Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер



Pdf көрінісі
Дата11.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#135222
түріСабақ
Байланысты:
Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер
Интерьер эстетикасы, кондитерлик онимдер, есептер сит


Автор: УТАРБАЕВ САМАТ МИНДАГАЛИЕВИЧ
Пән: География
Сынып: 8-сынып
Бөлім: Биосфера
Тақырып: Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді 
Сабақтың мақсаты:
Табиғат зоналары туралы біледі Ендік зоналылық пен биіктік белдеу туралы біледі.
Ендік зоналар мен: биіктік белдеулерді анықтайды
Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар:
Пәнге тән лексика мен терминология: Ендік зоналар Зоналық Азоналық тропикалық ормандар тайга
тундра арктикалық шөл прерия пампа сельва терая Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен
тіркестер: Табиғат зоналарының таралуы ... байланысты. Таулардағы белдеуліктердің
қалыптасуының ерекшелігі ... . Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің ұқсастығы ... болып
табылады. Айырмашылықтары неде? Немен ерекшеленеді?
Бағалау критерийлері:
«Жетті» деп есептеледі, егер:
 Табиғат зоналары туралы білсе;
 Ендік зоналылық пен биіктік белдеу туралы білсе;
 Ендік зоналар мен: биіктік белдеулерді картадан анықтай алса;
 Табиғат зоналары мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсіндіре алса;
Құндылықтарды
дарыту:
Құндылықтарды дарыту топтық, жұптық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір - біріне
құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
АКТ дағдыларын дамыту өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және
презентация жасау барысында жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс:
Химия, биология пәндерімен байланыс жасайды.
Бастапқы білім:
7 сыныптағы биосфера туралы бастапқы білім
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(0-5мин)
 Сәлемдесу  Ынтымақтастық атмосферасын құру, топқа бөлу
Презентация
Сабақтың ортасы
(6-15 минут)
 Бүкіл сыныппен жұмыс Блиц сұрақтар Жер бетіндегі табиғат барлық
жерде бірдей ме? Неліктен әртүрлі деп ойлайсыңдар? Табиғат зоналары
деген не?
Жаңа тақырып: табиғат зоналары туралы түсіндіріледі. 
Тапсырма 1 мәтінмен жұмыс оқушылар мәтін арқылы табиғат зоналары
мен биіктік белдеулердің қалыптасуын түсінеді; бір біріне түсіндіреді
Оқушыларға ендік және биіктік белдеулердің қалыптасуы жөнінде
бейнематериал көрсетеді. Бүкіл сыныппен талқылап, бейнематериал
бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді. табиғат зоналары мен
биіктік белдеулердің қалыптасуындағы ұқсастықтар мен
айырмашылықтарды ВЕНН диаграммасында жазады.
Ендік және биіктік белдеулер
https://www.youtube.com/watch
?v=93lSo1BSQxQ
Презентация
Карта Жоспар, постер,
маркер


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың соңы
(37-40)
 Рефлексия: Не білдім? Не үйрендім? Не қиын болды?  Бағалау: Оқушылар
өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері
бойынша бағалай алады.  Үйге тапсырма: Әлемдегі табиғат зоналарын
кескін картаға белгілеп келу.
Рефлексия
(Сабақ
мақсаттары/оқу
мақсаттары
дұрыс қойылған
ба?
Оқушылардың
барлығы ОМ қол
жеткізді ме?
Жеткізбесе,
неліктен?
Сабақта саралау
дұрыс жүргізілді
ме? Сабақтың
уақыттық
кезеңдері
сақталды ма?
Сабақ
жоспарынан
қандай
ауытқулар
болды, неліктен)
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз
сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет