Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамида



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі16,08 Kb.
#169098
1   2   3   4
Байланысты:
Табиғи экожүйелер және олардың деградациясы. Экологиялық пирамид-emirsaba.org
Неотл. сост. у детей. Новорождённые дети, карди.., Учебный план Футбол новый, Сканирование 20230922-0830
Сандар пирамидасы – әрбір қоректік тізбек деңгейлеріндегі организмдер саны арақатынасының заңдылығы. Сан пирамидасы диаграммасының биомасса мен энергия пирамидаларының диаграммасынан басты ерекшелігі – оның төменгі деңгейлеріне қарағанда жоғары деңгейлері бірте-бірте ұлғая түседі.
Сандар пирамидасының құрылуы мына факторларға байланысты:
Кез-келген экожүйеде ұсақ жануарлар саны жағынан ірі жануарлардан басым болады және тезірек көбейеді.
Кез-келген жыртқыш жануар үшін оның жемтіктерінің көлемінің төменгі және жоғарғы шегі бар. Жоғарғы шегі жыртқыштың өз денесінің көлемінен әлдеқайда ірі жануарға шамасы жетпейтіндігімен, ал төменгі шегі – жемтігінің көлемі тым кішкентай болғанына байланысты оны аулаудың мәнінің болмауы. Өйткені, жыртқыштарға ұсақ жануарларды көбірек аулауға тура келеді. Сондықтан да жыртқыштардың әр түріне оптимал көлемді жемтіктері азық болады

  • Биомасса (гр. bios - өмір және масса) – бір түрдің,түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің (өсімдік,микроағза және жануарлардың) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы құрғақ массасы ; аудан немесе көлем (г/м2 немесе г/м3) бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. Өлшем бірліктері: кг/га, г/м2, г/м3, кг/м3, т.б. Өсімдіктердің биомассасы фитомасса, жануарлардың биомассасы зоомасса деп аталады.
    Биомасса пирамидалары – биомассалардың сандық арақатынастарын егер ағзалардың көлемі жағынан айтарлықтай айырмашылықтары болмаса, онда әр трофикалық деңгейдегі даралардың биомассасын көрсете отырып сатылы пирамида құруға болады.
    Биомасса пирамидасы экожүйедегі коректік қарым-қатынасты сипаттайды. Бұл пирамиданың нысаны сан пирамидасының нысанына ұқсас үш бұрышты болады. Тұтынушылардың биомассасы продуценттердің биомассасына қарағанда екі еседей аз. Биомасса пирамидасы биомассалардың азаюын, ал энергия пирамидасы фитобиомассалардың азаюына байланысты энергияның төмендеуін көрсетеді. Продуценттер фотосинтез процесінің нәтижесінде жалпы биоөнімнің — фитомассаның негізгі мөлшерін жасайды. Өсімдіктердің өзінде заттек алмасу процесіне, яғни метаболизмге бастапқы түзілген фитомассаның 40%-ы жұмсалады. Өсімдіктерді қоректік заттек ретінде бірінші қоректік деңгейдегі өсімдік коректі жануарлар фитофагтар немесе тұтынушылар пайдаланады. Фитофагтарды әрі қарай жыртқыштар пайдаланады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет