Т. С. Баизбаева Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6-7 сынып оқушыларының биология пәні бойынша берілетін орта білім мазмұнының базалық деңгейі негізінде жасалды. «Өсімдіктер»



бет8/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,37 Mb.
#33769
1   2   3   4   5   6   7   8

Үй жануарлары, доместикация — жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны;құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетінбалықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адамжәндіктердің 2 түрін (бал ара мен жібек көбелегі), құстардың 10 — 12 жәнесүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Лабораториялық жануарлар — егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар,тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 — 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Қазіргі кезде



  • 170 млн-ға жуық қой — Австралияда;

  • 197 млн-нан астам ірі қара мал — Үндістанда;

  • 7 млн-дай түйелер — Сомалиде өсіріледі деп саналады.

Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады. Мысалы, ең ірі ит тұқымы — сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит —чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы — 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық — рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады. Ата тегімен салыстырғанда үй жануарларының жүйке жүйесінде де өзгерістер пайда болды. Мысалы, қолдағы мал миыныңкөлемі кішірейіп, салмағы азайған, көру, есту, иіс сезу органдарының қызметі төмендеген. Оның есесіне үй жануарларынан алынатын ет, сүт, жұмыртқа, жүн, т.б. мөлшері көбейді. Атап айтқанда, ең жақсы жүн меринос қойларынан алынады.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет