Тақырыбы: Еңбек жағдайының гигиеналық бағалау критерийлері мен жіктелуі. СӨЖ


Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы



бет6/12
Дата07.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#89212
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
санитариия Шынар 9 сабак

Кәсіптік зияндылықтар және адам денсаулығы.

  • Жұмысшының денсаулығына қолайсыз әсері еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, кәсіптік аурулар мен уланулардың дамуымен, жәй патологиялардың дамуы және күшеюінің жиіленуімен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен, ұрпақтарының денсаулығының бұзылуымен білінетін факторларды зиянды факторлар деп айтады.
  • Қауіпті факторлар деп, денсаулықтың жедел бұзылуын, тіпті, адамның өлімін де туғызуы мүмкін, зиянды факторларды атайды.
  • Барлық зиянды факторларды, басқаша айтқанда, кәсіптік зияндылықтар деп айтады, ал олардың адам ағзасына тек сол факторлардың әсерімен немесе олардың басым әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруларды - кәсіптік аурулар деп атайды. Бұл кезде кәсіптік аурулардың екі тобын ажыратады.
  • Бірінші топқа, сол ауруларға тән белгілердің дамуындағы басты немесе жетекші рөл тек бір ғана өндірістік факторға тиесілі болатын аурулар жатады. Мұндай кәсіптік ауруларға мысалы, діріл ауруын, силикозды, сынаптық улануды жатқызуға болады. Мысалы, силикоз тек бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаңмен тыныс алғанда, сынаптан улану – тек сынап қосылыстары әсер еткенде ғана дамиды.
  • Екінші топқа әр түрлі факторлардың әсерінен пайда болатын, бірақ, нақты жағдайларда аурудың дамуында өндірістік ортаның белгілі бір факторымен себептік байланысы дәлелденген, аурулар жатады. Мұндай ауруларға мақта шаңымен байланысы болған жұмысшыларда дамыған кәсіптік бронх демікпесін, туберкулезбен ауратын жануарлармен жұмыс істеген мал дәрігерлерінің кәсіптік туберкулезін және де басқаларды жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет