Сутекті ң изотоптары химиялық элементтің атомдык, мас



бет10/10
Дата27.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#199626
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ЭКЗ БЕЙОРГ.

мыс, мырыш, хромжәне темір .
Кен орнында энеолит заманында (б.з.б. 5000 — 6000 жылы) сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың “Атбасар мыс кентасы” қоғамына концессияға беріледі. Жете барлау жұмыстары 1925 жылданжүргізіліп, бірінші отандық мыс 1928 жылыҚарсақбай комбинатында балқытылады. Академик Қ.И. Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиляқы барлау жұмыстарын 1931 жылдан Жезқазған экспедициясы үздіксіз жүргізіп келеді.


2) Периодтық жүйенің I тобының негізгі топшасына жатады: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Бұл топшаның металдары сілтілік деп аталады, себебі олар өздері жəне олардың оксидтері сумен əрекеттесіп, сілтілер түзеді. Сілтілік металдардың атом- дарының сыртқы энергетикалық деңгейінде бір электрон бар – ns1.
Табиғатта таралуы. Сілтілік металдардан тек натрий мен калий кең тараған. Жер қыртысындағы натрийдің массалық үлесі – 2,64 %, ал калийдікі – 2,60 %-ды құрайды. Литий, рубидий жəне цезийдің мөлшерлері біршама азырақ, олардың үлестері 6,5∙10-3, 0,031 жəне 7∙10-4 %-ды құрайды.
Сілтілік металдар бос күйінде кездеспейді. Натрийдің негіз- гі табиғи қосылыстары галит немесе тас тұзы NaCl жəне мира- билит немесе глаубер тұзы Na2SO4∙10H2O минералдары болып табылады. Натрий жəне калий қосылыстары синтетикалық жуғыш заттар мен сабын өндірісінде пайдаланылады. Натрий, калий жəне ли- тий гидроксидтері сілтілік аккумуляторлар электролиттерінің құрамына кіреді. Литий, рубидий жəне цезий арнайы шынылар өндірісінде шихтаға қосылатын қоспа қызметін атқарады.

22-билет
1.сұрақ.


Халькогендер – |||периодтық жүйенің VI A-тобы элементтерінің топтық атауы. Топқа оттегі О, күкірт S, селен Se,теллур Te,полоний Po элементтері жатады. Бұл элементтер атомдарының валенттік деңгейлерінің электрондық формуласы ns2np4. Оттегі қосылыстарда көбінесе теріс жирек - II, сирек - I тотығу дәрежелерін көрсетеді. Басқа халькогендерге +IV және +VI, сонымен бірге -II тотығу дәрежелері тән. Электртерістіктері бойынша О және S -бейметалдар, ал Se, Te және Po - амфотерлі элементтер; Se мен Te бейметалдық, ал Po металдық қасиеттерді басымырақ көрсетеді.Бос күйінде оттегі O2 - газ, ал күкірт және оның аналогтары- қатты заттар. Оттегіден полонийға қарай жай заттардың тотықтыру мүмкіндіктері азаяды.
Күкірт қышқылы — күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді.

Физикалық қасиеттері


Концентрациялы күкірт қышқылы — түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/см3, массалық үлесі 98%. Ол 280°С-та қайнайды, ал 10,4°С-та кристалданады.Күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөле отырып, онымен химиялық реакцияға түсіп, құрамы әр түрлі гидраттар түзеді. Олар: H2SO4*2O, H2SO4*2H2O, H2SO4*4H2O. Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін.
Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышқыл толтырылған стақанды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
Концентрациялы күкірт қышқылы адам терісіне, матаға, ағашқа тисе, оны қарайтып күйдіреді. Сол себепті, күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет.

Химиялық қасиеттері


Концентрациялы күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштың қасиеті тән. Сұйылтылған күкірт қышқылы басқа күшті қышқылдарға тән қасиеттерді көрсетеді.

Екі негізді күкірт қышқылы сатылы диссоциацияланады, индикаторға әсер етеді:


Бірінші сатысында H2SO4 түгелдей дерлік диссоциацияланады. Ал екіншісінде азырақ диссоциацияланады:
Күкірт қышқылы сілтілермен және ерімейтін негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді немесе қысқартылған теңдеуі:
Сұйылтылған күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттескенде, тотықтырғыш қасиет көрсетеді, нәтижесінде сутек газы бөлінеді:
Қалыпты температурада өте концентрациялы 80—90%-тік күкірт қышқылы көптеген металдармен: мысалы, темір, алюминий, хроммен әрекеттеспейді. Оның себебі, металл бетінде енжар қабат пайда болады.

Концентрациялы күкірт қышқылы H2SO4 металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдармен де әрекеттеседі. Бұл жағдайда сутек бөлінбейді. Күкірттің тотығу дәрежесі +6 болатын сульфат-ионы SO4 есебінен тотықтырғыш болады, нәтижесінде SO2 түзіледі. Концентрациялы күкірт қышқылының мыспен әрекеттесуін қарастырайық.


Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары — сульфаттарға анықтағыш реактив болады. Екі сынауыққа аздап күкірт қышқылы және натрий сульфаты ерітіндісінен құйып, үстіне барий хлоридінен тамызса, ақ тұнба түзіледі. Реакция теңдеулері немесе екі реакциядан қысқартылған теңдеу:


BaSO4 тұнбасы суда да, азот қышқылында да ерімейтіндіктен, күкірт қышқылын және оның тұздарын сипаттайтын реактив ретінде ерімтал барий тұздары пайдаланылады.

Концентрациялы күкірт қышқылына батырылған ағаш және қағаз қарайып, көмірге айналады. Қантқа әсер еткенде, күкірт қышқылы одан сутек пен оттекті бөліп алады, ал көміртек кеуекті көмір түрінде бөлініп шығады. Мысалы, оған тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шамамен 30 г ұнтақ қантты 100 мл-лік стақанға салып, шыны таяқшамен араластыра отырып, 26 мл концентрациялы H2SO4 қосу қажет. Қышқыл қосқан соң көп жылу бөліне отырып, гидраттану тез жүреді де қант қарайып, кеуекті көмірге айналып, стақаннан асып төгіле бастайды .


Химиялық қасиеттері


Концентрациялы күкірт қышқылына күшті тотықтырғыштың қасиеті тән. Сұйылтылған күкірт қышқылы басқа күшті қышқылдарға тән қасиеттерді көрсетеді.

Екі негізді күкірт қышқылы сатылы диссоциацияланады, индикаторға әсер етеді:


Бірінші сатысында H2SO4 түгелдей дерлік диссоциацияланады. Ал екіншісінде азырақ диссоциацияланады:
Күкірт қышқылы сілтілермен және ерімейтін негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді немесе қысқартылған теңдеуі:
Сұйылтылған күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттескенде, тотықтырғыш қасиет көрсетеді, нәтижесінде сутек газы бөлінеді:
Қалыпты температурада өте концентрациялы 80—90%-тік күкірт қышқылы көптеген металдармен: мысалы, темір, алюминий, хроммен әрекеттеспейді. Оның себебі, металл бетінде енжар қабат пайда болады.

Концентрациялы күкірт қышқылы H2SO4 металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдармен де әрекеттеседі. Бұл жағдайда сутек бөлінбейді. Күкірттің тотығу дәрежесі +6 болатын сульфат-ионы SO4 есебінен тотықтырғыш болады, нәтижесінде SO2 түзіледі. Концентрациялы күкірт қышқылының мыспен әрекеттесуін қарастырайық.


Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары — сульфаттарға анықтағыш реактив болады. Екі сынауыққа аздап күкірт қышқылы және натрий сульфаты ерітіндісінен құйып, үстіне барий хлоридінен тамызса, ақ тұнба түзіледі. Реакция теңдеулері немесе екі реакциядан қысқартылған теңдеу:


BaSO4 тұнбасы суда да, азот қышқылында да ерімейтіндіктен, күкірт қышқылын және оның тұздарын сипаттайтын реактив ретінде ерімтал барий тұздары пайдаланылады.

Концентрациялы күкірт қышқылына батырылған ағаш және қағаз қарайып, көмірге айналады. Қантқа әсер еткенде, күкірт қышқылы одан сутек пен оттекті бөліп алады, ал көміртек кеуекті көмір түрінде бөлініп шығады. Мысалы, оған тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шамамен 30 г ұнтақ қантты 100 мл-лік стақанға салып, шыны таяқшамен араластыра отырып, 26 мл концентрациялы H2SO4 қосу қажет. Қышқыл қосқан соң көп жылу бөліне отырып, гидраттану тез жүреді де қант қарайып, кеуекті көмірге айналып, стақаннан асып төгіле бастайды .


Қолданылуын
Күкірт қышқылы — химиялық өндірістің көбінде қолданылатын негізгі өнім. Басқа қышқылдармен салыстырғанда, химия өнеркәсібінде кең көлемде қолданылуына сәйкес күкірт қышқылы бірінші орында тұр. Ол басқа бейорганикалық қышқылдарды HCL, HN03, Н3Р04 және минералдық тыңайтқыштарды алуда кеңінен пайдаланылады. Металлургияда түсті металдар алу үшін мұнай еңдеуде түрлі өнімдерді тазартуға, қопарылғыш заттар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі-дәрмектер парфюмерия өндіруде, тері илеуде және пластмасса синтездеуде алатын орны ерекше.

Күкірт қышқылының тұздары


өңдеу
Күкірт қышқылының тұздары 2 типті болады: орта және қышқыл тұздар. Орта тұздар — сульфаттар, қышқыл тұздар — гидросульфаттар. Көпшілік сульфаттар суда жақсы ериді, ал ерімейтіндерге және аз еритіндерге BaSO4, SrSO4 жатады. Kөп қолданылатын тұздары: натрий сульфатының кристал-гидраты Na2SO4*10H2O, оның минералын мирабилит деп атайды.

Осы тұз медицинада дәрі ретінде "глаубер тұзы" деген атаумен қолданылады. Натрий сульфатының негізгі қоры Арал, Балқаш көлдерінің маңында кездеседі. Кальций сульфаты CaSO4 табиғатта минерал CaSO4*2Н2O түрінде таралған. Оны қыздырып алебастр алып, құрылыста байланыстырғыш зат ретінде пайдаланады. Тотияйын, яғни мыс кристалгидраты CuSO4*5H2O жасанды жібек, талшық алуға, өсімдік зиянкестерімен күресуге қажет. Темір (II) сульфатының кристалгидраты FeSO4*7H2O ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресуде, мата бояуда, фотографияда қолданылады.


2
.сұрақ.







24 билет:


1)
Периодтық жүйенің VA тобының элементтеріне азот (N), фосфор (P), мышьяк (As), антимон (Sb) және бисмут (Bi) жатады. Элементтердің бұл тобында металлоидтар мен бейметалдар басым және олар ұқсас химиялық қасиеттерге ие.

Va тобы элементтерінің жалпы сипаттамалары:


1. Азот (N): Азот-әртүрлі тотығу дәрежелері бар оксидтер түзетін бейметалл. Маңызды қосылыстарға аммиак, нитраттар және азот қышқылы жатады. Азот тыңайтқыштар, жарылғыш заттар, пластмассалар, дәрі-дәрмектер және басқа да химиялық өнімдер өндірісінде кеңінен қолданылады.


Аммиак:
2NH4Cl + Ca(OH)2 = CaCl2 + 2NH3↑ + 2H2O

Өндірісте азот (II) оксидін тотықтыру арқылы азот (IV) оксиді алынады:


2NО + О2 = 2NО2
Зертханада:
Cu + 4HNО3 = Cu(NО3)2 + 2NО2↑ + 2H2О

HNO3-азотная кислота Ее можно получить H2O+3NO2=2HNO3+NO 4KNO3 + 2FeSO4 ∙ 7H2O → Fe2O3 + 2K2SO4 + 2HNO3↑ + 2NO2↑ + 6H2O KNO3 + H2SO4 → KHSO4 + HNO3


2. Фосфор (P): Фосфор ақ, қызыл және қара фосфорды қоса алғанда, әртүрлі аллотропты формаларда болуы мүмкін. Маңызды қосылыстарға фосфаттар, фосфидтер және фосфор қышқылдары жатады. Фосфор тыңайтқыштар, жуғыш заттар, пиротехника, қорытпалар және басқа да химиялық өнімдер өндірісінде қолданылады.
Фосфат кальция
Алдымен фосфор мен кальций оксидтерін аламыз: 2 Ca + O2 = 2 CaO 4 p + 5 O2 = 2 P2O5. Содан кейін оксидтер бір-бірімен әрекеттесіп, кальций фосфатын түзеді: 3 CaO + P2O5 = Ca3 (PO4)2.

фосфор қышқылы. P 2 O 3 + 3 H 2 O = 2 H 3 PO 3,


3. Мышьяк (As) және антимон (Sb): бұл элементтер ұқсас химиялық қасиеттері бар металлоидтар. Олар жартылай өткізгіштер, қорытпалар, пигменттер және дәрі-дәрмектер өндірісінде қолданылады.


химиялық қосыслыстары:

Алюминий мен мышьяк ұнтақтарын ауаға қол жеткізбестен ұзақ уақыт қыздыру арқылы алынады:


As + Al = AlAs.

мышьяк оксиді:


2As2О3 + 9O2 → 2As2О3 + 6SO2

4. Бисмут( Bi): Бисмут-уыттылығы төмен ауыр металл. Ол легирленген қорытпалар, косметика, дәрі-дәрмектер өндірісінде және ядролық өнеркәсіпте қолданылады.


қосылыстары:Висмут нитратын металл висмут пен концентрацияланған азот қышқылының реакциясы арқылы алуға болады.
Bi + 4HNO3 = Bi (NO3)3+ 2H2O + NO.
висмут оксиді: 4Ві+ 302 - 2 Bi2О3
Алу:
VA тобының элементтері әдетте минералды кендерден немесе тұздардан фосфат кендерін өңдеу немесе бисмутты жерден алу сияқты әртүрлі химиялық процестер арқылы алынады.

Қасиеттері:


VA тобының элементтері әртүрлі тотығу дәрежелері бар қосылыстардың түзілуі, қышқылдар мен тұз қосылыстарының түзілуі сияқты ұқсас химиялық қасиеттерге ие. Олардың көпшілігі жартылай өткізгіштік қасиеттерге ие.

Табиғатта таралуы:


Va тобының элементтері табиғатта минералдардың, тұздардың және кендердің құрамдас бөліктері ретінде кең таралған.

Қолдану:
Va тобының элементтері бірегей химиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі салаларда, технологияда, медицинада және ғылыми зерттеулерде қолданылады.


Фосфор-ақ, қызыл және қара фосфорды қоса алғанда, бірнеше аллотропты формалары бар көптеген химиялық элемент. Ол табиғатта кең таралған, әдетте минералдарда, топырақта, өсімдіктерде және жануарларда кездесетін фосфаттар түрінде.


Фосфор алу әдістеріне фосфат кендерінің термиялық ыдырауы, фосфат электролизі немесе фосфор қышқылымен өңдеу сияқты химиялық реакциялар жатады.


Фосфордың физикалық қасиеттері оның аллотропты түріне байланысты. Мысалы, ақ фосфор-жұмсақ, балауыз, қызыл фосфор-қатты және кристалды, ал қара фосфор - жартылай өткізгіштік қасиеттері бар күрделі құрылым.


Фосфордың химиялық қасиеттеріне оның оксидтер, гидридтер және оттегі, азот және күкірт қосылыстары сияқты басқа элементтермен қосылыстар түзу қабілеті жатады.


Фосфор қышқылдары мен тұздары өнеркәсіпте тыңайтқыштар, жуғыш заттар, тағамдық қоспалар және басқа да өнімдерді өндіру үшін кеңінен қолданылады. Олар зертханаларда және медицинада да қолданылады.


Осылайша, фосфор әртүрлі қолданбалары мен химиялық қасиеттері бар маңызды элемент болып табылады.


2)

Периодтық жүйенің IA тобының элементтеріне литий (Li), натрий (Na), калий (K), рубидий (Rb), цезий (Cs) және франций (Fr) жатады. Элементтердің бұл тобында ұқсас химиялық қасиеттері бар металдар басым.


Маңызды қосылыстар және қолдану:


1. Литий (Li): маңызды қосылыстарға литий гидриді, литий карбиді және литий метоксиді жатады. Литий Жеңіл металл қорытпаларын, литий-ионды аккумуляторларды, дәрі-дәрмектерді өндіруде және ядролық өнеркәсіпте қолданылады.
Литий (Li):
- Литий гидриді (LiH)
- - Литий амиді (LiNH2)
- - Литий алюминий гидриді (LiAlH4)

2. Натрий (Na): маңызды қосылыстарға натрий хлориді (ас тұзы), натрий гидроксиді (сілті) және натрий карбонаты (сода) жатады. Натрий шыны, жуғыш заттар, тағамдық қоспалар өндірісінде және химия өнеркәсібінде қолданылады.


Натрий (Na):
- Натрий гидриді (NaH)
- Натрий гидроксиді (NaOH)
- Натрий хлориді (NaCl)

3. Калий (K): маңызды қосылыстарға калий хлориді, калий нитраты және калий сабыны жатады. Калий тыңайтқыштар, шыны, жуғыш заттар өндірісінде және медицинада қолданылады.


Калий (K):
- Калий гидриді (KH)
- Калий гидроксиді (KOH)
- Калий нитраты (KNO3)

4. Рубидий (Rb) және цезий (Cs): бұл элементтердің жоғары реактивтілігіне байланысты өнеркәсіптік қолданылуы шектеулі, бірақ олар ғылыми зерттеулерде, оптикада және әйнектің арнайы түрлерін өндіруде қолданылады.


Рубидий (Rb):
- - Рубидий гидриді (Rboh)
- - Рубидий гидроксиді (Lioh)
- Рубидий хлориді (RbCl)

Алу:
IA тобының элементтері әдетте минералды кендерден немесе тұздардан электролиз немесе басқа химиялық заттармен реакциялар сияқты әртүрлі химиялық процестер арқылы алынады.


Қасиеттері:


IA тобының элементтері сумен жоғары реактивтілік, оксидтер мен гидридтердің түзілуі, қышқылдармен тұздардың түзілуі және т.б. сияқты Жалпы химиялық қасиеттерге ие.

Табиғатта таралуы:


Ia тобының элементтері табиғатта минералдардың, тұздардың және кендердің құрамдас бөліктері ретінде кең таралған.

Қолдану:
IA тобының элементтері бірегей химиялық қасиеттеріне байланысты әртүрлі салаларда, технологияда, медицинада және ғылыми зерттеулерде кеңінен қолданылады.


25-билет
1)Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің
VII тобының негізгі топшасына немесе галогендер топшасына
фтор F, хлор Cl, бром Br, йод I, астат At кіреді. Галогендер
атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде жеті электрон –
ns2np5 болады.Табиғатта таралуы. Өздерінің реакциялық белсенділігіне
байланысты галогендер табиғатта бос күйінде кездеспейді, алайда олар табиғатта кеңінен жəне барлық жерде X- ион түрінде
кездеседі. Галогендердің ішінде табиғатта ең көп тарағаны –
хлор. Құрамында хлоры бар көп тараған қосылыстар мен минералдар – тас тұзы (галит) NaС1, сильвинит NaС1·КС1, бишофит
MgCl2·6H2O, карналлит KCl·MgCl2·6H2O жəне басқа да табиғи
қосылыстар. Теңіз суында көп мөлшерде (0,8 ден 3,5 %-ға дейін)
хлор (əртүрлі хлоридтер түрінде) бар.
Таралуы жағынан хлордан кейін фтор болып табылады.
Маңызды фтор құрамды минералдар – флюорит (балқытқышшпат) CaF2, криолит Na3[AlF6] жəне фтораппатит Ca5(PO4)3F. Бром
мен йодтың негізгі табиғи көздері теңіз суы болып табылады.
Йод қосылыстары мұнай алу үшін бұрғыланатын суларда жəне
теңіз балдырларында болады.Галогендердің қасиеттері. Бос күйінде галогендер екі атомдық молекуладан тұратын жай заттар түзеді: фтор F2, хлор Cl2,бром Br2 жəне йод I2. Бөлме температурасында фтор – өткір иісі
бар ақ сары түсті газ, хлор – өткір тітіркендіргіш иісі бар сары
жасыл түсті улы газ, бром – қара қызыл ерітінді, ал оның буы – өткір иісті сары сұр түсті, йод – қара көк түсті кристалдық
зат. Галогендер – улы заттар. Оның буымен дем алу тыныс алу
мүшелерін тітіркендіреді, ал оның көп мөлшері тұншығуға əкелуі мүмкін. Газ түріндегі фтор жəне сұйық бром терінің қатты күйігіне əкеледі. Галогендермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік
ережелерін қатаң сақтаған дұрыс.1. Металдармен əрекеттесуі. Галогендер белсенді түрде көптеген металдармен галогенидтер түзе əрекеттеседі, мысалы:
2Na + Cl2 = 2NaCl
2Al + 3I2 = 2AlI3
Көптеген металдар қалыпты жағдайда фтормен əрекеттеседі,
тек кейбір жағдайларда металдың бетінде ерігіштігі төмен металл
36 Элементтер химиясы
фторидінің қабықшасы түзіледі, ол реакцияның əрі қарай жүруіне
кедергі келтіреді (мысалы, мыс, никель).
2. Бейметалдармен əрекеттесуі. Галогендер көптеген бейметалдармен əрекеттеседі: сутек, фосфор, күкірт жəне т.б., мысалы:
H2
+ Cl2
= 2HCl
S + 3F2
= SF6
2P + 5Br2
= 2PBr5 (фосфор пентабромиді)
Кейбір асыл газдардың өзін фтор тотықтырады, мысалы:
Xe + 2F2
= XeF4
.
Хлор мен сутектің реакциясы реагенттер қоспасын қыздырғанда немесе жарық əсерінен жылдамдайды. Бұл реакция радикалдар түзу арқылы бірнеше сатыда жүреді. Қыздырғанда немесе
жарық əсерінен молекулалар хлор радикалына ыдырайды:
С12 + hn = С1· + С1·
олар сутек молекуласымен сутек радикалын түзе əрекеттеседі:
С1· + Н2 = НС1 + Н·
сутек радикалы хлор молекуласымен хлор радикалын түзе əрекеттеседі:
Н· + С12 = НС1 + С1· жəне т.б.
Осылайша тізбекті деп аталатын сатылы реакциялар тізбегі
алынады.
3. Сумен əрекеттесуі. Фтор белсенді түрде сумен оны тотықтыра əрекеттеседі:
F2 + H2 O = 2HF + O
Бөлінген оттек атомдары молекулалық оттек О2 жəне озон түзеді:
О3 : 2O = O2 ; O2 + O = O3
сонымен қатар фтормен əрекеттесіп оттек дифторидін түзеді:
VII A топшасы элементтері 37
F2 + O = OF2
Басқа галогендер сумен əрекеттескенде мұндай белсенділік
көрсетпейді. Хлорлы суда хлорсутек НС1 жəне хлорлылау НС1О
қышқылдары бар:
Cl2 + 2H2 O = НCl + HClO
Бром су мен хлорға ұқсас, бірақ одан белсенділігі төмендеу
əрекеттеседі.
4. Сілтілермен əрекеттесуі. Галогендер сулы ерітінділерінде
сілтілермен əрекеттеседі. Реакция өнімдері оның жүру жағдайына
байланысты болады: төмен температурада жəне сұйытылған
сілтілерден хлоридтер мен гипохлориттер алынады, мысалы:
Cl2 + 2КOН = КCl + КClO + Н2 О
жоғары температурада жəне концентрлі сілтілерден алынған
өнімдерде хлораттар пайда болады, мысалы:
3Cl2 + 6КOН = 5КCl + КClO3 + 3Н2О
5. Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері. Бос галогендер – күшті тотықтырғыштар, бұл металдар мен бейметалдар
реакцияларының мысалдарынан көрінеді. Галогендердің тотықтырғыштық мүмкіншіліктері
F2 → Cl2 → Br2 → I2 қатары бойынша
төмендейді. Сондықтан галогеннің орнын оның металдық қосылыстарынан оң жағындағы орналасқан басқа галогендер баса
алады, мысалы:
2KBr + Cl2 = Br2 + 2KCl
2KI + Cl2 = I2 + 2KCl
2KI + Br2 = I2 + 2KBr
2)Элементтердің жалпы сипаттамасы. Периодтық жүйенің үшінші тобының негізгі топшасына бор (В), алюминий (Al), галлий (Ga), индий (In), таллий (Tl) кіреді. Олардың сыртқы электрондық қабатының құрылысы – ns2 np1 , олар р-элементтеріне жатады. Сыртқы қабаттарындағы екі s-электрондары жұптасқан түрде болады да, ал р-қабатшасында бір дара электроны болады. Сондықтан топша элементтерінің қалыпты күйдегі валенттіктері бірге тең. Сырттан энергия жұмсау арқылы s-қабатшасындағы жұп электронның біреуін көршілес р-қабатшасына көшіріп, дара электронның санын үшке жеткізуге болады. Таллийге +1 тотығу дəрежесі де тəн. Тек металдардан ғана тұратын I A жəне II A топшаларынан өзгеше, III A топшасының құрамына металдармен бірге (Al, Ga, In, Tl) бейметалл бор В кіреді. B – Al – Ga – In – Tl қатарында: • элементтердің реттік нөмірлерінің артуына байланысты олардың атомдарының радиустары артады, иондану энергиясы кемиді, соған сəйкес осы бағытта металдық қасиеттері де артады: бор металл емес, ал таллий нағыз металл; • тотығудəрежесітөмен (Tl+1) элементтердіңқосылыстарының тұрақтылығы артады.
Бор Табиғатта таралуы. Жер қыртысындағы бордың массалық үлесі 3∙10-4 %-ды құрайды. Бос күйінде табиғатта кездеспейді. Екі түрлі изотоптан тұрады: 10 5 В (19,57 %), 11 5 В (80,43 %). Бор əртүрлі минералдар түрінде кездеседі, соның ішіндегі практикалық маңызы бар бура – Na2 B4 O7 ∙10H2 O жатады. Қасиеті. Бор кристалдарының құрылысымен ерекшеленетін бірнеше аллотропиялық түр өзгерістерін түзеді. Бордың кристалдық модификациясы – қара жəне қара сұр түсті зат.
1.Бейметалдармен əрекеттесуі. Бор оттекте бор оксидін түзе, жанады: 4В + 3О2 = 2В2 О3
2.Металдарменəрекеттесуі.Бордыметалдарменбалқытқанда боридтер түзіледі, мысалы никель бориді: 2Ni + B = Ni2 B
3. Сумен əрекеттесуі. Егер борды қызарғанша қыздырса, онда ол су буымен əрекеттеседі, бор қышқылы түзіледі: 2В + 6Н2 О = 2Н2 ВО3 + 3Н2
4. Қышқылдармен əрекеттесуі. Қышқылдардың ішінде бор тек азот қышқылымен əрекеттеседі: В + 3НNО3 = Н3 ВО3 + 3NО2

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет