«Т. Рысқұлов №9 мектепке дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Үздік жыл бірлестігі 2015»



бет1/6
Дата31.03.2022
өлшемі108 Kb.
#137450
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сайыс Уздик жыл бирлестиги
01-нұсқа, Алматинский технологический университет

Дүкенбаева Сәлима Ерғалиқызы
Мектеп директорының оқу-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы
«Т.Рысқұлов №9 мектепке дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі


«Үздік жыл бірлестігі - 2015»


Мақсаты: Кәсіби деңгейі жоғары, жаңашыл сипаттағы, бәсекеге қабілетті шығармашылықпен жұмыс істейтін мектептің талантты пән бірлестігін анықтау.


Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді бүгінгі сайысымыздың қонақтары, ұстаздар!
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,
Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.
Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, шығармашыл ұстаз деген атқа лайық бірлестік мүшелері сайысқа түскелі отыр.
Армысыздар замандас, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
Біздерге тартыс – сайыс басталады,
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отыралық.
Ұмытарсыз күні бойғы шаршағанды
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен еңбекті тепе-тең ғып
Еріксіз өзімізге қараталық
Шақырып жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер тобы бәріңе жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың мүшелерін қарсы алайық
- деп құрмет пен қошемет көрсетіп, бірлестік жетекшілерін ортаға шақырайық.

  1. «Ұстаз деген ұлағатты естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін» деп Серке Қожамқұлов ағамыз айтқандай бұл кісілердің алдында біз әрқашанда шәкірттей сезінетін, ұстаздардың ұстазынан құралған, «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деген сөзді ұстанған бірлестіктің жетекшісі Есжанова Гаухар апай

  2. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен оқушысына жақсы мағынада әсер етеді» деп М.Ғабдуллин айтпақшы сондай биязы, жинақы, жауапкершілігі мол, «Төртеу түгел болса төбедегі келер» деген ұстанымды ұстанған, ынтымағы мен бірлігі жарасқан бірлестіктің жетекшісі Қаниязова Мерейгүл апай

  3. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады» деп Абай атамыз айтқандай, жандары нәзік, өнерсүйгіш, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар алып жүретін, «Салауатты өмір салтымыз» деген ұстанымды ұстанған бірлестіктің жетекшісі Қозыбақова Әсия

  4. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, жүректері елім, жерім, тілім, ділім деп соққан, патриот, жалынды жастардан құралған, «Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс» деген ұстанымды ұстанған бірлестіктің жетекшісі Сыдықбекова Ұлжан

  5. «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» деп Ыбырай атамыз айтпақшы, шәкіртті жанын салып білім нәрімен сусындатқан, «Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген ұстанымды ұстанған бірлестіктің жетекшісі Манаспаева Шайзада

  6. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім» деп Ушинский айтпақшы ізденімпаз, жаңашыл, логикалық ойлары ұшқыр да шапшаң , «Жылдамдық пен дәлдік жаңашыл ұстаздаың сенімді серігі» деген ұстанымды ұстанған бірлестіктің жетекшісі Сағындықова Қалбике

Ал, енді әділқазылар алқасының алдында жатқан номерлерді алып, ретімізді белгілеп алайық.
Әділ қазы мүшелері, армысыздар!
Қош кепсіздер, есен сау бармысыздар?
Сіздерге үміт артқан жетекшілер,
Әділдікпен төрелік айтыңыздар.
Нұрлы үмітін арқалаған ұстаздың,
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Шын пейілмен құрметімді көрсетіп
Таныстырып өтейін әділқазы алқасын.
1. Мектеп директоры - Алдибекова Алма Зікірияқызы
2. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі – Алтыбаева Гұлзира Караулқызы
3. Мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Дүкенбаева Сәлима Ерғалиқызы
4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Төребаева Эльмира Жанғазықызы
5. Бастауыш сынып мұғалімі - Сұлтанова Бағдат
Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазылар алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дегім келеді.
Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Қанеки, мұғалімдер сайысын бастайық біз.
Байқаудың турлары:

  1. Таныстыру. (Топтың аты, эмблемасы, газеті) (3 мин)

  2. Кім білгір. Әр топқа 10 сұрақтан қойылып, жауаптары тыңдалады)

  3. Болашақ мектеп моделі (3 мин) (Мектеп - кеше, бүгін, ертең)

  4. “Мұғалім болу қандайды?... ’’ рольдік көрініс (5 мин)

  5. Өнер (команданың барлық мүшелері қатысуы тиіс) (5мин)

  6. Бірлестіктің шығармашылық көрмесі (Бірлестік папкасы, мұғалімдер

портфолиосы)

  1. Таныстыру

Адам, ғалам ғажайып жеке дара,
Жан құмарын ізденген мәңгі сана
Өзіңді - өзің танысаң істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана,
Жөн сұрасып отырады жүрген жерде,
Бабамыздың салты ғой ол бұл күнде
Мұғалімдер өздерін таныстырсын осы жерде – сайысымыздың бірінші шарты, ата салтымыздан қалыптастып қалған «Сәлем- сөздің анасы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін- өзі таныстыруына кезек берейік.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет