Тақырыбы: & 15-16. XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті. Оқу мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі15,56 Kb.
#96660
Байланысты:
7-сынып.&15-16


Тақырыбы: & 15-16. XVIII ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті.
Оқу мақсаты: 7.2.2.4 қолданбалы өнердің жетістіктерін бағалау
Қысқаша мәлімет: Дәстүрлі қазақ қоғамында киім-кешек, аяқкиім, ыдыс-аяқ, сауыт-сайман, әшекей бұйымдары сынды тұрмыстық заттардың көбін қолдан, мал өнімдерінен жасайтын болған. Ш. Уәлиханов: «Көшпелі адам малмен ішіп-жеп, киінеді, ол үшін мал өз тыныштығынан да бағалы. Қырғыздардағы амандасу да: «Мал-жан аман ба?» – деген сөзден басталады», – деп жазды. Мәселен, мал терісінен киім-кешек, аяқкиім, ыдыс-аяқ, т.б. жасаған. Жылқының жалынан – арқан, малдың мүйізінен тарақ жасаған. Киізден сырт киім, байпақ, үйдің жабуы мен ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмысқа қажетті заттарды әзірлеген. Дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілем қарапайым құрылғы – өрмек арқылы тоқылған. Қазақ шеберлері кілеммен қатар алаша, сырмақ, қоржындар да жасаған. Көшпелілердің кілем тоқу ісі жайлы А. Гейнс: «Қой жүнінен жасалған киізден бөлек, жіп те иіреді, оларды түрлі түске бояп, ұзын маталар тоқиды. Бұндай тоқымалар кілем орнына, кейде күймелі арбаның, жолым үйдің қоршауын даярлауға және онда шымылдық құруға қолданылады», – деп жазған. Қазақтар әдемі ою-өрнекке де ерекше мән берген. Ою-өрнек далалықтарда байлық пен еркіндікті, дербестік пен молшылықты білдірген. Ою-өрнекті кез келген бұйымға, тұрмыстық заттарға: ер-тоқым көрпешесіне, киімге, баскиімге, әйелдердің әшекейіне, аяқкиімге, ыдыс-аяққа, кілем, текемет, алаша, қоржындарға салған. Далалықтардың саны ең көп әрі кең таралғаны ұсақ мал болғандықтан көшпелілердің негізгі ою түрін қошқардың мүйізіне ұқсатып «қошқармүйіз» деп атаған. Музыкалық аспаптар, зергерлік бұйымдар, жиһаз, киіз үй жабдықтары, қару-жарақ, бесік пен сандық, қамшы, т.б. тұрмыстық заттарды да қазақи ою-өрнектермен безендірген.
1. Тапсырма. Ой қозғау. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қазақтар қолөнермен айналысқан адамды кім деп атаған? -
2. Ағаштан жасалған бұйымдар қайсысы? -
Керекті сөздер: шебер, бесік, ұста, сандық, ерші, ыдыс-аяқ, үйші, музыкалық аспап, зергер.
2. Тапсырма. Кестені толтыр.




Кәсіп түрлері

Қандай шикізат пайдаланған?

Қандай бұйымдар дайындаған?

1

Ұсталық және зергерлік өнер







2

Тері өңдеу







3

Киіз басу







4

Ағаштан бұйым жасау








3. Тапсырма. Тест
1. Қазақтардың киіз басу үшін шикізат ретінде пайдаланған өнімі.
А) Түйе жүні Ә) Қой терісі Б) Сиыр терісі В) Қой жүні Г) Жылқы жүні

2. Қазақтардың төбесі шошақ үйі қалай аталады?


А) Баспана Ә) Киіз үй Б) Жертөле В) Лашық Г) Қалмақы үй

3. ХVІІІ ғасырдағы көшпелілердің кілем тоқу ісі жайлы жазған ғалым.


А) А. Гейнс Ә) А. Левшин Б) Ш. Уәлиханов В) М. Әуезов Г) Б. Куфтин

4. Ер-тұрман әбзелдеріне не жатпайды?


А) Қамшы, жүген Ә) Таралғы, қамшы Б) Құйысқан, тартпа
В) Белдік, торсық Г) Өмілдірік, тоқым

5. «Көшпелі адам малмен ішіп-жеп, киінеді, ол үшін мал өз тыныштығынан да бағалы. Қырғыздардағы амандасу да: «Мал-жан аман ба?» – деген сөзден басталады», – деп жазған ғалым.


А) В. Радлов Ә) Ш. Уәлиханов Б) Ы. Алтынсарин В) Н. Коншин Г) Ә. Марғұлан

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет