Тақырыбы: Арнайы педагогиканың жалпы негіздері Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері Арнайы педагогика



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі30,11 Kb.
#83139
1   2   3   4   5
Байланысты:
Артпедагогика 1

Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақтарында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.
Түзету –педагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық әдістермен бірге қолданған жағадайда жоғарлайды
Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады.
Практикалық және лабораториялық жұмыстарды оқушылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.
Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілу тәсілдерін өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті түрде мұғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет.
Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың түрлері: еңбек және әлеуметік –тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарында жиі қолданады. Практикалық әрекетінде мұғалім оқушылардың біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды.(мұғалім көмегін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек оқушылардың ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет