Тақырыбы : Кеңестік білім беру жүйесін құру Орындаған : Бақдәулет Қарақат Қабылдаған : Мырзабеков. М. С


Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы



бет2/3
Дата15.11.2022
өлшемі182,35 Kb.
#158314
1   2   3
Байланысты:
Документ (5)
Бағдарлама 9-сынып 7.9(ХХ ғ. 20-30 жылдардағы мәдениет), 119613
Кеңес үкіметінің алғашқы онжылдығындағы жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуы. Жаңа кеңестік билік бүкіл білім жүйесін қайта құруды талап етті. 1918 жылы Қазақстан аумағының едәуір бөлігін қамтитын РКФСР-да қабылданған «Бірыңғай еңбек мектебі туралы» ережесіне сәйкес бұрынғы бастауыш училищелер, гимназиялар, реалдық училищелер және басқа да оқу орындарының орнына 2 сатылы бірыңғай еңбек мектептері құрылды. Оның бірінші сатысында – 8-ден 13 жасқа дейінгі, ал екінші сатысында – 13-тен 17 жасқа дейінгі балалар оқиды деп бекітілді. 1918 жылғы қазандағы «Шағын ұлттар мектебі туралы» қаулыға сәйкес, барлық ұлттар, соның ішінде қазақтар өздерінің ана тілінде оқуды ұйымдастыра алады деп жарияланды.
1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті (1914–1915 оқу жылында – 2011). Мектептердегі білім беру деңгейі әлі де нашар еді. Балалар мен мұғалімдерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары тапшы болды. Әсіресе қазақ мектептерінде оқулықтар жетіспеді. Сондықтан да Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары сауатты деген ел азаматтарын қазақ мектептері үшін оқулықтар жазуға шақырды. Балалар үйіндегі материалдық-техникалық жағдай сын көтермейтін, онда тіпті ауыстыратын киімдер мен төсек-орындар жетіспейтін. Ауылдық елді мекендер уезд және губерния орталықтарынан шалғайда орналасты. Қазақ мектептерінде әліппе оқулықтарының өзі де жетіспеді. Жоғары білімі бар білікті педагогтер өте аз еді. Мысалы, 1924 жылы Ақмола уезінде жоғары білімі бар бірде-бір қазақ болған жоқ.
Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс, халыққа білім беру саласын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Ермековтер болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейхан, Қазақстан тарихын профессор Санжар Асфендиаров құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулық жарық көрді
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы арнаулы орта және жоғары білім. Большевиктер билікке келгеннен кейін республикада жоғары оқу орындары мен техникумдар ашыла бастады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы жылдары жоғары білімі бар білікті кадрлар жетіспеді. С. Сейфуллин алғашқылардың бірі болып педагогикалық оқу орындарын дамытуға, студенттердің тұрмыс жағдайына ұдайы назар аударып отырды. Оның тікелей қатысуымен ҚазАКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1140 мемлекеттік стипендияны қазақ жастары үшін белгіледі. Республика Халық Комиссарлары Кеңесі қазақ мектептері үшін мұғалімдер даярлайтын Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны Орынбор қаласындағы Халыққа білім беру институтын қамқорлыққа алу жөнінде қаулы қабылдады. Қазақстан үкіметі шешімімен ана тілінде оқулықтар шығару үшін 25 мың сом бөлінді.
1928 жылы Қазақстанда алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогикалық институты ашылды. Кейін оған ұлы Абай есімі берілді.
Кейіннен басқа да жоғары оқу орындары ашылды: Алматы малдәрігерлік институты (1929), Қазақ ауылшаруашылық институты (1930), Алматы медицина институты (1931), Орал педагогикалық институты (1932). 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1941 жылы республикада 20 жоғары оқу орны және 118 кәсіптік арнаулы оқу орындарында 40 мыңға жуық студент оқыды.
Республиканың жоғары оқу орындарында жергілікті халық арасынан шыққан профессор-оқытушы кадрлар жетіспеді, көптеген институттарда қазақ студенттерінің саны аз еді. Негізгі себептерінің бірі – жаппай сипат алған аштық пен саяси қуғын-сүргін салдары болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет