Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет11/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Оқу үдерісіндегі теория, практика және ғылым.Магистранттарды кәсіби жұмысқа дайындау


5 - дәріс.
Тақырыбы: Студенттер мен оқушылардың оқу мен ғылыми-зерттеу жұмысын біріктірудің дидактикалық принциптері
Мақсаты: Негізгі дидактикалық принциптердің бірін білу

Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлері мен


формалары
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) негізгі түрлері болып мыналар саналады:
– ғылыми және педагогикалық магистратурада ғылыми – зерттеу жұмысы;
– бейіндік магистратурада – эксперименттік зерттеу жұмысы.
Магистранттың ғылыми және педагогикалық магистратурадағы ғылыми-зерттеу жұмысы:
– магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келуі;
– өзекті және ғылыми жаңалықтан тұруы және практикалық маңызға ие
болуы;
– ғылым мен практиканың қазіргі заманғы теориялық, әдістемелік, және
технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
– ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдалану жолымен
орындалуы;
– негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеу (әдістемелік,
практикалық) бөлімдерден тұруы;
– тиісті ғылым саласындағы халықаралық тәжірибеге негізделуі тиіс.
​Бейіндік магистратурадағы эксперименттік-зерттеу жұмысы:
– магистерлік жұмыс қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына
сәйкес келуі;
– ғылым мен техниканың және өндірістің қазіргі заманғы жетістіктеріне
негізделуі және нақты практикалық ұсынымдардан, басқару міндеттерінің
дербес шешімдерінен тұруы;
– озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы;
– негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименттік – зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұруы тиіс.
​Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, магистерлік
диссертацияларды орындауды қоса алғанда, 11 кредитті құрайды. Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы, магистерлік диссертацияның орындалуын қоса алғанда, оқу мерзіміне қатысты 4-6 кредитті
құрайды.
​Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы келесі формаларда жүзеге
асырылуы мүмкін:
– ғылыми-зерттеу жұмыстарының бекітілген жоспарына сәйкес ғылыми жетекшінің тапсырмасын орындау;
– кафедрааралық семинарларға, теориялық семинарларға (зерттеу тақырыбы бойынша), сондай-ақ кафедраның ғылыми жұмысына қатысу;
– университетте, өзге жоо-ларда өткізілетін жас ғалымдардың конференцияларына қатысу, сондай-ақ өзге ғылыми конференцияларға қатысу;
– баяндамалар, ғылыми мақалалар тезистерін дайындау және жариялау;
– жүргізілетін ғылыми зерттеу бағыты бойынша (егер магистранттың жеке жоспарында ғылыми жұмыстың осындай формасы көзделсе) курстық жұмысты
дайындау және қорғау;
– ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде кафедрада орындалатын ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, магистерлік диссертация дайындау және қорғау.
​Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары формаларының тізбесі, магистерлік бағдарламаның ерекшелігіне қатысты нақтылануы және толықтырылуы мүмкін.
Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері. Магистаранттың 1-ші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып мыналар саналады:
– университеттің Ғылыми кеңесінде бекітілген диссертация тақырыбы;
– негізгі іс-шаралар мен оларды жүзеге асыру мерзімдері көрсетілген диссертациямен жұмыс жасау жоспары;
– диссертациялық зерттеу мақсаттары мен міндеттерінің қойылысы;
– зерттеу обьектісі мен пәнін анықтау;
– таңдап алған тақырыптың өзектілігін негіздеу және зерттелетін проблеманың қазіргі жағдайының сипаттамасы;
– пайдалану болжанатын, методологиялық аппараттың сипаттамасы;
– зерттеудің теориялық базасы болып пайдаланылатын, негізгі әдебиет
көздерін іріктеу және зерттеу.
​ Өзекті ғылыми-зерттеу жарияланымдарына негізделетін және зерттеу
жүргізетін саладағы жетекші мамандар алған негізгі нәтижелер мен ережелерді талдаудан, диссертациялық зерттеу шеңберінде олардың қолданылушылығын бағалаудан тұратын диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге егжей-тегжейлі шолу жасау, сондай-ақ тақырыпты әзірлеудегі автордың болжанып отырған жеке үлесі магистранттың 2-ші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып саналады. Зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілерін ашатын дерек көздері, бірінші кезекте ғылыми монографиялар мен ғылыми журналдардағы мақалалар әдебиеттерге шолудың негізін құрауы тиіс.
​ Мәліметтер жинау методологиясын әзірлеуді, нәтижелерді өңдеу әдістерін, диссертация жұмысын аяқтау үшін олардың сенімділігі мен жеткіліктілігін бағалауды қоса алғанда, диссертациялық жұмыс үшін нақты материал жинау магистранттың 3-ші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады.
​Магистерлік диссертацияның түпкілікті мәтінін дайындау магистранттың 4-ші семестрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады. 2-ші семестрдегі эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып саналады. Магистерлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми –тәжірибелік конференцияларда бір баяндамамен және кем дегенде 2 жария –ланымдармен көрсетілуі тиіс. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жазбаша түрде (есеп) ресімделуі және бекіту үшін ғылыми жетекшіге табыс етілуі тиіс. Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп ғылыми жетекшінің бұрыштамасымен маман шығаратын кафедраға табыс етілуі тиіс. Магистрант әрбір академиялық кезеңнің соңында өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы туралы маман шығаратын кафедралардың отырыстарында және (немесе) университеттің үйлестіру кеңесінде жария баяндауы қажет.
ҒЗЖ-ның орындалуын бақылау.
Жақсы нәтижелерге жету мақсатында ҒЗЖ-ны ұйымдастыруға түзетулер жасау үшін ұсыныстар әзірлеу бақылаудың негізгі міндеті болып табылады.
​Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын бақылау оның орындалу барысына жоспарлы және ағымдағы бақылау жасауды көздейді.
​Жоспарлы бақылау оқу жылы ішінде жүзеге асырылады және оны кафедралардың отырыстарында талқылаумен, алынған нәтижелер туралы жазбаша есеп тапсыруды көздейді.
​Ағымдағы бақылау жұмыстың кез келген сатысында жүзеге асырылады және оны магистранттың жетекшісі жүргізеді. Магистрант бақылау жүргізу үшін ғылыми жетекшіге қажетті материалдар мен құжаттарды табыс етуі тиіс. Ағымдағы бақылауды магистранттың жетекшісі келесі формаларда жүзеге асырады:
– орындалған жұмыстардың жекелеген нәтижелері бойынша магистранттың есептері;
– орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша әңгімелесу;
– магистрант жұмысының әрбір кезеңінде дайындық деңгейін бақылау.
​Жоспарлы бақылаудың нәтижелері семестрдегі магистрант жұмысы туралы кейінгі қорытындыларда ескеріледі.
Теріс қорытынды келесі жағдайларда қабылдануы мүмкін:
– магистранттың орынды себептерсіз белгіленген мерзімде қажетті есеп
беру материалдарын табыс етпеуі;
– ҒЗЖ кезеңін толық емес көлемде орындау (ғылыми жетекшінің
қорытындысы бойынша);
– маңызды ғылыми нәтижелердің болмауы (маман шығаратын
кафедрлардың қорытындысы бойынша).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет