Табигиндер


«Өздерің жақсы  көрген нәрселерің-



Pdf көрінісі
бет7/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
«Өздерің жақсы  көрген нәрселерің-
нен  жұмсамайынша  ізгілікке  жете  алмайсыңдар.  Не  жұмса-
саңдар да Алла оны біледі»
1
.
Сол кезде есік қағып, туысқандарының бірі кіріп келді:
–  Язидтің  әкесі!  Пайғамбардың  (с.а.у.)  немересі,  Фатиманың 
ұлы Хусейн қайтыс болды, – деп қаралы хабар жеткізді.
– Біз Алланың құлдарымыз, біз Оған қайтамыз! – деп, Алланың 
мына аятын оқыды:
«Айт (Мұхаммед), Аллаым, көктер мен жердің Жаратушы-
сы, көмес пен көрнеуді білуші, дауласып жатқан нәрселер бой-
ынша құлдарыңның арасында Өзің төре лік етесің»
2
.
Бірақ бұл қаралы хабарды жеткізуші қанағаттан бай:
– Оның кісі қолынан қаза табуына не айтасыз? – деді.
– «Барар жерлері де, есеп берер жерлері де – Алланың алды» 
деп айтамын, – деп жауап берді.
Мен аср намазы жақындап қалғанын байқап, шәйх  қа өсиет ай
-
туын өтіндім.
– Әй, Һиләл! Адамдар мақтады деп көкірек керме. Олар сені 
сыртыңа қарап бағалайды. Сен Алланың алдына өз ісіңмен бара
-
сың. Алла ризашылығы үшін жасалмаған істерге сауап жазылмай
-
ды. Сонда Мүңзир, оған Алла разы болсын, «Маған да өсиетіңізді 
ай тыңыз», –  деп сұрады.
–  Мүңзир!  Үйренген  нәрсеңе  құдайшылдықпен  қара.  Біліп 
тұрып  ақиқатты  жасырған  адамды  залым  сана.  «Аллаым,  мен 
саған тәубе етемін» деп айтып, тәубе етпесең, өтірік айтқан бола
-
сың. «Аллаым, менің тәубемді қабыл ет» деп айтсаң, дұға болып 
саналады. «Алладан басқа құдай жоқ» деп айтудан, Оны мадақта
-
удан,  ұлықтаудан  және  пәктеуден  артық  сөз  жоқ.  Алладан  жақ
-
1 «Әл Имран» сүресі, 92-аят. 
2 «Зүмәр» сүресі, 46-аят.


 29 
сылық сұра, жамандықтан пана ізде. Жұртты игілікке шақырып, 
жаман істерден тый. Құран оқы. 
– Біздің осы отырысымыз кезінде бір де бір өлең жолын тыңда
-
мадық. Ақындығыңыз жоқ па? 
Мұнда  (дүниеде) айтылған сөздер жазылып  жатыр.  Ана жақта 
(ақырет күнінде) өзіңе оқып береді. Сондықтан есеп кезінде менің 
кітабымнан өлең шу мақтарын оқығанды қаламаймын. Бәріне қарап: 
– Өлім жайында көп ойланыңдар. Ол – сендерді күтіп отырған 
ғайып. Яғни, алыстан қол бұлғап, есік қағып келмейді. Ғайыптың 
ғайыптығы созылып кетсе, келуі – жақындағаны, иелерінің есігін 
қаққаны,  –  деп  жылап,  ертең  мына  жағдайда  не  істейміз? 
«Жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет