Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – кемеңгер қоғам қайраткері Мақсаты


Қозы: «Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң, Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң» Қасқыр



бет4/13
Дата08.12.2023
өлшемі109,95 Kb.
#195578
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ахмет байтұрсынұлы
10, З 9сем
Қозы:
«Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,
Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»
Қасқыр:
«Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ
Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.
Алыпсың жаман әдет қарсыласып,
Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.
Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,
Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».
Автор:
«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,
Құтылар бiлгенменен онан нағып
Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-
Жөнелдi иығына салып алып.
Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,
Белгiлi етер iсi алып барып.
Осындай жазықсызды жазғыратын
Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.
Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөрiден артық деймiз оның несi».
2-оқушы: Асима
-Қазағым , елім,
Қайқайып белің
Сынуға тұр таянып
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып» деп халқын келешекке бастаған ақынды ашындырған-патша заманының зұлым саясаты, зорлық-зомбылығы,қорлығы еді.
Мұғалім: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
оқушы: Жанель
Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет