Тақырыбы: Қазақ фольклорының жанры мен түрлері Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары Орындаған


Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары?



бет4/6
Дата21.10.2022
өлшемі371,72 Kb.
#154221
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
әдебиет 5 апта

Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары?
Ауыз әдебиеті – талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері осы сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.
Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңғиық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбағын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетімен бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең болауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.
Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады.
Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал мәтелдері, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатпен сенген, соларды мадақтаған.
Жанр түрлеріне қысқаша тоқталу
Мифтер. Мифтің басты міндеті – жер бетіндегі нәрселердің, аспан шырақтарының, адамның, жанжануардың пайда болу себептерін түсіндіру. Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – жер бетіндегі тау-тастың, көлдің пайда болу тарихын баяндайтын, сондай-ақ аспан әлемінің құрылысын түсіндіретін және әртүрлі жануар мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін әңгімелейтін шығармалар.
Хикаялар. Алғашқы қауымның мифі үздіксіз пайда болып отыратын тұрмыстық әңгімемен бірігіп, келе-келе, әсіресе рулық қауым шарықтап, феодалдық қоғамға көшкен тұста жаңа бір жанрды, хикаяны қалыптастырады. Хикаяда шындық бір факті болуы мүмкін, бірақ шындықтан гөрі қоспа көп болады, себебі бір оқиға туралы әңгіме, көбінесе жеке адамның өзі туралы әңгімесі ел арасында айтыла-айтыла көптеген өзгеріске ұшырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет