Тақырыбы: Абай мен шәкәрімнің ақиқат танымдық алгебрасы


Бір нәрседен үш сипат қылдым қайла



бет4/4
Дата03.06.2020
өлшемі25,44 Kb.
#72237
1   2   3   4
Байланысты:
сабақ жоспар Айдана апай
Сабақ жоспары
Бір нәрседен үш сипат қылдым қайла,

Бұл жұмбақты шешерлік адам қайда.

Бір сипатын ортадан кесіп алсам,

Орнында тағы болар екеу пайда.

Біреу деп кесіп алып тастағаным,

Үшеу болып жатады басқа жайда. (Шәкәрім шығармалары. 277 бет)

Шешуі:


Бір қағазды қи дағы үшбұрыштап,

Бір бұрышын ортасынан кес дұрыстап.

Қалған қағаз болады төртбұрышты,

Үшбұрышты қиығын тұрсаң ұстап.



Сызбалық түсіндірмесі:

АВС үшбұрышыноның АС және ВС қабырғаларының бойында жатқан Е және Д екі нүкте арқылы өтетін ЕД түзуімен қияр болсақ, соның нәтижесінде екі түрлі пішіндеме шығады.

АВЕД төртбұрышы және СЕД үшбұрышы

В

Е


С

А Д


Және де Шәкәрімнің бұл жұмбағын геометрияда дәлелденетін үшбұрыштың ешбір төбесі арқылы өтпейтін түзу туралы теореманың түсіндірмесі ретінде пайдалануға болады.

Теорема: Егер үшбұрыштың ешбір төбесі арқылы өтпейтін түзу оның бір қабырғасын қиса, онда ол түзу қалған екі қабырғасының тек біреуін ғана қияды.

Мүғ: Абай мектебінің маңдай алды шәкірті Шәкәрім Пифагор оқуының мәні мен мағынасын жақсы білген.


Зерттеп мені соншама.

Арнады бір теорема

Өз теоремасын ашқанда,

100 өгіз сойып той жасап

Бар байлығын шашқанды.

Көп жылдар сол теорема

100 өгіз болып аталған.

Сол есімдер бұл күнде

Шарлап кетті жер – көкті.

Шешуі: Пифагор теоремасы. Тік бұрышты үшбұрыш.

Келсе егер сөз кезегі

Таныстыруды бастайын.

Атапты елім еркелетіп,

Тік бұрышты үшбұрыш деп.

Зерттеп мені соншама

Арнады Пифагор теорема.

Менің екі қабырғам,

Тік бұрыш жасап қиылысқан.

Катет деп оларды атаған.

Қарсы қарап тік бұрышқа

Жатыр үшінші қабырғам

Гипотенуза деп оған айдар тақты тағы атам

Бар менің жақын туысым

Атақты «Египеттік үшбұрышым!»

«Египеттік үшбұрышым!»

Ежелгі Вавилон мен Мысыр елінде бұл теореманы жер өлшеу жұмыстарына пайдаланған.



Мысалы: Жіпті бірдей 12 бөлікке түйіндермен бөліп, жіптің ұштарын байлаған.Содан кейін қабырғалары 3,4,және 5 бөлікке тең үшбұрыш құрастырған. Сонда үшбұрыштың 5 бөліктен тұратын қабырғасына қарсы жататын бұрыш тік болады.Сондықтан осы үшбұрышты Египер үшбұрышы деп атап кеткен. Бізге жеткен аңыздарға қарағанда Пифагор осы теореманың құрметіне құрбандыққа 100 өгіз шалған деседі.

Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет