Тақырыбы: Бактериялар мен вирустардың генетикасы



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#86842
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СӨЖ

ПЛАЗМИДАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ F-плазмида (аталық жасушадан аналыққа жыныс қатынасын арттырады, яғни фертильдігін күшейтеді). R-плазмида (антибиотиктерге төзімділік қасиет береді). RTF-плазмида (сыртқы орта факторларының әсеріне төзімділік қасиетіне жауапты). Col-плазмида (микробқа колициногендік қасиет береді). Ent-плазмида( микроб жасушасында эндотоксин өндірілуіне жауап береді). Hly-плазмида (эритроциттерді лизистейтін – гемолиздік қасиет береді). АЛА-плазмида (антилизоцимдік белсенділік факторы).

Бактерия клеткасы 1 – басты днқ 2 - плазмидалар


БАКТЕРИЯ ГЕНОМЫ
ҚОЗҒАЛҒЫШ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
IS – ЭЛЕМЕНТТЕР
ТРАНСПОЗОНДАР

Тіркелген тіркестіктер IS - тіркестер - репликонның бір аймағынан екіншісіне толық немесе репликондар арасында ауысатын ДНҚ аймағы. IS – элементтердің мөлшері ~ 1000 н.п. IS – элементердің ерекше қасиеттері - тіркелген тіркестіктердің ұштарында инвертирленген қайталамалары болады. Бұл инвертирленген қайталамаларды транспозаза ферменті танида. Транспозаза қозғалғыш элементтің екі жағында орналасқан ДНҚ тізбегінің бір тізбекті үзілістерін қамтамасыз етеді. IS – элементтердің нағыз көшірмелері бастапқы орнында қалады, ал оның репликацияланған көшірмесі жаңа аймаққа тіркеледі. Қозғалғыш генетикалық элементтердің тіркелуін репликативті немесе заңсыз рекомбинация деп атайды. Бірақта бактерия хромосомасы мен плазмидаларынан айырмашылығы - қозғалғыш генетикалық элементтер өзінше репликон бола алмайды, себебі олардың репликациясы ДНҚ репликонының репликациясының құрлымдық элементі, олар соның құрамында болады. IS – элементтердің бірнеше түрлері бар, олар мөлшерімен, типімен, инвертирленуінің қайталануларына байланысты бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет