өзгеруі кейінгі 
өзгерістердің сипатын, бағытын, көлемін, ырғағын анықтайтын өзінің 
объективті даму заңдылықтарына ие. Жалпы алғанда, қоғамда, оның 
материалды және рухани мәдениетінде, оның дамуының объективті 
заңдылықтарында адам әрекеттерінің бағдарламасы іске қосылған.
Осылайша, тарих заңға сәйкес болып келеді, себебі ол әлеуметтік қайта 
құрулардың объективті логикасына бағынады, бұл заңдылықтың өзі адамдар 
әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Осы факт қоғамдағы адамзат қызметінің 
кешенді маңызының дәлелі, айнасы.
Сондай-ақ, қоғам тарихы жалпы ортақ дамудың тек бір бағытта жүретін 
логикасы ғана емес, сонымен қатар оқиғалардың тарихи нақты дамуының сан 


алуан мүмкіндіктері, және осы мүмкіндіктер көптеген жағдайлардың, 
әлеуметтік күштердің, ортақ қызығушылықтардың белгілі күйімен өзара 
байланысты болып келеді. Бұл жердегі бастамалар расымен шексіз келеді.
Осының барлығы адамның объективті заңдардың талаптарына деген 
қарым-қатынасы эскалатормен көтерілу сияқты емес екендігін дәлелдейді. 
Қоғамдық прогрестің қандай нақты жолын таңдау, тарихтың берген 
мүмкіндіктерін қалай пайдалана алуы, қоғамдық түрленулердің шешімін табуы 
не таппауы осының барлығы адамдарға, олардың әрекеттеріне, мінездеріне 
байланысты. Қысқасы, дүниежүзі тарихында адамдарға, олардың әрекеттеріне 
болып жатқан құбылыстардан хабарсыз қуыршақтар мен әртістер рөлі емес, 
нағыз сол тарихи үрдістердің жасаушылар рөлі беріліп, олардың тарихи 
үдерістердегі маңызды орны ерекше белгіленген. Егер қоғамдық өмір, қоғам 
тарихы адамдардың, халықтардың, таптардың, әлеуметтік топтардың, 
тұлғалардың әрекеттері болса, бұл тарих тек өзінің логика шеңберінде емес, 
өзінің ғана объективті заңдылықтарына сүйенбей, сонымен қатар адамдардың 
әрекеттерінің контекстінің айналасында қарастырылуы қажет. Адамдардың 
әрекеттерін қоғамдық өмірдің жеке дара, арнайы ракурсы екендігін белгілей 
отырып, қоғам дамуының қозғаушы күштері мәселесі туындайды. Қоғам 
дамуының қозғаушы күштері бұл қоғамдағы барлық мәселе мен қақтығыстар, 
қайшылықтар емес. Біздің ойымызша, қоғамның қозғаушы күштері – ішкі 
механизм мен факторлар, себептерінің көзімен ашылған адамдардың 
әрекеттері. 
Ф. Энгельс дәл осындай бағытта тарихтың қозғаушы күштерін 
анықтайды: «Әңгіме тарихи қайраткерлерге түрткі болатын қозғаушы күштерді 
зерттеуге келіп тірелгенде, -саналы не саналы емес, көбіне саналы емес, яғни 
еріктен тыс, соңында шынайы тарихи қозғаушы күштерді құрайтын, жеке дара, 
тіпті аса танымал тұлғалардың қозғалыстарын емес, көптеген адамдар тобын, 
күллі халықты, әр халықтың топтарын қозғай алатын қозғаушы күштерді 
ескерген жөн. Осы тұста қысқа мерзімді жарылыстар мен тез өтіп кететін 
жаңғырықтар емес, ұлы тарихи өзгерістерді алып келетін ұзақ мерзімді 
қозғалыстар маңыздырақ. Адамдар жиынында немесе топ басқарушыларының, 
яғни ұлы тұлғалардың басында фантастикалық, идеологиялық формада ашық 
не жабық түрдегі саналы қозғаушы идеялардың негізгі себептерін зерттеу – 
тарихта, оның жеке кезеңдерінде немесе жеке елдерде үстем заңдылықтарды 
тануға апаратын жалғыз жолға аяқ басу. Қоса кететін жайт, егер Ф.Энгельс 
«қозғаушы топтардың» «қозғаушы себептерін» анықтау заңдылықтарды 
танудағы жол деп жазған болса, онда біздің баяндау жоспарымызда біз: қоғам 
заңдылықтарын білуден адамдардың әрекеттерінің қозғаушы себептерін 
анықтағанға дейін біз кері бағытта келеміз.
Қоғамның қозғаушы күштері жоғарыда келтірілген сипатта қоғамдық 
өмірдің жалпы мінездемесі ретінде қарастырылады. Қоғамдағы барлық дүние 
адамдардың әрекеті арқылы орындалғандықтан, қозғаушы күштер аумағы жан-
жақты сипатты болып келеді. Бірақ адамдардың әрекеті қоғамның тек бір 
бейнесі болғандықтан, қозғаушы күштер өз басқаруында шектеулі келеді. 


Және осы шекара қоғам бөлшектерінің бөлінісі сызығымен емес, жалпы 
қоғамдық өмірдің аспектілерін, әр түрлі қасиеттерін белгілеу сызығымен өтеді.
Қоғамдық қозғаушы күштердің ауқымды тақырыбындағы ең маңызды 
мәселелер қоғамдық өмірдің субъектісінің анализі, оның қызметі мен 
әрекеттерінің шарттары мен себептерінің, мақсаты мен міндеттерінің, оның 
нәтижелерінің сипаттамасы, осы әрекеттердегі объективті және субъективті, 
шығармашылық, репродуктивті диалектикасы.
Ғылыми және көркем әдебиеттерде қоғамның қозғаушы күштерін 
қоғамның прогрессивті өзгерістерімен, белгілі бағыт-бағдармен жиі 
байланыстырады. Біз үшін бұндай пікір біржақты болып көрінеді. Қоғамның 
өмірі, оның тарихы – өз алдына толық үдеріс. Ол көптеген, өзара ұқсамайтын 
халықтар, ұлттар мен топтар, адамдар арасында туындаған қарама-
қайшылықтардың бітісуінен тұрады. Демек, адамдардың кез келген әрекеттері 
өзіндік қозғаушы күш болып саналады. Ондай күш болып саналуы оның 
прогрессивті болмаса реакционды, саналы не стихиялық болуынан емес, адами 
қоғамдық күш болуынан. Яғни, қозғаушы күш болу қасиеті – жалпы адами 
әрекеттердің маңызды, имманентті қасиеті, және осы әрекеттер аталған 
себептерге сәйкес қозғаушы немесе қозғамайтын болып бөлінбейді.
Белгілі жағдайда, тарихи жеке кезеңдерді, нақты елдерді және халықты 
сараптау жағдайында түрлі әлеуметтік субъектілердің позициясын анықтау 
қажет, олардың қоғамдағы прогрессивті өзгертулерге қосқан үлесі мен көмегін 
немесе оларға деген қарсы тұруларын ажырату керек. Алайда, нақты тарихи 
мағынасы бар, әлеуметтік күштерді осы кезекпен орналастыру кез келген 
әлеуметтік топтың әрекеттерінің айналасындағы тарихтың қозғаушы күштерін 
жалпы жоққа шығару шегіне дейін өспеуі тиіс. Бізге белгілі жағдайда 
әрекеттері реакциялы деп танылған, сан алуан топтардың әрекеттерін тарихтың 
қозғаушы күштері ретінде санау не санамау аса маңызды емес деп айтуы 
мүмкін. Шын мәнісінде, осы тәрізді мәселелерді шешуде теоретикалық 
көмескілік әдісі әдістемелік тұрғыдан зияны жоқ деп айтуға келмейді.
Қоғамның қозғаушы күштерін тек прогрестің тенденцияларымен 
байланыстырып, теориялық назарды бір субъектіге, бір қызметке аударсақ, біз 
ерікті түрде немесе еркімізден тыс басқа субъектілер, басқа әрекеттер мен 
қызметті өте маңызды теориялық анализден тыс қалдырамыз. Егер біздің 
қоғамның дамуының қозғаушы күштерінің жалпылама ортақ сараптамасына 
көңіл бөлетін болсақ, біз өзіміздің прогрестің күштерін өте белсенді түрде 
сипаттағанымызды байқамауымыз мүмкін емес, бірақ осы орайда басқа жаққа 
бағытталған күштер мен әрекеттерді көрмедік, оларды сараптаған емеспіз. 
Ақыр соңында шынайы күштерді көріп, түсіну тым кемітілген жағдайда болды, 
ал біздің қоғамдық дамудың қозғаушы күштерінің кейпі азайған екендігі 
белгілі болды. Міне, сондықтан, қозғаушы күштердің сипаттамасын шектемеу, 
оны тек қоғамның прогрессивті, кез келген күштеріне байламау, оны адамзат 
әрекетінің әмбепап бөлшегі ретінде қабылдау өте маңызды болып саналады. 
Қоғамның қозғаушы күштеріне сараптама жасау адамдардың күштерінің 
көпқырлығы мен мықтылығын, көптеген нәрсе оларға бағынышты екенін, олар 
шынайы тарихты тудыратындығын көрсетеді. Сондай-ақ, нақ осы күштердің 


сараптамасы бұл күштердің шексіз емес екендігін, оларға қойылатын кейбір
мақсаттар мен бағыттар тек қате емес және әлеуметтік тұрғыдан жауапсыз 
келеді, себебі, бұл мақсаттарға деген талпыныс көңіл қалу мен әлеуметтік 
күйзелістерге әкеп соғады. Әңгіме күні кеше саяси танымал идеялардың бірі 
болған коммунизм, су жаңа қоғамды құру жайында айтылып отыр. 
Жалпыланған түрде бұл мәселені белгілі формация құрудағы саналы тапсырма, 
міндет ретінде қарастыруға болады.
Барлық нәрсені, соның ішінде өмірдің жаңа өркениетті формациялы 
түрлерін тек адамдар және адамдар ғана ойлап табады. Бірақ олар қандай 
жағдайда осы жалпыға ортақ формаларды құрастырады? Адамдар адамзаттың 
жалпы дамуының, өз шығармашылығын, бостандығын дамытудың, өмір 
сүруін жақсартуының нақты міндеттеріне сүйене отырып әрекет етеді. Бұл 
мақсат пен міндеттер өте нақты келеді, олар белгілі кезең мен белгілі 
жағдайларда өмір сүретін қауымдастықтардың қайталанбас шарттарынан 
шығады. Әрдайым нақты нәтижелілікпен өлшенетін және бекітілетін өмірлік 
өзгерістердің осы қабаты қозғаушы күштер мен адамдардың әрекеттерінің 
аумағының көп бөлігін иемденеді. Көптеген осы нақты өзгерістерден жалпыға 
ортақ адамдардың болмыстарының өркениетті формациялық формаларының 
өзгеруі өрбігендіктен, адамдар олардың жасаушылары мен қозғаушы күштері 
болып саналады. Дегенмен, адамдардың бұл әрекеттерінің рөлі, олардың 
өмірлерінің жақсартуларының нәтижесі орны қосымша, туынды болып 
саналады. 
Гегельдің айтуынша: «Тарихты жақын арада қарап, талқылау 
барлығымызға 
адамдардың 
әрекеттері 
олардың 
қажеттіліктерінен, 
қызығушылықтарынан, мінездері мен қабілеттерінен туындайды, осылайша 
бұнда түрткі болатын себептерге олардың қажеттіліктері, құмарлық, 
қызығушылықтары жатады және тек осылар ең басты рөлді атқаратындығын 
дәлелдейді.. құмарлық, пайдакүнемдік мақсаттар, өзімшілдікті қанағаттандыру 
аса үлкен күшке ие; олардың күші арнайы орнатылған ешқандай шекараны 
мойындамағандықтарында, сонымен қатар, осы табиғи күштер адамға 
құқықтарды сақтауға, тәртіпке және ұстамдылыққа үйретуге бағытталған 
жасанды тәрбиеден жақын келетіндігін дәлелдеді» (Гегель Г. Соч. Т. 8. С. 20).
Бұндай жағдайдағы адами әрекеттерде алдыңғы қатарда жалпылама қайта 
құруларға, жаңа формация құруға коммунистік немесе басқаға деген ұмтылыс 
болады. Онда адамдардың тұрмысын нақты жақсартуы мен олардың жеке 
дамуы екінші, яғни қосымша мәселе түрінде келеді. Осы сияқты «ақтару» 
қоғамдық өмірдің шынайы қиындықтарын, құбылмалылығын алдын-ала 
ойластырылған схемаларға әкеп соғады, сөзсіз идея диктатурасына әкеледі. 
Ерте ме, кеш пе ортақ идея немесе мақсаттың бұндай басымдылығы шынайы 
әрі нақты қызығушылықтар мен адамдардың қажеттіліктерімен қақтығысқа 
түсіп, соңында адамды елемеушілікке әкеліп тіреледі. XX ғасырдағы тарихи 
тәжірибе өзінің нандырарлығымен тарихтың қозғаушы күштері көпшілік 
қауым алдында қойылым қою, адамдардың күнделікті қанағаттандыруларынан 
тыс, сөзсіз басымдылық ретінде қозғалған жаңа қоғам, жаңа формация құру 


міндеттері әлеуметтік күйзелістен басқаға әкеле алмайтындығын дәлелдеген
болатын.
Осының барлығынан айқын қорытынды шығады: қоғамның қозғаушы 
күштерінің қуаттылығына қарамастан, олар жаңа формация құру сияқты 
міндеттерді қоя алмайды. Себебі формациялық қозғалыстар, соңында 
адамдардың нақты әрекеттерімен жиынтықтың нәтижесі ретінде, объективті әрі 
заңды өзгерістердің өнімі болып пайда болады, тарихтың қоғамдық 
нәтижесінде post factum болып туындайды. Формациялық идеяны адамзат 
әрекеті мен қызметіне айналдыру ерте ме, кеш пе өзіңді осы идея мен оны өз
пайдасына жұмсайтын күштердің құлына айналдыру дегенді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет