Тақырыбы: Қазақ данасы Ұлы Абайдың қарасөздері. Орындаған: Үсіпбек Ақнұр



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі99,84 Kb.
#118455
1   2
Байланысты:
Документ 49 (1)
Документ 49 (1)
Абайдың 4 (төртінші) қара сөзі
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.
Абайдың 5 (бесінші) қара сөзі
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады,тілден сөз болып ағады. Қазақтар: "Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!" деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі – "Түстік өмірің болса, күндік мал жи", "Өзіңде жоқ болса, әкең де жат", "Мал – адамның бауыр еті", "Малдының беті – жарық, малсыздың беті – шарық", "Ер азығы мен бөрі азығы жолда", "Ердің малы елде, еріккенде қолда", "Берген перде бұзар", "Алаған қолым – береген", "Мал тапқан ердің жазығы жоқ", "Байдан үмітсіз – құдайдан үмітсіз", "Қарның ашса, қаралы үйге шап", "Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без" деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.

Абайдың 45 қара сөзі бар.45 қара сөзініңде мағнасы тереңде жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет