Тақырыбы : Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері


Қазақ және түрік мәдениетінің архетиптері



бет3/4
Дата02.03.2022
өлшемі24,09 Kb.
#133877
1   2   3   4
Байланысты:
Мәдениеттану осөж Аралбаева Альфия
Ашық сабақ, Жиындарға қолданатын амалдар қасиеттері, 1553943219, Силлабус БАН 22-23 каз, Елдес Омаров Терминология, 10
Қазақ және түрік мәдениетінің архетиптері

Қазақ мәдениетінің архетипіне көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша орта ғасырларда қалыптасқан еуразиялық мәдени кеңістікті қамтыған түріктік халықтар мен тайпалардың негізінен көшпенді мәдениеті жатады. Енді осы архетиптік уақыт ерекшеліктерін сипаттауға көшейік. Жоғарыда атап көрсетілгендей, архетиптік уақыт мифологиялық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Архетиптік уақыт жазусыз мәдениеттен алғашқы жазу-сызу мәдениетінің қалыптасуымен байланысты болған. Оның табиғи кванттары жадылық бітімнен код-текстерге көбірек негізделген. «Пұттар мен киелі жерлер ғана арқау болар ауызша текстің, — дейді Ю. Лотман, — белгілі бір орын мен белгілі бір уақытқа бағышталуы (киелі пұттың қызметі мәдениет аясы тұрғысынан салттық жағынан да, календарлық жағынан да соның ғана уақыты болатын, әрі жергілікті аңыздардың мәйетіне айналатын белгілі бір уақытта ғана «жанданады») жазба және жазусыз мәдениеттердің жергілікті ландшафта мүлдем әр қилы күй кешулерінен байқалады. Жазба мәдениет Құдай немесе Табиғат жасаған дүниені текст ретінде қарастыруға, әрі ондағы мәліметті оқуға тырысушылыққа бейім».

Мәдениет өз негізінде күрделі құндылықтар жүйесінен тұрады. Ендеше, мәдениеттің кез келген элементі мен адамға қатысты дүние құндылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Демек, біздің мәдениет аясындағы құндылықтарды түсіндірудегі ортақ ұғымымыз «мән-мағына» болып табылады екен. Құндылық пен мән-мағына – адамның әлеуметтік-мәдени үлгідегі екі мәні. Олай болса, мәдениеттің құндылықтық-мағыналық өзегін жүзеге асыратын тіл, не болмаса нышандар мен таңбалар жүйесі, талдауымыздың негізгі өзегі болып отырған рәміз мәселесіне алып келеді . Мәдениет – құндылықтар мен мән-мағыналар әлемі. Ал, рәміздік үрдіс адамзат мәдениетінің мәнін, оның табиғи болмысы мен дамуының көкжиегін анықтайды. Рәміздер адамзаттың рухани жасампаздығы мен шығармашылығының барлық деңгейінен өтеді . Мәдениеттің феноменологиялық категорияларын талдауда теориялық егжей-тегжейлі қарастырылатын мәселенің бірі рәміз екені белгілі. Ең алдымен, рәміз дегеніміздің өзі не және оның мәні неде десек, философиялық зерттеу үрдісінде рәміз барлық құбылысты түгел қамтитын жинақтауыш ұғым ретінде сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, рәмізді табиғи болмыстың бейнесі және оның мәденимағыналық көрінісі деп толығымен айта аламыз. Жильберт Дюранд «рәміздер формалық жағымен зерделенбеуі керек, олар ойлау категориялары болғандықтан, көріністің өмірлік мағыналық күші болуы қажет» – деп сараптайды. Рәміздер әлеуметтік өмірде ақпараттық хабар беріп, бағытын көрсетуде адамзаттың сан ғасырлық мәдени-тарихи және рухани мұраларын, құндылықтарын бейнелеп, өз бойына мәдениет дәстүрін сақтайды. Рәміз ұғымының мәнін ашып көрсету мәдениет философиясының еншісіндегі өзекті міндеттердің бірі деп айтуға болады. Осы тұрғыда батыс ғалымы Энтони Смит тарихи жады, ұлттық аңыздар, рухани құндылықтар мен ұлттық рәміздер ұлттық бірегейліктің бітей қайнасқан бөліктері ретінде анықтайды. Поль Рикер рәміздің екі жақтылығын сипаттап біржағын архаикалық бейнелермен, екінші жағынан мүмкіндік категориясымен ұштастырады. Адамзат санасындағы түрлі бағыттағы анықтаманы Рикер эсхатология арқылы түсіндіреді. Ол «рәміз шындыққа мәнмағына беретін құндылық элементі»,– деп тұжырымдайды. «Рәміздің орны тілдің күрделі ұйымдасқан таңбалар мен мән-мағыналар құратын жерінде» – деп жазады Рикер Түркілік дүниетанымға берік дәстүршілдік пен мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, ғұрыпқа айналған рәміздік сипат тән екенін қуаттай келе, бұл екеуінің − ғұмыр-тіршілікте адамшылықпен өмір сүру асқақ мұратына негізделген түркілік дүниетанымның басты этикалық бағыт-бағдарын анықтайтынын атап көрсетуімізге болады. Ғалымдарымыз дәстүрлі түркілік мәдениеттің рәміздік жүйесінің басты рәміздік ұғымдары ретінде келесілерді атайды, олар: «дүние суреттемелеріне қатысты көшпелі рәміздерге «үштік әлем» (аспан, жер-су, жер асты), «әлемдік ағаш», «ата жұрт», «аспан таулары», «соңғы теңіз», «киелі oт», «тамыр», «аспан шырақтары», «жеті қат жер», «жеті қат көк», «алты тарап кеңістік», «жеті тарап кеңістік», «сегіз тарап кеңістік», «мүшел», «уақыт ырғақтары», «жыл қайтару» және т.б. жатады». Осы рәміздер арқылы біз түркілердің табиғатты, жаратылысты, тіршілік заңдылықтарын терең танып білгенін аңғарамыз. Байырғы жазба ескерткіштердің мәнін аша түсетін сипаттарды атағанда біз олардың түркі өркениетінің белгілері екенін аңғарамыз. Бұл рәміздік концептілер түркі дүниетанымының рәміздік ғаламынан мол ақпарат береді, түркі өркениетінің рухани төл қазынасымен табыстырады. Жоғарыда аталғандардан тіршілік ерекшеліктері мен табиғат құпияларына, аттары айтып тұрғандай әлем қозғалысы мен дамуына байланысты рәміздік түсініктерді жиі кездестіремізБір сөзбен айтқанда қоршаған ортаға, халықтың өзіне тән өмір салтына байланысты рәміздердің қалыптасқанын байқаймыз. Рәміздердің сан алуан ілкі негіздері мен кескіндері мифтік дәуірлерде өмірге келді. «Мифтік заман, мифтік таным мифологиялық ойлау жүйесін қалыптастырды. Мифологиялық ойлау, көркемдік таным аясында белгілі бір танымдық ұғымдар, белгілер мен нышандар, тотемдер мен есім сөздер, заттар, тұтас ұғымдар, көркемдік рәміздер пайда болып, санада қалып қойды. Сөйтіп, біртіндеп мифтік кезең оқшауланып шықты. Мифтік категориялар сарапталды. Өркениетті үрдістің бір байламы осында жатыр. Антикалық дүние табиғатымен ұштасатын жаратылысы дара түркі мифологиясы және оның кейінгі ұлттық мәдениетімізде түрленуі ұлттық танымымыздың өзіндік ерекшелігін даралай түседі», – деп көрсетілген көзқарастар да осының айғағы. Архетиптілік, образдылық, ауқымды да кешенді мән-мазмұн, әмбебаптылық, ұлттық мәдени ерекшелік – рәміздердің басты табиғи көрінісі болып сипатталады. Көптеген зерттеушілер рәміздердің көпмағыналылығын, сан алуан мазмұннан тұратындығын тілге тиек етеді. Алайда біздің пікіріміз бойынша, рәміздің көпмағыналылығы – қандай да бір халықтың немесе белгілі бір мәдениет шеңберінде зерттеушінің ізденімпаздығының нәтижесі болып табылады. Демек, кез келген рәмізге белгілі бір мәдениетте қабылданған және қолданылатын мағына тән, ал оның екінші мағынасы тек арнайы бір кең мәтінінде ғана өзіндік мазмұнға ие болады. Өзге нәрселерді сипаттай отырып, рәміз басқа құбылыстарды меңзейді. Мұндай кең мәтінінде ол сакралдылықты бейнелейді. Сакралды рәміздердің түпнегізінде діннің тұрғандығы дау тудырмас қағида болып тұр. Негізгі діни рәміз, архаикалық немесе қазіргі кездегі образ, ымишара, құрбан болған объект немесе қасиетті салт-жоралар адамзат өмірінде бүгінгі таңға дейін өз маңыздылығын жойған жоқ. Мұндай рәмізге адамзаттың санғасырлық тәжірибесі шоғырланғандығы еске түседі. Бұл жерде біз мыңдаған жылдық тарихы бар, дүниеге деген көзқарасы мен өмір сүру салты бейнеленген жазба ескерткіштерді айтуымызға болады. Олай болса, түркілік дүниетанымның рәміздік сипатын айшықтамай, түркілік болмыстың ерекшелігін түсіну мүмкін емес екені анық. Зерттеуді тұжырымдауда құрылымдық-функционалдық, компаративистік, тарихи-философиялық және тарихи-мәдени реконструкциялау тәсілдері қолданылды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет