Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет10/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары: Ғылым және таным.Ғылым және оқу үдерісі


4 - дәріс.
Тақырыбы: Теория, практика және ғылымды біріктірудің дидактикалық принципі
Мақсаты: Негізгі дидактикалық принциптердің бірін білу
Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның «тәжірибе – танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көтеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды: тәжірибе – ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірімен, тәжірибемен тығыс байланысты; теория мен тәжіибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне түрлеріне тәуелді; оқушылардың мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді. Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік. Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушығы түсіндіру, сездіру. Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адазат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашу. Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймау, сол алған білімдерін өмірінде қолдана білуін қамтамасыз ету. Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолджануды үйрету. Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуды үйрету. Әр сабақта оқушыларға политехниқалық білім беру, туған жердің шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау. Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім – тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек. Тәжірибелік сабақтардың көмегімен теориялық қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау. Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде қалып қоймақ, мектептен тыс өмірімен, еңбекпен ұштасып отыру шарт.
Саналылық пен белсенділік принципі
Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуғы ынталануы, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз. Саналылық пен белсенділік принцепін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелігін басшылыққа алады. Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсуну саналы оқытудың шарты боларын назарға алу. Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән – мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету. Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушыларды білімі мен тәжірибесін негізге алу. Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау. Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу. Өз бетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің әдістері мен таныстыру. Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу. Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру. Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.
Көрнекілік принципі
Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олат заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды.бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктерде дәлелдеді. Мысалы, көру орғандары миға есіту органдарымен салыстырғанда 5 есесипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет