Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе (1 сағат) Мақсаты



бет2/2
Дата13.11.2022
өлшемі19,65 Kb.
#158027
1   2
Байланысты:
10 ә -1
10 3 апта қос
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Дүниежүзінің жеке аймақтары мен елдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен шаруашылықтарындағы ерекшеліктермен аумақтық орналасу артықшылықтарын және даму заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Пәнінің негізгі міндеттері:
Дүниежүзі тұрғысында табиғат жағдайы мен қоғамдық жүйе арасындағы өзара ықпалдастықтың заңдылықтарын байланыстыру;
табиғат ресурстары мен шаруашылықтың аумақтық орналасуындағы теориялық мәселелерді зерттеу; өндіріс пен халықтың орналасуындағы өзара сәйкестіктерді салыстыру; адамзат әлеуетінің өркениетті дамудағы саяси-әлеуметтік және экономикалық-экологиялық негіздерді саралау; ғаламдық экономикалық және экологиялық мәселелер және олардың алдын алу шараларын қарастыру;
Экономикалық және әлеуметтік географиясына кіріспе пәнін оқыту барысында:
Әлемнің және оның жеке аймақтарының саяси картасы мен олардың қалыптасып даму кезеңдерін түсінуге; геосаясат және геоэкономика мәселелері, аймақтар мен елдердің геосаяси, экономикалық және көлік қатынасының географиялық жағдайларын бағдарлауға; дүниежүзінің және оның аймақтарының табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстық әлеуеті, олардың игерілуі деңгейі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері түсінуге;
әлем халықтарының ұдайы өсу ерекшелігі және орналасу заңдылықтарын, жекелеген аймақтар халқының құрамы, мәдениеті мен тұрмыс-салты, сондай-ақ адамзаттың демографиялық мәселелері;
Аймақтар мен елдердің геосаяси жағдайын талдай білуді және экономикалық-географиялық жағдайына шаруашылық тұрғысынан баға беруге;
Қазіргі саяси үрдістер мен әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға баға бере білуге;
Дүние жүзінің жекелеген аумақтарының табиғат жағдайлары мен ресурстарын халықтың шаруашылық іс-әрекетімен байланыстыра талдай білуге;
Түрлі дерек көздерін пайдаланып, кез-келген аймақтар мен елдерге кешенді түрдегі экономикалық-географиялық сипаттама жасауға мүмкіндік алады.
Бұл пән бірнеше тараудан тұрады

  1. Экономикалық және әлеуметтік географиясының әдістемесі және теориясы

  2. Экономикалық және әлеуметтік географиялық зерттеулердің әдістері мен әдістемесі

  3. Экономикалық және әлеуметтік географиясының дамуымен қалыптасуы

  4. Географиялық еңбек бөлінісі жөніндегі ілім

  5. Экономикалық географиялық жағдайы жөніндегі ілім

  6. Аймақтық даму және қоғамдық территориялық ұйымдар теориясы

  7. Экономикалық және әлеуметтік географиясындағы заңдылықтарын зерттеу

  8. Табиғат жағдайымен ресурстарға экономикалық және әлеуметтік географиялық тұрғдан талдау

  9. Тұрғындар географиясы

  10. Қазіргі қоғамның материалдық техникалық қорына экономикалық географиялық тұрғыдан сараптама жасау

  11. Экономикалық географиялық аудандастыру және аймақтық өндірістік кешендермен танысу

  12. Экономикалық географиялық болжаулар мен болжамдар

  13. Экономикалық және әлеуметтік географияның жаңа бағыттары

  14. Экономикалық және әлеуметтік географиядағы саяси географияның орны

  15. Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Зерттеулермен болжамдардың географиялық өзектілігі.

Осы пән негізінде Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы пәнінің ерекшеліктеріне түсінуге болады. Қазіргі дүние аталып жүрген пәнніңде астарлы негізі болып қалмақ.
Тапсырмалар

  1. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы пәнінің мазмұны қандай

  2. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы қандай тарауларды қамтиды

  3. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясы саласында сүбелі еңбек сіңірген қандай ірі отандық және шетелдік ғалымдарды білесіңдер

  4. Қазіргі дүние елдерін мемлекет құрылымы бойынша қандай топтарға бөледі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет