Тақырыбы: Білім беру жүйесі



Дата15.05.2024
өлшемі123,27 Kb.
#202275
Байланысты:
317715.pptx


Тақырыбы:Білім беру жүйесі
.
  • Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
  • Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
  • И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім , іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
  • Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.

Білім  мазмұны сатылары:
Бірінші саты - бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты - негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды. Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларынаберілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланысты болады.
Жоғары сатыда( 10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушының бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады, мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді
Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады:
білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану,
табиғат,
қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі,
әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі
Нормативтік құжаттар :
Президент жолдаулары;
Білім беру бағдарламасы;
Нормативтік құқықтық құжаттары;
Педагогикалық заңдылықтар мен түсіндірме сөздіктер;
Білім беру стандарты: 
1) Білім беру ұйымдарының ұстанатын міндетті құжаты.
2) Білім берудегі нормативті құжат.
3) Бітірушілерді жалпы білімге дайындаудың міндетті деңгейі және білім берудің мазмұны.
Стандарт туралы ұғым. Стандарт - үлгі, білім мазмұнының негізі. Білім мазмұны стандартта жазылған талаптарға сай жасалады. Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі, оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.
Республикадағы ерекше пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және әдебиеті стандартталады.
Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік тәжірибе қолданылды.
Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Жалпы орта білім жүйесінде негізгі оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан жаңа оқу бағдарламаларына әрбір пән қалыптастыруға тиісті білім, біліктілік, дағдылар енгізілген.
Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет