Тағам өндіру процестерінің классификациясы


Сусымалы материалдарды ірі бөлшектерге (формаларға)айналдыру барысындағы байлануы



бет14/21
Дата02.12.2023
өлшемі96,22 Kb.
#194632
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Protsess 1

Сусымалы материалдарды ірі бөлшектерге (формаларға)айналдыру барысындағы байлануы
Жабық формаларда байлау материал бар немес жоқ жағдайда оларды престеу (басу) үрдістерінде жүзеге асырылады. Жеке бөліктердің байлануы олардың бетіндегі молекулалардың бір-біріне жақындауымен және басылынатын бөлшектердің молекулаларының араларында байланыстың пайда болуынан. Осы құбылысқа бір-біріне жақындалынатын бөлшектердің беттерінің қалпы әсер етеді. Олардың беттері негізгі материал бөлшектерінің химиялық құрамымен салыстырғанда ластанатын пленкалармен жабылып тұруы мүмкін немесе құрамында пленкасы жоқ олардың беткі жағы таза болуы мүмкін. Беттік пленкалар бөлшектердің байланысына кедергі келтіруіне немесе керісінше кедергі келтірмеуіне әсер тигізеді. Соңғы жағдайдағы құбылысты байлайтын, ал олардан құрылған материалдарды байлайтын материал деп атайды. Бөліктерді байлауға кедергі келтіретін негізгі материал бөлігінен кішірейген химиялық құрамымен ерекшелінетін оксидті пленкалар және кірленетін материалдар.
Байланатын материалдарды үлкен екі топқа бөледі - жабысатын және байланатын бөліктердің беткі қасиетін өзгертпейтінге. Жабысатын материалдардың бөліктермен байлануы жоғарғы адгезиямен иеленеді. Агрегатталынатын бөлшектердің беткі қасиеттерінің байлауын жақсарту бағытында арттыру мүмкін, мысалы, тағамдық немесе азықтық ұсақталған материалға су қосып. Бұл жағдайда бөлшектердің беттері ылғалданады (сумен қанығады) және осы себептен оларда полимерлер қасиеті пайда болады. Бұндай материалдар жеңіл басумен агрегатталынады. Агрегатталынғаннан соң су байлау материалы функциясын атқарып материалдың көлеміне диффузияланып орналасады. Диффузияланып орналасқан суды жою үшін агрегатталынған материалды кептіру қажет.
Тәжірибеде байланатын материалдың концентрациясын оптимизациялау қажет. Байланыс материалдың құрамының тым көптігі немесе тым аздығы бөлшектердің беткі қабатының жоғары сұйықталуына әкеледі немесе керісінше қабаттардың полимерге айналуына мүмкіндік бермейді. Осы екі жағдайда бөлшектердің агрегатталынуы қиынға соғады.
Сусымалды материалдардың ірі агрегаттарға байлануы брикеттеу, түйіршіктеу, дәрілену (таблетирование), жұмырлату (окатывание), дрожирлеу процестерімен іске асады. Осы үрдістердің атауларына сәйкес процестердің соңғы өнімдері болып брикеттер, түйіршіктер, таблеткалар, жұмырлар (окатыш) және дрожелар болып табылады. Тәжірибеде бұл өнімдер бір – біріне жиі ұқсас болып келеді, тек бір-бірінен ғана өлшемдерімен ерекшелінеді. Брикеттер (тым үлкендеу агрегаттар болғандықтан) 100...200 мм өлшемдерін түзеді; жұмырлар -20...40 мм;түйіршіктер және дрожелар -1...20 мм; таблеткалар -12...50 мм.Ертінділерден жасалынған сусымалды тағамдық және азықтық өнімдерінің жұмырлату, дрожерлеу және түйіршіктеу үрдістері адгезиялық байлану (жабысу) үрдісімен жүзеге асырылады. Осыған қоса адгезия күшінен бөліктердің агрегаттауына басқа да күштер әсер етеді: капиллярлы, адсорбционды, молекулярлы және басқалар. Олардың бірлескен нәтижесі бөлшектердің алдын ала дайындалуына немесе олардың механикалық құрылуына (өңдеуіне) байланысты болады. Нақты агрегаттау бөлшектердің араласу үрдісі кезінде ғана болады. Жұмырландыру (окатывание) – жалпы араласу әдістерінің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет