Тақырыбы: Цифрлық Қазақстан



Дата24.02.2022
өлшемі6,91 Mb.
#133187
түріБағдарламасы
Байланысты:
Цифрлық Қазақстан
балахан-арай(1)

Цифрлық Қазақстан

Орындаған: Ерикбаева Дарига

  • «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.
  • БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ БЕС НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ: 1. «Экономика салаларын цифрландыру» - еңбек өнімділігін арттыруға және капитал дандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты. 2. «Цифрлық мемлекетке көшу» - қажеттіліктерін күні бұрын біліп халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты. 3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» - ішкі контур үшін де, Қазақстан Республика сының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты. 4. «Адами капиталды дамыту» - жаңа жағдайға - білім экономикасына көшуді қамта масыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты. 5. «Инновациялық экожүйені құру» - бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамы ту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді
  • Жаңа цифрлық революция бүгінгі өндіру тәсілдерін, жеткізу тізбектері мен қосылған құнды құру тізбегін өзгертеді. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациялану драйвері бірі болып табылатын Индустрия 4.0 қосымша құндылық физикалық объектілердің, процесстердің, цифрлық технологиялардың бірігуінің есебінен қамтамасыз етілетін өндірісті ұй ымдастыру тұжырымдамасы болып табылады, бұл ретте нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүзеге асырылады, орталықсыздандырылған шешімде қабылданады, сондай-ақ машиналардың өзара және адамдармен іс-қимылы жүреді. Барлық физикалық объектілердің толассыз цифрландырылуы және олардың бірігуі жаппа өндірістен жаппай даралануға көшуге негіз жасайды, өндірістің икемділігі артады, жаңа өнімді игеру уақыты қысқарады, өз кезегінде олар жаңа бизнес-модельдерді іске асыруға және клиенттермен дараланған жұмыс тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай дәрежеде арттырады.
  • Экономикалық әсерге қол жеткізуден және бәсекеге қабілеттілікті өсіруден басқа цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң ықпалын тигізеді – Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі. Бұндай бастамалар қысқа мерзімді келешекте инвестициялардан тікелей қайтарылымды болжамайды, бірақ олар Бағдарламаның ұзақ мерзімді табысты болуына және елдің дамуына (мысалы, білім беруді дамыту) маңызды, сондай-ақ, мемлекет рөлінің квинтэссенциясы (денсаулық сақтауды, электрондық үкіметті, «ақылды қалаларды» дамыту) ретінде қажет. Осындай бастамалардан келетін жиынтық әсер кейінге қалдыру сипаттамасына ие және тек жылдар өте толығымен белгілі болады. 2022 жылға қарай білім берудің, денсаулық сақтаудың және инвестициялық орталардың сапалы дамуынан әсердің басталуы күтілуде. Бұл әсер Бағдарламаны іске асыру аясында елеусіз, бірақ ұзақ мерзімді перспективада әлемнің топ-30 дамыған елдерімен әлеуметтік-экономикалық дамуда алшақтықты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанның БҰҰ АКТ даму индексіндегі 30 алдыңғы қатарлы ел дердің құрамына кіруі Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі болады. Бұдан да кең ауқымда цифрландыру бағдарламасын сәтті енгізу елді алғашқы бей нелері енді білініп келе жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың келесі тегеуріндеріне дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет