Сулейменов Пиримбек Муханбетович



Pdf көрінісі
бет6/48
Дата03.10.2023
өлшемі2 Mb.
#183567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Электронный учебник аль-Фараби П.М. Сулейменов

 
 
Өзін тексеру сұрақтары: 

Әл-Фарабидің этикалық философиялық көзқарасын талдаңыз. 

Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» жайлы
идеясын сипаттаңыз.

Әл-Фарабидің жаратылыстану ғылымдары туралы ой
тұжырымдарын ашып беріңіз.

Әл-Фарабидің мемлекетті басқару туралы теориясын сараптаңыз. 

Әл-Фарабидің дінге көзқарасын анықтаңыз. 
Өзіндік жұмыс тақырыптары: 

 
Әл-Фарабидің «ақыл» туралы ілімін ашып беріңіз. 

Әл-Фарабидің философиясындағы «кемел адам» идеясын зерделеңіз. 

Әл-Фарабидің мұраларының зерттелуін көрсетіңіз.

Әл-Фарабидің саяси әлеуметтік көзқарасын талдаңыз.

Әл-Фараби және мұсылман философиясын сипаттаңыз.
 


14 
1.2 Әл-Фараби 
-
 ұлы ойшыл, педагог ғалым 
Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа 
платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің 
“Философияны үйрену үшін қажетті шаралар жайлы трактат” еңбегінде 
Аристотельдің философиясын меңгеруге қажетті болатын тоғыз шарт жайлы 
өз пікірлерін ортаға салады: 
Бірінші шарт
 
– философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу):
1) философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 
2) оның шыққан қаласы; 
3) философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 
4) философиялық ағымды тудырған басты себеп
5) философиялық талдауға түскен мәселелер; 
6) философияның алға қойған мақсаты туралы; 
7) философияның практикалық мәні, нәтижесі, сияқты жеті нәрседен 
тұрады. 
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін 
салушы – грек философы Пифагор, яғни пифагоршылдар мектебі. Бұл жерде 
Грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз 
пікірлерін ұсынады. 
Екінші шарт
 
- өткендегі, ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі 
ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған 
логикалық шығармалардың, яғни формальдық дәлел (логика), силлогизм
аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет