Тақырыбы: «Бауырлар додсы» Барысы: Мұғалімнің сөзі



Дата10.12.2019
өлшемі22,89 Kb.
#53304
Байланысты:
Бауырлар додасы

Тақырыбы: «Бауырлар додсы»

Барысы: 1. Мұғалімнің сөзі

Армысың, ардақты ұстаздарым,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін осы кеш ашылады,

Сіздер үшін балғындар сайысады! Құрметті көрермендер! «Бауырлар додасы» ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі көктемнің бірінші күнімен «Алғыс айту» күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Барлық оқушыларға, мектеп ұжымына алғысымды білдіріп, ашық тәрбие сағатына келгендеріңіз үшін рахмет айтқым келеді!

Мақсаты: Бүгінгі сайысымыздың мақсаты бір отбасының балаларын ұйымшылдыққа, үлкенді құрметтеуге, кішіні сыйлауға, отбасылық құндылықтарды бағалауға, сайыс барысында жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Жарыста озып шығар жүйріктері

Әрқайсысы бақтарынан көрер енді,

Қанеки, өрендерім, сайысқа шық,

Таң қалдыр, біліміңмен көрерменді. -Ортаға сайысқа қатысушы оқушыларымызды ду қол шапалақ ұрып қарсы алайық!


1-жұп: Ақбота мен Алтынбек

2-жұп: Ерсұлтан мен Азамат

3-жұп: Инабат пен Елдана

4-жұп: Ерасыл мен Гүлрайхан

5-жұп: Перизат пен Назерке
Әділ - қазы мүшелерін сайлау

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.

1.

2.


Мұғалімнің сөзі:

-Құрметті қатысушылар көңіл-күйлерің қалай? Ендеше сайысымызды бастамас бұрын қатысушылармен «Иә-жоқ» ойынын ойнап жіберйік.



1-жұпқа сұрақтар:

  1. Алтынбектің сүйікті тағамы?

  2. Ақботаның ең жақсы көретін киносы?

  3. Алтынбек қандай ойындар ойнайды?

  4. Ақботаның жақын құрбылары кім?

  5. Алтынбектің жақсы көретін түсі?

  6. Ақботаның сүйікті әншісі?

2-жұпқа сұрақтар:

  1. Азамат қандай түсті ұнатады?

  2. Ерсұлтан қандай спорт түрлерін жақсы көреді

  3. Азаматтың сүйікті мультфильмдері?

  4. Ерсұлтан бос уақытында немен айналысады?

  5. Азамат болашақта кім болғысы келеді?

  6. Ерсұлтан болашақта кім болғысы келеді?

3-жұпқа сұрақтар:

  1. Елдананы еркелетіп қалай атайды?

  2. Инабат қандай әндерді жиі айтады?

  3. Елданың сүйікті мультфильм кейіпкерлері?

  4. Инабаттың жақсы көретін пәні?

  5. Елданың туған күні қашан?

  6. Инабаттың туған күні қашан?

4-жұптың сұрақтары:

  1. Гүлрайхан неше жаста?

  2. Ерасыл қандай спорт түрін жақсы көреді?

  3. Гүлрайханның жақсы көретін әні?

  4. Ерасыл қандай қалаға баруды армандайды?

  5. Гүлрайханның ең сүйікті тағамы?

  6. Ерасыл болашақта кім болғысы келеді?

5-жұптың сұрақтары

  1. Назеркенің жақын досы кім?

  2. Перизаттың сүйікті актері?

  3. Назеркенің сүйікті пәні?

  4. Перизаттың арманын білесің ба?

  5. Назерке қандай ойындарды жақсы көреді?

  6. Перизат бос уақытында не істейді?

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Сөздің көркі-мақал

  3. Кім жүйрік ойға, сол алда! Сұрақ-жауап

  4. Кел шырқайық!

  5. Кім жылдам? Ойыны


1-кезең: Қазекем мақтанады ұрпағымен,

Көрінсін ұландарым бар қырымен

Танытсын кім екенін мына көпке,

Ата-жөнін, ата-баба жолымен –дей келе оқушыларымыздың таныстыруын тыңдайық.


2-кезең: «Сөздің көркі мақал» . Оқушыларға ноутбукпен суреттер көрсетіледі. Сол суреттермен мақал-мәтелді тауып алу керек.
3-кезең: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, 3 кезеңімізді бастаймыз. Жердегі сандарға балалар жеке шығып, текшені лақтырады, қай санға түседі, солсан бойынша сұрақтар қойылады.

1. Өлең жазатын адам (ақын)

2. Сиырдың төлі (бұзау)

3. Ас атасы не? (нан)

4. Аптаның екінші күні (сейсенбі)

5. Оқушының сабақ кестесі, үй жұмысы және білімін бағалайтын оқу құралы (күнделік)

6. Қазақтың ұлы ақыны (Абай)

7. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышты қалай атаймыз (шаршы)

8. Дүниеде ең тәтті және ең жұмсақ нәрсе? (ең тәтті ананның сүті, ең жұмсақ ананың алақаны)

9. Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар геометриялық фигура (үшбұ рыш)

10. Қазақтың ұлттық аспабы (домбыра)

11. Ж - дан басталса жыл мезгілі

Қ - дан басталса ол құс белгілі (жаз - қаз)

12. Г - ден баста, мен кілең.Ажарымын өмірдің.

К - ден баста, мен енді,Қалдығымын көмірдің.

/гүл, күл/

13.1 желтоқсанда Қазақстанда қандай мереке өткізіледі?(ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні)

14.Ұлттық ақшамыз қалай аталады? (теңге)

15.ҚР-да қай тілді мемлекеттік тіл (қазақ тілі)

16.Қазақстанның астанасы Астана қаласынан бұрын қай қала болды? (Алматы)

17.Еліміздің Астанасы, Астана қай өзеннің бойында? (Есіл)

18.ҚР –ның мемлекеттік рәміздері (Герб, ту, әнұран)

19. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

20. Әттең, даусым, тілім жоқ,


Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
4-кезең: «Кел, шырқайық!» осы кезеңімізде балалар ойнатылып жатқан әнді тауып алу керек.
5-кезең: «Кім жылдам?» бұл кезеңімізде жұптардың жылдамдықтарын және ұқыптылығын сынаймыз. Бір шелектен екінші шелекке кесемен су тасу керек. Балалар суды тез тасып, төгіп алмауға тырысу керек.

Әділ-қазыларға сөз беру. Марапаттау

Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды



қорытындылаймыз! Ал, Біздің жас Отанымызға Тәуелсіздік тұғырында көк туымыз желбіреп, мәртебеміз асқақтай берсін. Қазақстан бұданда үлкен жетістіктерге қол жеткізіп көркейе берсін. Қош, сау болыңдар!

 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет