Тағам өндіру процестерінің классификациясы



бет1/21
Дата02.12.2023
өлшемі96,22 Kb.
#194632
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Protsess 1





  1. Тағам өндіру процестерінің классификациясы

Азық өндірісінің үрдістерін қарапайым және күрделіге бөлуге болады. Осымен бірге іс жүзінде өнімді өңдеудің кез келген үрдісі жеткілікті түрде күрделі болады. Ол өңдеуге тікелей қатысатын үрдістерді ғана емес, сонымен қатар дайындау-қорытынды операцияларды да (өнімді жұмыс зонасына әкелу және одан шығару қосады. Осылайша, әр қарапайым үрдісті одан да жай үрдіске бөлуге болады.
Процесс «үрдіс» деген түсініктің өзі кеңістікте және уақытта болатын материяның кейбір өзгертулерін болжайды. Ол түрткі факторлардың әсерімен болатын және бастапқы мен соңғы жағдайымен сипатталады. Өнімге түрткі фактор мен оның әсерінің әр кәдімгі көріну актісін бір жағынан, салыстырмалы түрде жай болып табылады, себебі өнімнің толық өзгеруіне әкелмейді, ал екінші жағынан әрі қарай жай құрамаларға бөлінуді жіберетін үрдіс сияқты қарастыруға болады.
Үрдістердің күрделілік дәрежесі туралы енгізілетінн ұсыныстарды қарастыру үшін және әрі қарай олардың керек кезінде өте күрделі комбинацияларды құрастыруға болатын модельдерін қолдануға ыңғайлы салыстырмалы түрде бөлуге мүмкіндік береді. Азық өндіріс үрдістерінің ыңғайлы бөлінулердің бірі – ғылыми пәндер бойынша классификациясы, олардың әдістер заңдылықтарды түсіндіру үшін негіз болып қызмет етеді.
Сәйкесінше осы «Өңдеу өндірісінің процестері мен аппараттары » курсының классификациясын бөлімдерден құралған жай үрдістердің әрқайсысының бөлек және олардың күрделі үрдіс құрудың комплекстерінің ерекшелігін зерттеуге бағытталған, сонымен қатар бөлімдерді біріктіретін етіп ұсынуға болады. Осы курста біріккен ретінде көптеген үрдістерде қолданатын көрсетілген пәндердің ортақ сұрақтары көрсетілген.
Гидравликалық үрдістер. Құбырлар және гидравликалық жүйелердің элементтері бойынша, сонымен қатар гидравликалық машиналарда – сорғыштарда және қозғалтқыштарда ньютондық сұйықтықтардың ағысы кезінде жүзеге асады. Бұл арнайы заңдылықтарға бағынатын өте жиі таралған үрдістердің класы. Гидравликалық үрдістерді зерттемей, азық өндірісіндегі көптеген үрдістерді дұрыс түсіну мүмкін емес. Осымен олардың классификацияға қосылуы түсіндіріледі.
Ньютондық емес сұйықтықтардың ағысына жататын көптеген азық өндірісінің өнімдері өз бетінше реология ғылым болып бөлінгенді зерттейді. Ньютондық емес сұйықтықтар көбінесе полимер болып табылады. Олардың механикасы – бұл өзіне тән заңдылықтардың механика мономерлерінде аналогы жоқ тұтас әлем. Олардың түсінігінсіз азық өндірісіндегі көптеген үрдістерді түсіну мүмкін емес.
Механикалық үрдістер. Оларға ұсақтау (кесу), іріктеу, пресстеу, дөңгелету және т.б. жатқызады. Олар механикалық күштердің әрекетімен істейді, ал олардың нәтижесі өнім бөлшектерінің өзгеруі болып табылады. Бұл үрдістер диірменді комплекстерде, уатқыштарда, жармабөлгіштерде, ұнтақтатқышта, волчоктарда, көкөніс пен тамыр жемістерді ұсатқышта, олардың беттерін тазартқыштарда, пияз және сарымсақ және басқа өнімдердің тазартқыштарда, илегіш машиналарда, триерларда, веалкаларда, пресстарда, штамптарда, ұсақ заттарды сепарирлеу құрылғыларында және т.б. жүзеге асады.
Гидромеханикалық үрдістер. Оларға сұйық және үгітілмелі өнімдерді араластыру, фильтрлеу, тұндыру, тамыр жемістерін жуу, пневмо- және гидротасымалдау, үгітілмелі өнімдерді псевдосұйылту және т.б. үрдістерді жатқызады. Олар механикалақ және гидромеханикалық әсерлердің жалпы санның ықпалымен болады, ал олардың нәтижесі өнімнің бөлек агломераттарының немесе қоспа өнімдердің кеңістіктегі орын ауыстыруы болып табылады. Бұл үрдістер пневматикалық және гидравликалық классификаторда, фильтрларда, тұндырмаларда, центрифугаларда, сепараторларда, циклондарда, пневмо-, гидро- және аэрозольды тасымалдаушы құрылғыларда, гидромеханикалық жуу машиналарда, сұйық және үгітілмелі өнімдерді араластырғышта, кептіргіште және т.б. жүзеге асады.
Жылу және массаалмасу үрдістері. Жылу үрдістеріне қыздыру, суыту, буландыру және конденсацияны, салмақалмасуға – кептіру, сорбциялау, айыру, кристализацияны, еруді, экстрагировалау, экстракциялау және т.б. жатқызады. Олар температуралардың ауытқуымен немесе заттардың концентрациялардың әсерімен болады. Олардың нәтижесі жылудың кеңістікте (жылу энергиясы) немесе заттардың бөлек компоненттердің қоспасында орын ауыстыруы болып табылады. Бұл үрдістер жытқыштарда, сутқыштарда, пісіргіште, абсорбераларда, адсорбераларда, айдатқыш құрылғыларда (кубтық құралдарда, ректификациондық калонналарда және т.с.с.), буландыру құралдарында, кептіргіштерде, конденсаторларда, кристализаторларда, еріткіштерде, экстракторларда және т.б. жүзеге асады.
Жылу үрдістеріне салқын ауаның үрдістері қосылады. Олар сол бір термодинамикалық тәуелділікті, жылутехникалық жағдайларды шешудің бірдей принциптерін қолданады; соларда қолданатын жылутехникалық құрылғылардың бөлігі бірдей болып табылады. Бірақ жылу және тоңазытқыш үрдістерді дәстүрлі түрде өз бетінше қолданады.
Химиялық үрдістер. Көптеген азық өндірісінің химиялық үрдістері биохимиялық және физико-химиялық үрдістерді қосатын өзіндік топқа бөлінген.
Биохимиялыққа ферментация, ашу, стерилдеу, пастерлеу, дезинфекциялау, ыдысты жуу және оны тазарту және т.б. үрдістерді жатқызады. Осы үрдістердің шешімі өнім көлемінің немесе ыдыс бетінің, қант концентрациясының, ашытқыш дақылдарының, бактериялар мен олардың әрекеттену өнімдерінің, споралардың, ластауыш заттардың және т.б. өзгерулері болып табылады.
Физико-химиялық үрдістерге жану және жарылуларды жатқызады. Олар терең арнайы ғылыми пәндермен оқылады. Берілген курста тек қана олармен жалпы танысады, жеке келгенде, ұн тартатын, қоспа жем және кейбір басқа өндірістердің жану және жарылу қауыпін алдын ала сауаттылығын ашуға мүмкіндік береді.
Периодты және үзіліссіз үрдістер. Азық технологиясының негізгі үрдістері ұйымның тәсілдеріне байланысты периодты және үзіліссіз болып бөлінеді.
Периодты үрдістер былай сипатталады, барлық сатылар (шикізатты арту, дайын өнімді өңдеу және түсіру) бір құралда, бірақ әр түрлі уақытта жүзеге асады.
Үзіліссіз үрдістер былай сипатталады, олардың барлық сатылары бір уақытта болады, бірақ кеңістікте бөлінген, себебі, осы құруды құрайтын ағынды құралдың әр түрлі бөліктерінде немесе әр түрлі құралдарда жүзеге асады.
Үзіліссіз үрдістің периодты үрдіспен салыстырғанда негізгі артықшылығы келесілерде:
- шығарылатын шикізаттың артуы мен дайын өнімнің түсірілуіне уақыт шығынның болмауы;
- режимді параметрлердің сапалы реттеу жүйесінің мүмкіндік беруі, ол дайын өнімнің өте жоғары тұрақтылығын қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді;
- өндірістің қондырғының периодты әрекетімен бірдей кезінде қондырғының габариттері кіші болады, бұл оның дайындалуына, жөндеуіне, амортизациондық бөліктері, пайдалану мен монтаждауға жіберілген шығынды азайтады;
- пайдалы әрекеттің жылу коэффициенті жоғарлайды, себебі, жұмыс уақытында үзілістің болмау кезі оның жүргізілген жылу толығымен қолданады, өнімді түсірген кезде шығындар да болмайды;
- құралдардың қызмет көрсету шарттары оларды арту мен түсіру операциясының жоқтығынан жақсарады, қызмет көрсету персоналында да қажеттілік азаяды.
Үрдістер параметрлердің уақыттағы өзгерістерге (жылдамдық, температура, концентрация және т.с.с.) байланысты орнатылған (стационарлы) және орнатылмаған (стационарлы емес немесе өтетін) болып бөлінуі мүмкін.
Орнатылған үрдіс кезінде әр параметрдің маңыздылығы қарастырылатын құралдағы нүктенің жағдайына ғана байланысты, бірақ уақытқа байланысты емес.Орнатылмаған үрдісте параметрлер қарастырылатын құралдағы нүктенің жағдайына ғана байланысты емес, сонымен қатар уақытқа байланысты.
Үзіліссіз үрдістер үшін параметрлердің уақыттағы өзгеруі қондырғының жіберу периодында ғана орын алады.


2. Өңдеу процестерінің негізгі заңдары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет