Тақырыбы: «Ашық хат кеше және бүгін» Бағыты



бет1/3
Дата21.10.2023
өлшемі17,96 Kb.
#187315
  1   2   3
Байланысты:
XV-Торайгыровские-чтения.-Жангурова-Айнур-Буркутбаевна-.-КЖГ25-г.-Екибастуз

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің «№25 қазақ қыздар гимназиясы» КММ

6 сынып оқушысы


Қалибек Сәния
Тақырыбы: «Ашық хат - кеше және бүгін»


Бағыты: тарих, өлкетану, этномәдениеттану
Жетекшісі: Рсаева Акжаркен Досмагамбетовна
бастауыш сынып мұғалімі
2021 жыл


Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясының 6 «а» сынып оқушысы Қалибек Сәнияның оқушылар арасындағы ғылыми жобалар сайысына ұсынылған «Ашық хат- кеше және бүгін» атты ғылыми зерттеу жұмысына


ПІКІР

Менің оқушым Қалибек Сәния «Ашық хат- кеше және бүгін» атты тақырыпта зерттеу жұмысын асқан қызығушылықпен жасады. Өйткені бұл тақырып өзекті, шығармашылық тұрғыдан қызық, мол ізденісті талап ететін, тарихқа көз үңілдіретін тақырыптардың бірі. Өз жұмысында оқушым ашық хаттың пайда болу кезеңдерін, даму стратегиясын, мазмұндық құрылымын, әр кездегі ашық хаттардың дизайнын салыстырмалы түрде қарастырып, өзіндік ой-пікірін жазып көрсете білді. Ашық хаттың жіктелуін, оның ішінде түрлері , тақырыптары , сюжеттерін зерттей білген. Бұрыңғы кездің ашық хаттары мен қазіргі кездегі кең тараған ашық хаттардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете білген.


Ғылыми жоба тақырыптың мазмұнын ашуға арналған 3 бөлімнен тұрады. Әр бөлім жүйелі ойдан, құнды ақпараттан құралған. Зерттеу жұмысы оқушының тәжірибе жасау сияқты жұмыс түрлерін жүргізу арқылы орындалған. Оқушы бұл жұмысты орындау барысында көп ізденгені көрініп тұр. Жұмыстың әр бөлімінде өзіндік көзқарас, түйінді ойды көруге болады.
Сыныптастар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізіп, ашық хаттардың сұраныс деңгейлерін жіктеп көрсете білді.
Тәжірибе жасау кезеңінде «Скрапбукинг», «Квиллинг» технологияларын зерттеп, өз қолымен ашық хаттар жасады. Оның ішінде Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, наурыз мерекесіне, туған күн сияқты атаулы мерекелерге ашық хаттар жасады. Жалпы тақырып өзектілігімен қоса тәрбиелік мәні зор тақырыптардың бірі деп ойлаймын. Өйткені ол адам бойында ізгі қасиеттерді дамытып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды көрсете білуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мәселен, ұлттық мерекелерімізге орай жасалған ашық хаттарға ұлттық нақыш, батырлар бейнесін кіріктірсе нұр үстіне нұр дегендей. Жобаның шығармашылық бөлімі жақсы орындалған деп бағалауға болады..
Сәния зерттеу жұмыстарын толық жүргізіп, нәтижесін шығарып, қорытынды жасады. Жұмыстың құрылымы жақсы, мазмұны логикаға сай. Ғылыми жоба талапқа сай жақсы жазылған. Таңдалған тақырып өзекті, практикалық, тәрбиелік мәні зор деп ойлаймын. Сондықтан бұл жобаны барлық сұранымдарға жауап беретін ізденіс әрекетінің жемісі ретінде бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет