Т. Т. Ипалаков Ғылыми зерттеулердің негіздері



бет7/9
Дата15.12.2023
өлшемі195,5 Kb.
#197178
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОНИ каз конспекті
Обеспечение жильем (ПиП), 2 лекция
1.5 Іскер қатынасхаттар

Басқаруды жетілдірумен байланысты, маңызды мәселе, құжаттармен сапалы жұмыс істеу, оларды құрастыру мен рәсімдеуді тездету, болып табылады. Оны шешудің жолы стандарттарды құрастыру (ГОСТ 6.38-72, ГОСТ 6.39-72), бұл құжаттарды рәсімдеудің біріңғай ғылыми дәлелденген ережелерін қамтиды.


Құжаттар қарапайым (жай) және күрделі болып бөлінеді. Біріншісі бір сұраққа негізделген, екіншісі бірнеше сұраққа негізделген.
Кез-келген құжаттың мәтіні, ЕГСД талабына сай, кем дегенде екі негізгі бөліктен құрылуы керек. Бірншіде құжатты құрастырудың дәйектемесі, екіншіде шешу жолдары, ұсыныстар, жарлықтар, өтініштер мен қорытындылар баяндалады. Сирек жағдайда құжаттың мәтіні бір қорытынды бөлікті қамтиды (мысалы, бұйрықта-жарлықтар кіріспесіз, хаттарда және арызда - дәлелдерсіз өтініш). Бірақ, көп жағдайда құжат кіріспеден, дәлелдеуден және қорытындыдан тұрі керек.
Кіріспеде қызметтік құжатты құрастырудың тікелей себептері көрсетіледі. Бұл бөлімде алдыңғы құжаттарға сілтемелер жасалады.
Дәлелдеуде мәселенің мәні көрсетіледі, дәлелдерғ фактілер, дәлелдеудің цифрлік мәліметтері келтіріледі. Қиын дәлелдеулер міндетті түрде қорытындымен аяқталады.
Қорытынды - басты логикалық құрамдас бөлігі болып табылады, мұнда құжаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады (өтініш, ұсыныс, келісу, бас тарту). Қорытынды іс құжатта міндетті болып табылады.
Кіріспеден кейін дәлел мен қорытынды жүреді. Кері жағдайда бірінші қорытынды, кейін дәлел жүреді. Соңғы жағдайда кіріспе жоқ.
Әрбір құжатқа өзіне тән сөйлеу үйлесімі болады. Жарлықтарға бұйрық формасы тән және т.б.
Іс құжаттарда диалектиканы қолданбаған жөн. Шетелдік сөздер шегіне қарай қолдану керек.

1.6 Іскерлік кеңестерді ұйымдастыру


Әрбір іскерлік кеңестер оқу-тәрбиелік фунциясын атқарады. Іскерлік кеңесте қызметкерлер масштабты түрде ойлауды, талқыланған міселеге комплексті қарауды үйренеді, сонымен қатар, шешімдердің түпкі себеп-салдарларын көруді үйренеді. Мұнда сөйлеу мәнерін үйретеді; өз ойын нақтылылығына және сауаттылығына; өз шешімдерінді дәлелдеуге және қорғап қалуына үйретеді.


Аз нәтижелі кеңестер (дайындықсыз немесе өткізе алмауының нәтижесінде) кері әлеуметтік-психологиялық нәтижеге (қызметкерлердің белсенділіг төмендейді, уақыт босқа өтеді) әкеледі.
Барлық іскерлік кеңестерді мәселенің спецификасы бойынша топтастыруға болады (әкімшілік, техникалық, кадрлік, финансті, технологиялық, оперативті); жиілік және мерзімділігі; қатысушылардығ құрамы мен саны бойынша; құрамы мен ұйымдастырылуы; өткізу методикасын және т.б. Алайда, іскерлік кеңестерді мәселе бойынша топтастыру тиімді. Бұндай кеңестер схема бойынша өткізіледі - доклад - сұрақтар - пікірталас - шешімді өндіру. Егер қатысушылар алдын-ала керек материалдарды алған болса (тезистар, баяндамалар, мәліметтер, шешім жобасын) және оларды қарастыруға мүмкіндік алған болса, кеңесті баяндамасыз өткізуге болады немесе кеңесті сұрақтардан бастауға болады.
Оперативті кеңесте жетекшілер мәселенің қазіргі жағдайы боыйнша ақпаратты алады. Оперативті кеңес кезінде ой-пікірлермен алмасады, жұмыс алаңдары анықталады.
Кеңестерді дайындау комплексті ұйымдастыру және техникалық шараларды қамтиды. Мысалы, күні және сағатты тұрақты қою керек. Кеңес уақытын жұмыс күнінің соңында қойған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет