Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент куpсының мақсаты және міндеттері



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі294,96 Kb.
#124610
1   2   3   4
Байланысты:
ЛЕК Білім беру менеджменті
мәдениеттану 30 вопросов ) (копия), мәдениеттану 30 вопросов ) (копия), ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис, ЛЕК Әлеуметтік педагогтың педагогикалық-психологиялық жұмысын ұйымдастыру дарис, testi-kl-inform, нед 5,6 лекц ССРЯ КРиЛ, жылдық тәрбие жоспары Кобенгалиева Р, 7 сынып 2 зертхана , 2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ
Жүйелі тиімділікті, яғни білім беру мекемесінде менед-
жмент тиімділігінің талдауы уəкілетті органдарымен, жоғары
тұрған ұйымдастарушы құрылымдарымен, сараптамалық
комиссияларымен,аккредитациялық орталықтарымен, сондай-ақ
əріптестер жəне қол астындағылармен жүргізілу мүмкін. Осы мо-
ниторинг білім беру мекемесінің статистикалық материалдарын,
жоспарлы-есептемелік құжаттамасын, басқа құжаттарын (сынып жур-
налдары, педагогикалық жəне əдістемелік кеңестері отырыстарының
хаттамалары жəне т.б.), бұйрықтарын, кадр құжаттамасын жəне
басқаларын талдаудың көмегімен атқарылады. Білім беру менеджерінің
207
қызметін бағалау кезінде сұрақ қою (оның ішінде, сараптамалық),
стандартталған психологиялық тесттер, инжиниринг əдістері сияқты
социологиялық, педагогикалық жəне психологиялық əдістер əлі де
жеткіліксіз қолданылатынын атап кету қажет. Мысалы, білім беру
ұйымдарының мемлекеттік аттестаттауын ұйымдастыру жəне жүргізу
бойынша нұсқаулықта [41] «аттестаттаудан өткізу үшін ақпаратты
жинаудың негізгі əдістері туралы мəліметтер бар, олар:
1) материалдық-техникалық базаны жəне əлеуметтік қамтамасыз
ету нысандарын көзбен көру;
2) білім беру ұйымдары мен олардың бөлімшелерінің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарттарын сақтау жөніндегі құжаттамасын зер-
делеу;
3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау;
4) ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың,
оқушыларды қорытынды аттестаттаудың нəтижелерін талдау;
5) білім алушыларды, оқытушыларды, қызметкерлерді жəне
оқушылар мен тəрбиеленушілердің ата-аналарын, оқушылар мен
жұмыс берушілерді іріктеп сауалнамадан өткізу;
6) оқу сабақтарына қатысу;
7) білім алушылармен, оқытушылармен жəне қызметкерлермен
əңгімелесу;
8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу жəне білім
кесінділерін бақылаудың басқа түрлерін қолдану арқылы бағалау бо-
лып табылады».
ҚР-ның білім беру мекемелерінде заманауи менеджментті енгізудің
маңыздылығын ұғыну ҚР-ның Ұлттық аккредиттеу орталығымен
ЖОО-ның институционалдық жəне мамандандырылған аккредит-
теу стандарттары мен əдістемелерін əзірлеуі басқару үдерістерінің
сапасын бағалаумен қатар, басқару субъектілері қызметінің сапасын
басқаруды көздеген дерегін негіздеді. Мысалы, ЖОО қызметінің өзін-
өзі бағалау жəне бағалау бағыттарының қатарына білім беру үдерісінің
жəне ғылыми-зерттеу жұмысының дəстүрлі талдауымен қатар «Мис-
сиясы, мақсаттары мен міндеттері», «Жоспарлау жəне тиімділік»,
«Басшылық жəне менеджмент» енгізілген. «Профессорлық-оқытушы
құрамы жəне оқыту тиімділігі», «Студенттер» стандарттарында осы
қатысушылардың білім беру үдерісімен басқарудағы рөлімен байланыс-
ты аспектілері қарастырылуда.
Мысалы, «Басшылық жəне менеджмент» стандартын қолдануына
қатысты ЖОО-ның өзін-өзі бағалауын жүргізу бойынша əдістемелік
ұсыныстарда «ЖОО сапасы оның көшбасшысының деңгейін айнымас-
тай етіп көрсетеді, өйткені ол кəсіби штатты қабылдайды, қолдайды
208
жəне оған жетекшілік етеді, қаржы жəне басқа қолдауды жұмылдыру
саясатын əзірлеуге басшылық жасайды, жоғары оқу орнын қоғам ал-
дында таныстырады. Басты атқарушы қызметті орындайтын əкімшілік
штат ЖОО-ның мақсаттары мен міндеттерін анық түсіну керек, нақты
белгіленген міндеттемелермен жақсы ұйымдастырылуға тиіс. Басшы-
ларда тиімді басшылықты жəне ЖОО-ның мақсаттарына, міндеттеріне,
ауқымдары мен күрделіліктеріне сəйкес келетін білікті менеджментті
қамтамасыз ету үшін тиісінше біліктілік болуға тиіс. ЖОО-ның басшы
штаты команда ретінде тиімді жұмыс істеу жəне барлық құрылымдар
мен бөлімшелермен қызметтесу керек. Басшылық пен менеджмент
маңызды жəне олардың маңыздылығы оқытудың үздік деңгейіне жəне
үздік оқуға қаншалықты ықпал ететінімен өлшенеді» делінген [84, 38-
39 б.].
Аттестаттаумен аккредиттеу білім беру мекемесінің қызметіне
қатысты тек бақылау функцияларын атқармайды. Заманауи менед-
жментте бақылау функциясы көбінесе талдау, уəждеу мазмұнында
болады, басшылар мен қызметкерлердің, өздерін ұйым қызметінің
əлсіз жақтарын анықтауға жəне оларды еңсеру, жолдарын іздестіруге,
барлық салаларда əрі қарай жұмысты жетілдіругебағыттайды. Мыса-
лы, ЖОО өзін-өзі бағалауын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта маңызды
диагностикалық үдерістің мəні көрсетілген. Осы мəн «аса күрделі,
қиын болуда жəне жоғары оқу орнында артық күш салуды болдырмау
жəне ұйымның үздіксіз жетілдіруіне барынша үлесті қамтамасыз ету
үшін қабылданған сапа жүйесінің ажырамас бөлігін құрастыруға тиіс.
Тиімді өзін-өзі бағалау ЖОО-ғы стратегиялық басқару, қаржы менедж-
мент, сапа менеджмент жүйесі, білім беру үдерісімен басқару сияқты
салаларда қолданыстағы үдерістерді біріктіреді.
Өзін-өзі бағалау үдерісін жүргізгенде келесі межелерді сақтау ке-
рек:
– жүйелі көзқарас – мұқият жəне жан-жақты жоспарлау;
– объективтілік – ақпараттың сенімді дереккөздерін пайдалану
жəне барынша көп адамдардың қатысуы;
– мақсаттылық жəне қорытындылардың теңгерімділігі – SWOT-
талдауды жүргізу, өз мықты жақтары мен мүмкіндіктерін пайдалану
бойынша əрекеттерді анықтау;
– қатысу – қорытындылардың келісімділігіне жету жəне
ұсыныстарды əзірлеу мақсатымен деректерді жинау жəне нəтижелерді
бағалау бойынша əртүрлі топтарды жұмылдыру» [84, 40 б.].
Қызмет сапасы талдауының осындай тəжірибесі менеджменттің
заманауи тəжірибесінде үлкен рөл атқаратын сапа сыйақыларының
кеңінен таралуының белгілі дəрежеде салдары болып қалыптасты.
209
Сапа сыйақылары сапаны мойындау жəне онымен басқару функцияла-
рын орындап қана қоймай, сонымен бірге диагностика жəне ұйымның
бірінші кезекті басқарушы қызметін жетілдіру фукциясын атқарады.
1951 жылы Жапонияда бекітілген Э. Демингатындағы осы саладағы
алғашқы сыйыақылардың бірі сол кезден бері жыл сайын компанияларға
сапаны жоғарылату ісінде үздік жетістіктері үшін, сондай-ақ сапамен
басқарудың теориясы мен тəжірибесіне маңызды үлес қосқаны үшін
беріледі [123].
1987 жылы АҚШ-та Малколм Болдриджтің ұлттық сапа сыйақысы
бекітілді. Еуропа ұйымдарының өзара пайдалы ынтымақтасуының
қажеттілігі Еуропалық сапа ұйымының жəне Еуропалық комиссияның
қатысуымен 1992 жылы Еуропалық сапамен басқару қоры Еуропалық
сапа сыйақысы (EQA) бекіткеніне əкелді.
EQA аясында сапаны бағалау тоғыз өлшем бойынша олардың
əртүрлі салмақтық мағыналарымен жүргізіледі. Осы өлшемдер екі топ-
қа біріктірілген. Бірінші тобы компанияның мүмкіндіктерін (салмағы
– 50%), екінші тобы – оның бизнес нəтижелерін (салмағы осылай 50%)
көрсетеді. Ұйымның нақты қол жеткізген табыстары (нəтижелері) да,
əлі тек əлеуетті сипаттағы мүмкіндіктері де, бірдей «салмақта» екендігі
есте қаларлық.
Компания мүмкіндіктерінің өлшемдері мыналардан тұрады [24]:
1) басшылық, яғни компанияның TQM-ға жақындауындағы барлық
басшыларының рөлі. Осы өлшем 10%-ғы салмаққа ие.
2) адамдармен басқару, онда, ең бастысы, өз компаниясына деген
қатысы бойынша барлық қызметкерлердің сезімдері бағаланады;
3) саясат пен стратегия;
4) ресурстар – басқару, қаржы, ақпараттық жəне технологиялық
ресурстарды пайдалану жəне сақтау. Осы өлшем салыстырмалы аз
салмаққа ие екендігі сипатты – 9%;
5) үдерістер – оның өніміне құндылық қоса алатын мекеме ішіндегі
қызметпен басқару.
Осы тізімнен көргеніміздей, барлық бағаланатын өлшемдер дəл
компания менеджментімен, сапасын қамтамасыз ететін қызметін
басқарумен байланысты.
Компания қызметінің нəтижелері мыналар арқылы бағаланады:
1) адамдарды қанағаттандыру, яғни бірінші кезекте жағдайлармен
жəне компаниядағы өз жұмысының нəтижелерімен ішкі тұтынушы-
ларды (компания қызметкерлерін) қанағат ету. Осы өлшем ең
маңыздылардың бірі ретінде қарастырылады жəне 18 % «салмақ ар-
тады»;
2) тұтынушыны қанағаттандыру, ол ішкі тұтынушы компанияның
өзін жəне оның өнімін немесе қызметтерін қалай қабылдайтынымен
14–7420
210
бағаланады. Осы өлшем ең маңызды жəне оның салмағы 20%-ға
тең;
3) компанияның адамдар өмірінің сапасын қамтамасыз етуіндегі,
оның жұмыс нəтижелеріне, онымен қоршаған ортаны сақтауына деген
рөліне əртүрлі адамдардың жəне ұйымдардың пікірлерімен білінетін
қоғамға əсер ету;
4) жоспарланған нəтижелерге нақты нəтижелердің сəйкес келу
дəрежесімен бағаланатын іскер нəтижелер (бизнес нəтижелері).
Салмағы – 15%.
Сонымен, Еуропалық сапа сыйақысы (үлгісі) заманауи
менеджменттің басымды идеяларын негізге алады: оның гуманистік
сипаты, үнемі жетілуге көзделгені, өндірушілердің, əріптестер мен
тұтынушылардың өзара пайдалы қарым-қатынастарын құру. Осы
идеялар өз кезегінде əртүрлі салаларда менеджмент тиімділігін
диагностикалауға негіз болады [124].
2001 жылы Қазақстан Республикасында «Сапа саласындағы
жетістіктер үшін» сыйақысы бекітілді. Соңғы жылдары оны жетілдіру
үшін үлкен жұмыс атқарылды. 2009 жылдан бері ҚР-да Қазақстан Рес-
публикасы Президентінің «Алтын Сапа» сыйақысын алуына сапаның
бірыңғай конкурсы өткізіледі. Жаңартылған талаптары халықаралық
сапа стандарттарына жақындатылған жəне жоғарыда қарастырылған
Еуропалық сапа бойынша сыйақының үлгісімен үйлестірілген.
Жаңа үлгіде басшылықтың көшбасшы рөлімен, сапа саласындағы
ұйымның саясаты жəне стратегиясымен, тұтынушылардың өнім жəне
қызметтер сапасымен қананғаттануына байланысты көрсеткіштердің
маңыздылығы күшейтілгені есте қаларлық.
ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйақысын алуына республика-
лық конкурс үш номинацияда жəне екі санатта өтеді [9]. Номинация-
лар мыналардан тұрады:
1. «Өндірістік бағыттағы ең үздік кəсіпорын»;
2. «Тұрғындар үшін тауар шығаратын ең үздік кəсіпорын»;
3. «Қызметтер көрсететін ең үздік кəсіпорын».
Əр номинация бойынша келесі санаттар бойынша екі сыйақы
беріледі:
1. шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектісі;
2. ірі кəсіпкерлік субъектісі.
Конкурс жеңімпаздарына ТМД жəне Еуропаның сапа конкурстары-
на қатысу құқығы ұсынылады.
Осы сыйақының қызмет ету уақытында конкурстарға тек
материалдық өндіріс саласындағы кəсіпорындар ғана емес, білім беру
мекемелері де қатысты.
211
Жоғарыда көрсетілгендей,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет