Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет3/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
 
 
 
 
 
 
 



 
 
КІРІСПЕ 
 
Кәсіби  құзыреттілік  педагогикалық  теориясы  мен  тәжірибесінің 
жеткілікті зерттелмеген феномені болып қала береді. Білім беруде тиісті 
түрде  қолданылмаған  жүйелілік  тұғыр,    болашақ  маманның  кәсіби 
құзыреттілігін қалыптастыруында белгілі бір рөл атқара алады. 
Білім  алушыларының    кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру 
жағдайында  маманның  кәсіби  құзыреттілігі  маңына  жақындауымыз 
мүмкін. Ал маманның кәсіби құзыреттілігі деген ұғымының нақты және 
анқыталған  шегі  жоқекендігін  ескеруіміз  керек.  Бұл  жағдайда  қажетті 
білім  беру  үдерісінде  құрастырылған  тиісті  мамандық  иесінің  кәсіби 
құзыреттілігінің белгілі бір моделі туралы айтуға болады. 
Әрбір  білім  алушының  қажетті  сенімділігі  алдағы  кәсіби  іс-
әрекетінің  бағдарлы  негізіне  ие  болуы  мүмкін.  Кәсіби  іс-әрекеттің 
бағдарлы  негізі  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастырудағы іргелі ұғым және негізгі фактор болып табылады. 
Кәсіптік білім берудің өзекті мәселелеріне жүйелілік түсініктердің, 
жүйелі  дағдылары  мен  қабілеттерін  және  ойлаудың  басқа  да  тиісті 
жолдарын  дамыту.  Сонымен  қатар  білім  алушылардың  ғана  емес, 
мамандардың  да  ағымдағы  және  алдағы  когнитивті  және  басқа  да  іс-
әрекеттеріне жүйелілік тұғыр әдістемесін енгізу кіреді. 
И.П.Подласыйдың  «Педагогика»  (2005)  кітабында  білім  берудің 
басты критерийі ретінде білім мен жүйелі ойлаудың үйлесімділігін атап 
көрсетті.  Шындығында,  қазіргі  заманғы  білім  беруде  мұндай 
үйлесімділікке  қол  жеткізу  өте  қиын.  Алайда  біздің  көп  жылдық 
зерттеуіміз осы көзқарасты растай алады. 
Еңбекте ұсынылған идеялар мен әдістерді іске асыру үшін мыналар 
қажет: 
1)
 
оқытушылардың 
осы 
үдерістерді 
жүзеге 
асыруға 
қызығушылығы; 
2)
 
білім 
алушылардың 
танымдық, 
теориялық, 
ғылыми, 
практикалық  және  басқа  да  іс-әрекеттерде  жүйелілік  ойлау  мен 
жүйелілік тұғыр дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру үшін 
ұсынылатын  мақсатты  бағдарламаларды  саналы  және  мақсатты 
түрде іске асыруға дайындығы
3)
 
оқу үдерісін тиісті ұйымдастыру; 
4)
 
арнайы жүйелілік әдістер мен оқыту технологияларын пайдалану 
және дамыту және т.б. 
 
 
 
 
 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет