Тақырыбы: «Аяулы анашым»



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі59,33 Kb.
#81201
1   2   3   4   5
Байланысты:
Аяулы анашым
алеуметтану презентация, kotlin, соч, кара сөздер
Мың бұралған ақ қайындай
Бишелер шықсын ортаға.
Ал ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қолқала.
Би «Өзбек биі» орындайтын қыздар.

Тақпақтар:
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең Айнур
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын


Ән «Менің анам алтын!»-орындайтын хор.

Жанымызды жайнатқан


Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт Бағашар
Тілейміз біз балалар.

Қуанамыз сыйлаймыз


Қуаныштың мың гүлін Балжан
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Жүзімізге қараңыз


Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар! Б.Көркем

Баланың да тірегі


Дананыңда тілегі Елдос
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

Біз доспыз гүлдермен, Адина


Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

Қандай бала болмайық,


Анамызға балдаймыз, Ермек
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.

Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!
Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады
Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.

Үш қыз.
(татар халық ертегісі)
Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні еңбектеніп, оларды елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.
Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда тұратын Сары тиінді шақырып, өтініш жасайды.
- Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!
Сары тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:
- Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.
- Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.
- Анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр!
Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.
Сиқыршы Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.
- Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.
- Қап! Мен қазір-ақ барар едім. Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.
Ашуланған Сары тиін.
- Саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.
Сиқырлы Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.
- Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.
- Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! Жасаған жақсылығың ұмытылмасын! Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.
Сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет