Тақырыбы: ахмет байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл «Ахмет Байтұрсынұлы адамдық пен білім диқаншысы»



бет6/7
Дата11.12.2022
өлшемі46,59 Kb.
#162349
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынов
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар, kzh kezenderi, kzh kezenderi, Полинезия биогеографиялық облыс Гавай аралдары облыстың тармақтар, Биоценоз Мұхит 5 апта, АКТ4, chek list pediatria, Практическое занятие 11-1601635442769, Практическое занятие 11-1601635442769, Практическое занятие 11-1601635442769, 3.2, Ажпк311 Алтынбекова ЖИ #9 практика , 1. Анафилактикалы шок кезінде пациентті андай алып а жат ызу , TapScanner 20-06-2021-16.12(2)
Жүргізуші: Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.
...Адам өмірінде болатын аумалы-төкпелі уақыт қайғысымен де, қуанышымен де ерекше айқындалатын болса керек. Ахмет Байтұрсынұлы тағдыр толқындарынан, қайғы-қасірет сілкіністерден, тар жол тайғақ кешулерден өткен еді...
Анама хат
Қарағым, айналайын, қамқор анам
Арнап хат жазайын деп алдым қалам.
Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,
Көруге жазғай едi хақ тағалам
Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,
Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.
Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,
Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң
«Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,
Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.
Оқ тиiп он ішiмде ой түсiрiп,
Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.
Алданып тамағыма, оны ұмытсам,
Болғандай жегенiмнiң бәрi харам.
Адамнан туып, адам iсiн етпей,
Ұялмай не бетiммен көрге барам
Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн
Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.
Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»
Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,
Сот үрдісінен көрініс
ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!
( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)
Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...
Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.
( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайта шығады)
Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары-көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,
Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет