Тақырыбы: Достығымыз жарасқан



Дата14.12.2021
өлшемі24,88 Kb.
#126271
Байланысты:
Достығымыз жарасқан
Экономикалық тәрбие, Мен отбасыммен мақтанамын., 1.-Туберкулезный-плеврит, ЦТО Саят (1)

Тақырыбы: Достығымыз жарасқан

Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзге ұлт өкілдерінің республикамызға келуі жайлы тарихымен таныстыру, мағлұмат беру.

1 жүргізуші: Сәлем бердім халқыма,

2Жүргізуші:Сәлем бердім жалпыға. Сәлемдесу кіреді Ата дәстүр салтына. Құрметті ұстаздар мен оқушылар бастауыш сынып апталығының жабылуына арналған «Достығымыз жарасқан» тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазақ биі: 2 жүргізуші: Кең байтақ жазиралы дархан өлкемде тұрып жатқан, көп ұлтты бауырластар, достар! Мәртебесі көкке жеткен еліміз көптеген жетістікке жетті. Жүзден астам ұлт өкілдері «Отаным - алтын ордам» дейді, өйткені біздің ел - татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Болсын жер мен су ортақ, Болсын біздің ту ортақ.

1 жүргізуші: Бір шаңырақтың астында қазақ, орыс, қырғыз, өзбек, татар, ұйғыр, әзірбайжан, башқұрт, неміс, украин, белорус, кәріс татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатымыз. Көп ғасырлар бойы олар бір - бірінің салт - дәстүрін құрметтеп, жерімізді бөлісіп отыр.

2 жүргізуші: Міне, бүгін де біз өз өнерімізді ортаға салғымыз келіп отыр, біз де бұл мейрамды қуанышпен қарсы аламыз, себебі біз бір шаңырақтың астында тұрамыз, бұл мейрам бәрімізге ортақ.

1 жүргізуші: Қазақта «Отаны бірдің тілегі бір,тілегі бірдің жүрегі бір» деген жақсы сөз бар. Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

1жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй. Ән «Астана» орындайтын 3а сынып оқушысы Асель Саттараліқызы

Бану:Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт, кең жатыр. Бірімен - бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. Қырғыз, қазақ, өзбектер, Моңғол, ұйғыр, дүнгендер, Армян, қазақ, грузин, Орыс пенен украин Терезесі тең жатыр.

Бақыттың әні асқақтап, Құлаққа даусы кеп жатыр.

Асылжан: Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді. Отан дейміз туған жер, атамекен, Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Айдар: Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы

Айтмұхамед: Бағым да, Барым да сен, ұлы Отаным, Арым да, Жаным да сен, ұлы Отаным. Қанымда қасиетің - гүл атамын, Мен сені ата - анамдай ұнатамын. Отаным, оттан ыстық сен екенсің, Анамның құшағындай кең екенсің. Байлығым, мақтанышым, берекемсің, Шаттығы таусылмайтын мерекемсің.

Бақдәулет:

1жүргізуші: Назарларыңызға «Өзбек биі»

1 жүргізуші: Сахнаға әр ұлттың өкілдерін шақырып, өнерін тамашалайық.. Нұрбақыт: Біз қазақпыз, батырмыз, Байтақ ел боп жатырмыз. Біз қазақпыз, арманбыз, Батыр ел боп қалғанбыз. Біз қазақпыз қаһарман Жар салатын жаһаннан. Біз қазақпыз, арыспыз, Ер жүректі барыспыз.

Шынар:Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз, Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп таңымыз

Айсана:Я верю в разум всех народов наших, Кому родным стал домом Казахстан, Что сделают его счастливей, краше,

И верность дружбе сохранят в веках. Нурхан:

Луиза: 1жүргізуші: көрініс «Ынтымақты ел»

2 жүргізуші:Назарларыңызға « Женгем сүйер» күйі орындайтын 3 а сынып оқушысы Айсана Аралқызы.

Тоғжан: Орыс, қазақ туыс боп ағаласып, Қаны, тілі жатыр ғой араласып. Отбасылық бақыты ортақ болсын, Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!

Ұлдана:Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша - бау. Ақерке:Болсын жер мен су да ортақ, Болсын кен де, көл де ортақ. Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Али:Қазақ жері маған да болған мекен, Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?! Досқа - дарқан, дұшпанға сонша қатал, Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.

1жүргізуші: Алдарыңызда ән «Қазакстан» орындайтын Марат Нурасыл

Темірхан: Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер, Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер

Айша: Қазақ жері - достықтың гүлстаны, Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы. Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Дана: Аман боп халқымыз мәңгілік, Жүрейік достықта сән құрып. Бірлік пен ынтымақ нығайса, Атады әрқашан таң күліп..

«Араб» биі.

Нұрасыл:Туған жер, алтын бесігім, Тербеттің мені төсіңде. Киелі сенің есімің Жүреді мәңгі есімде. Туған жер, алтын босағам, Аттандым сенен қияға. Апам мен Отан – қос анам, Қондырған мені ұяма.

Айша Т: Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Нұрай: Отанды Жас, кәріміз де Туған жер деп сүйеміз. Өйткені онда бәріміз де Туып, өмір сүреміз. Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер. Отан - ана, Отан - үлкен Қазақстан - туған ел!

2-жүргізуші: Назарларыңызға :«Жібек жеті су» күйі орындайтын 3 а сынып оқушысы Айсана Аралқызы.

Айда:Жүрегімнен күмбірлеген күй ақты, Арнасынан аққан өзен сияқты. Арынды күй махаббатты шертеді Туған жерге, Отаныма шуақты.

Нұрболат:Мен бүгін жеткіншек баламын, Халқымнан өнеге аламын. Тәуелсіз еліме өлең мен Жыр арнап, сурет те саламын. Қазақстаным, ел болдың тәуелсіз, Шаттанып билеймін әуенсіз. Балалар еңбегі азат күн, Қолдайық, қорғайық біз бен сіз. Данияр: Қазақстан - елім менің, Қазақстан - жерім менің, Саған арнап айтылады Әнім менің..

1жүргізуші: «Индия» биі

Аруна: Біз қазақ елі мал баққан елміз

Мерей: Жаныма ыстық мөлдіреген бұлағым, Адалдықтың тәрізді ол тұрағы. Асқар тауым, жазық далам, орманым, Туған өлкем - жерұйығым, жұмағым. Бала кезден артықсың сен, мекенім, Сені ғана ардақтаумен өтемін. Жылдан жылға арта берсін берекең, Асқақтай бер, жарқын болсын ертеңің!

2 жүргізуші ән «Мектебім» орындайтын Мадина

1 жүргізуші: Біздің ортақ үйіміздің шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс - дәулет кетпегенін қалаймыз. Оған Қазақстанда тұратын барша халықтың өзіндік үлес қосуымен - бір уық болып қадалғанын жақтаймыз. Ашық, көк аспан астында барлық елдер тату - тәтті өмір сүруіміз керек..

2 жүргізуші:

Қазақ елі кең байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. Елімізде 18миллионнан астам адам тұрады Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын! Хор «Атамекен»

1жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! Қорытынды: Мектебіміздің оқу орынбасары Алима Бақытбекқызы Гүлжамал Шаншарбекқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет