Тақырыбы: «Дәрілік заттардың негізгі топтары: жаздырып алу сақтау,тарату,қолдану әдістері. Дәрілік заттарды энтеральді және сырттай қолдану әдістері» Терминдермен жұмыс жасау


Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу



бет10/19
Дата25.12.2021
өлшемі195,56 Kb.
#104969
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
1 тема

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша құлақтағы ауру сезімі және қабыну процессі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  4. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

  6. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

  7. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

  8. Құлақтан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

  9. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

  10. Оң қолға тамызғышты ұстап, дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

  11. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа қарай және жоғарықарай тартып, ал оң қолмен тамызғышты ұстап құлаққа 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

  12. Сыртқы құлақ ішіне тамызғышты немесе флаконның тамызғышыненгізбеңіз.

  13. Науқастың сыртқы құлағына мақта шаригін енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыптаұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

  14. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

  15. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта шаригімен құрғатыңыз.

  16. Қолғапты шешіңіз.

  17. Пайдаланған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

  18. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет